Жаңа сабақтар

Уразалина Маншук Нурбулатовна

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Махамбет ауылы

«Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі Махамбет жалпы орта білім беретін

«мектеп-балабақша» кешені »КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Уразалина Маншук Нурбулатовна

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі:Тірі табиғат

Бөлімше: Жануарлар

Ортақ тақырып: «Менің мектебім»

Күні:16.10.2019

Сынып:1 «А»

Мұғалімнің аты-жөні: Уразалина Маншук

Нурбулатовна

Қатысқандар саны:16

Қатыспағандар саны:16

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың қандай түрлері болады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.2.2. жабайы және үй жануарларын ажырату;

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажыратып, төлдерін атайды.

Kөптеген оқушылар: Жабайы жануарлар мен үй жануарларының тұратын жерлері туралы зерттеу жүргізеді. Kейбір оқушылар:Төрт түліктен басқа тағы қандай жануарларды қолға үйретуге болатындығын әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика және терминология:

Оқушылар: жануарларды түрлеріне қарай ажыратады.

Үш тілділік

Үй жануары — дом.животные-domestic animals

Жабайы жануар — дикие животные- wild animals

Диалогке/ жазуға пайдалы сөз тіркестері:

-Жануарлардың қандай түрлерін білесің?

-Жануар мен адамның арасында қандай өзара байланыс бар?

-Олардың адамға пайдасы бар ма?

Құндылықтарды дарыту Өмір бойы білім алу. Жұмыс кезінде тапсырманы орындағанда өмірде көргендерін елестетеді, еске түсіреді, қажеттілігін айта алады.

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Жұмыс кезінде берілген тапсырманы орындау арқылы жануарлардың маңыздылығын ұғындыру.

Ынтымақтастық. Топтық, жұптық жұмыстар арқылы ынтымақтастыққа,бірлікке шақыру.

Құрмет. Жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру, күтім жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану. Жануарларды қолға үйрету.

Көркем еңбек. Жануарлардың суреттерін қиып жапсырады.

Музыка. Жаттығуды орындау, иілу, қолдарымен билеу қимылдарын жасайды.

АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтадан жануарларды таныстыру.
Бастапқы білім Жануарлар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Өткен материалды пысықтау

«Серпілген сауал» допты оқушыларға беру арқылы сұрақтар қоямын.

1. Бізді қоршаған орта.

2. Табиғат нешеге бөлінеді?

3. Тірі табиғат дегеніміз не? (адам, өсімдік, жануар)

4. Жануарларды неге тірі ағзаға жатқызамыз?

5. Олардың өсімдіктерден айырмашылығы қандай?

Ұйымдастыру бөлімі. Ширату: «Дыбыста да бөлін»

Оқушылар, әр жануар қандай дыбыс шығаратынын дыбыстап, төрт топқа (жабайы және үй жануарлары)

бөлінеді. ( қасқыр, арыстан, аю, сиыр, қой, мысық, ит)

Үй жануарыЖабайы жануар

дом.животные,дикие животные

domestic animalswild animals

«Миға шабуыл» әдісі. Жұмбақтар шешу

1. Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар (түйе)

2. Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

3. Өзі айлакер,өзі бір қу,

Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)

4. Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

— Сендер бұл жануарды білесіңдер ме?

— Басқа қандай жануарларды білесіңдер?

Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім оқушыларды ынталандыру сөздерімен мадақтау. Мысалы: «Тамаша!», «Керемет!», «Жарайсың!» т.б

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашамын.

Бүгін біз жануарлардың түрлерімен танысамыз.

-жабайы жануарлар деп не үшін айтамыз?(Оқушы пікірі )

-үй жануарлары деп не үшін айтамыз? (Оқушы пікірі )

Есте сақта! (Ережені балалар өздері шығарады)

— Табиғатта өз бетінше тіршілік ететін жануарларды жабайы жануарлар деп атайды.

— Адамдар күтіп баптайтын жануарлар үй жануарлары деп аталады.

Видеоролик » Жануарлардың қандай түрлері болады?»

Интербелсенді тақтаның көмегімен үй және жабайы жануарларының суреттерін көрсету.

«Өрлеу» сайт

Сабақтың ортасы

25 мин

Оқулықпен жұмыс

— Суреттегі әр жануар не істеп жатыр?

— Салыстырыңдар.

— Суреттер несімен ұқсайды?

— Ит пен құндыздың іс – әрекеттерінде қандай айырмашылық бар?

— Осы екі суретті жұптастыруға бола ма?

— Неге?

Суреттерді төмендегідей етіп жұптастыруға болады:

— Қоректену: құндыз қорегін өзі табады, итке адам тамағын береді;

— Емделу: құндыз жарақатын жалап жазады, ал итке адам қамқорлық жасайды, мал дәрігеріне апарады;

— Баспана: құндыз өзіне ағаш бұтақтарынан ін жасап алады, ал итке адам үйшік жасайды.

Тапсырма (Топтық)«Сәйкестендіру» әдісі

Суреттер арқылы төлдерді сәйкестендір.

ҚБ Бағалау парағы. «Плюс, минус» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

Жануарлар + —

\Жұппен\ «Ойлан, жұптас, талқыла»әдісі

Жануарлардың суреттерін қиып алып, тиісті бағанға

желімдеңіз .

Жабайы жануарлар Үй жануарлар

Дескриптор

-Жануарлар төлдерін анықтайды.

-Жануарларды төлдерімен сәйкестендіреді.

«Түрлі түсті жапырақ »арқылы бағалау.

— қатесіз

— 1-2 қате

— 3- тен жоғары қате

(ӨЖ) Дәптермен жұмыс. Жануарларды табады

Үй
Жабайы

Саралау қарқыны жоғары оқушыға тапсырма.

Жабайы жануарлар мен үй жануарлары немен қоректенеді? Кестеде суреттері берілген. Оқушылар жануарлардың нені қорек ететіндерін (сәйкестендіру)жазуы тиіс.

Шөп
Тышқан
Сәбіз
Бал
Сүт

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі

— үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

— жабайы жануарларға қандай жануарлар жатады?

— үй жануарлары қайда тіршілік етеді?

— жабайы жануарлары қайда тіршілік етеді?

ҚБ: «Жұлдызша»

— тапсырманы толық орындаған оқушыға

— тапсырманы жартылай орындаған оқушыға

– тапсырманы дұрыс орындамаған оқушыға.

Сергіту сәті:

Саралау тапсырмасы.

А. Жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажыратады .

Семантикалық картамен жұмыс.

Үй жануары Жабайы жануар

Дескриптор:

— жабайы жануарларды анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады;

— үй жануарларын анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады.

В. Үй жануарларының тұратын жерлері туралы зерттеу жүргізеді.

Сәйкестендіру

С. Төрт түліктен басқа тағы қандай жануарларды қолға үйретуге болатындығын әңгімеле.

Бағалау: «Жұлдызша»

— тапсырманы толық орындаған оқушыға.

— тапсырманы жартылай орындаған оқушыға.

– тапсырманы дұрыс орындамаған оқушыға.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

Бағалау критерийі:

-Жануарларды жабайы және үй жануарларына топтайды.

Суреттерге мұқият қара. Әр қатардағы жануарлар тобын ата. Бос орынға сол топқа жататын жануардың суретін сал.

Дескриптор: Білім алушы

— суреттегі жануарлар тобын атайды;

— бірінші қатарға жабайы жануардың суретін салады;

— екінші қатарға үй жануарының суретін салады

ҚБ «Жұлдызша»

Үлкен жұлдызша- тапсырманы толық орындаған оқушыға

Орташа жұлдызша — тапсырманы жартылай орындаған оқушыға

Кіші жұлдызша – тапсырманы дұрыс орындамаған оқушыға.

Рефлексия

«Ақылды үкі» әдісі арқылы бағалау.

Сабақты меңгердім

Сабақта аздап қиналдым

Сабақты түсінбедім

Оқулық

https://doc4web.ru/uploads/

https://avatars.mds.

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмасы

С деңгей. Төрт түліктен басқа тағы қандай жануарларды қолға үйретуге болатындығын әңгімеле.

Қарқыны жоғары оқушыға тапсырма

Саралау қарқыны жоғары оқушыға тапсырма.

Жабайы жануарлар мен үй жануарлары немен қоректенеді? Кестеде суреттері берілген. Оқушылар жануарлардың нені қорек ететіндерін жазуы тиіс.

Қарқыны төмен оқушыларға диалог сұрақтары қойылады.

— үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

— жабайы жануарларға қандай жануарлар жатады?

— үй жануарлары қайда тіршілік етеді?

— жабайы жануарлары қайда тіршілік етеді?

ҚБ. «Жұлдызша», «Плюс,минус», «Түрлі түсті жапырақ», «Ақылды үкі»

«Мұғалімнің қолпаштауы»

«Сен өте ақылдысың!», «Мен сені мақтан етемін!», «Мені қатты қуанттың!», «Бүгін жақсы жауап бердің!», «Тамаша», «Жарайсың!» , «Керемет» т.б

Топ арасында жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сергіту сәттері мен белсенді іс – әрекет түрлері.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Зарина Асетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.