Турдугулова А. Ш.

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Мектеп:

Күні:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тарих беттерінен»

Сынып: 1

Мұғалімнің аты – жөні: Турдугулова А. Ш.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Алтын адам туралы аңыз.
Оқу мақсаты 1.3.1.2. Көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:Қазақстандағы танымал тарихи ескерткіштерді және жәдігерлерді біледі.

Көптеген оқушылар:Тарихи ескерткіштер, жәдігерлер туралы әңгімелейді.

Кейбір оқушылар:Тарихи ескерткіштер мен жәдігерлердің маңызын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері
  • Қазақстандағы танымал тарихи ескерткіштерді, жәдігерлерді атайды.
  • Тарихи ескерткіштер, жәдігерлер туралы әңгімелейді.
Тілдік мақсаттар Аңыз, монета, тарихи ескерткіштер.
Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» атты тармағындағы идеялар Алтын адам тақырыбын оқыту барысында ішінара іске асырылады.
Пәнаралық байланыстар Көркем еңбек: Өз монетаңды ойлап тап.

Тарих: Сен білесің бе? Алтын адам туралы мәлімет.

АКТ қолдану дағдылары Алтын адам туралы бейнебаянды көру арқылы түсініктері қалыптасады. Сергіту сәтін жасағанда іс-қимылдарды қайталайды.
Бастапқы білім Көне жазбалар және жәдігерлер туралы алғашқы білімдері бар.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

7 минут

Психологиялық ахуал

Қазақстан сөзіне акроним құрау.

Топтарға бөлу (монеталар арқылы)

1-топ – Алтын

2-топ – Күміс

3-топ – Қола

Ширату жаттығуы (зейінді шоғырландыру)

(М) Балалар, «алтын» , «күміс», «қола» адам болады дегенге сендер қалай қарайсыңдар?Оқушылар пікірлерін “келісемін. келіспеймін” кестесіне жазады.

келісемін келіспеймін
+ –

«Сен білесің бе?» бейнебаян

(М) Балалар, бүгінгі сабағымыздың мақсаты не туралы?

(оқушылар сабақ мақсатын болжайды).

жалауша

тиынға ұқсас дөңгелектер

https://www.youtube.

com/watch?v=ykW0

C4CCDOA

Сабақтың ортасы

20 минут

(О) Көрініс (сахналық қойылым көрсетіледі)

Ашық сұрақтар қою арқылы ерте заманда ақша ретінде тұзды, мал терісін, малды, ұлу қабыршағын және т.б. қолданғанын болжайды. Оқушылардан саудада бұл заттарды қолдану ыңғайлы болды ма деп сұраймын.

(М)Неліктен ыңғайсыз болды? (Әр топтан қолдауды қажет ететін оқушыдан сұраймын).

Оқушылар заттармен айырбас жасау ыңғайсыз екенін айтады, себебін түсіндіреді. Сол себептен монета пайда болғанын айтып, Алтын адам бейнесі салынған монетаны көрсетемін. Бұл – тарихи жәдігер, тек мұражайдан ғана көреміз. Алтын адам табылған жер – Есік қорғанын көрсету.

Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ) – сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. Қорған Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында орналасқан.

Осы Алтын адам туралы аңыз бар екен. Аңыз деген не? Бұл өмірде болған адамдар туралы әңгіме.

(Т) «Джигсо» тәсілі

«Алтын адам туралы аңыз» мәтінін топтарға бөліп беру. Әр топ өзіне берілген бөлікті оқып мазмұнын әңгімелейді. «Джигсо» тәсілі бойынша топ мүшелері мәтіннің мазмұнын басқа топтарға әңгімелейді.

1-топ: Ертеде сақ тайпасы өмір сүріпті. Халқы күшті әрі бай болған. Тайпа көсемінің ұлы болыпты. Оның ұзын алтын бұрымы болған дейді. Сондықтан оны Алтын Айдар деп атаған екен.

2-топ: Кенеттен елге жау шауыпты. Алтын Айдар туған жерін қорғауға аттаныпты. Ол алтын сауыт-сайман тағынады. Басына алтын дулыға киеді, беліне алтын белдік тағынады. Аяғына алтын өрнекті етік киеді.

3-топ:Ол жауға шапқанда алтын киімі ұшқын шашады. Жауға үрей туғызады. Олар Алтын Айдарды жеңе алмады. Бірақ ол 18 жасында ауырып қайтыс болады. Оны сол үстіндегі алтын киімімен жерлеген екен.

ҚБ: «Бағдаршам» тәсілі арқылы бағалайды. Сергіту сәті: «Алтын адам» биі

(Т) «Өз монетаңды ойлап тап» Дескриптор: – монетаның мазмұны – жұмысты қорғау шеберліктері (Әр топ өз жұмыстарын дескриптор бойынша қорғайды) ҚБ: От шашу арқылы бағалайды.

проектор, экран

постер, маркер

Сабақтың соңы

13 минут

«6 неліктен?» тәсілі (кейбір оқушыларға арналған тапсырма)

Ортаға шыққан оқушы «Ыстық орындыққа» отырады, қойылған сұраққа жауап береді.

  • Неліктен Алтын адам тарихи ескерткішке жатады?
  • Неліктен Алтын адам қазір жоқ?
  • Неліктен монетаны маңызды деп ойлайсың?
  • Неліктен күнделікті өмірде жәдігерлер қолданылмайды?
  • Неліктен Алтын адам туралы аңыз айтылған?
  • Неліктен тарихи ескерткіштер маңызды?

Қазақ даласы тарихи – мәдени ескерткіштерге бай. Алтын адам – Қазақстанның тәуелсіздік символына айналды. Семей қаласында тарихи ескерткіштер көп. Мысалы, 1718 жылы салынған Ямышев қақпасы мен 1856 жылы салынған Қос мұнаралы мешіті атауға болады. Тарихи ескерткіштерді қорғауымыз керек.

«Жұлдызды сәт» ойыны Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою. Әр дұрыс жауап үшін жұлдызша беріледі. Қай топта жұлдызша көп болса, сол топ жеңеді.

(М) Алтын Айдар қандай болып өсті?

(М) Алтын Айдардың сауыт-саймандарын сипатта

(М) Археологтар Алтын адамды қай жерден тапты? т.б.

ҚБ: Мұғалімнің ауызша мадақтауы.

«Келісемін.Келіспеймін» кестесіне қайта оралу

келісемін келіспеймін
+ –

Кері байланыс:

Көзқарастары өзгерген оқушылардың пікірін тыңдау

Жетістік баспалдағы монеталарды түсі бойынша жапсырады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Барлық оқушыларға көрініс, бейнебаян көрсету арқылы тарихи ескерткіштер, жәдігерлер туралы ақпарат алуына қолдау көрсетіледі.

«Джигсо», «Өз монетаңды ойлап тап» тәсілдері арқылы көптеген оқушылардыңтарихи ескерткіштер, жәдігерлер туралы әңгімелеуіне ықпал жасалады.

Кейбір оқушылардан тарихи ескерткіштер мен жәдігерлердің маңызын түсіндіруі күтіледі.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

«Келісемін.Келіспеймін» кестесі

келісемін келіспеймін
+ –

Мұғалімнің ауызша мадақтауы.

Бағдаршам тәсілі

Отшашу тәсілі

Жұлдызша

Жетістік баспалдағы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәтін жасату

арқылы денсаулық-тарын нығайту, дене бітімдерінің сымбатты болып өсуіне көңіл бөлу.

Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше