Карабалиева Конырша Кажгалиевна
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
«Дәстүр және ауыз әдебиеті» 5-бөлім. «Табиғат физикасы» |
БҚО
Бәйтерек ауданы Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Карабалиева Конырша Кажгалиевна |
|
| Күні: 28.02.2019 жыл | ||
| Сынып: 1 «Ә» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Тақырыбы: | Жылыту жабдықтары |
| Оқу мақсаты: | 1.5.4.1 жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: жылытуға арналған құралдарды анықтайды;
Басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсінеді; Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады; |
| Жетістік критерийлері | Оқушылар:
Жылытқыш құралдарға нелердiң жататынын білетін болады; Оқушылар түрлі жылытқыш құралдардың үй-жайды жылыту үшін қажет екенін түсінеді; |
| Тілдік мақсат | Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Жылу- тепло- heat -Қыс мезгілінде үйлерің жылы бола ма? Неліктен? Ол үшін не істеу қажет? -Киіз үйде жылыну үшін не істеуге болады? -Егер біздің үйлерімізде жылытқыш құралдары болмаса, не болар еді? |
| Құндылықты дарыту | (Индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім) Сабақ барысында игерген білімдерін қолдана отырып, топтық жұмыс арқылы жылытқыш құралдарының макетін жасайды, арнай жылытқыш құралдарын қажетті ғимараттарға сәйкестендіреді және іс жүзінде қолданады. Жылытқыш құралдарына көптеген мадельдерімен, оларды үнемді пайдалануды үйренеді. |
| Пәнаралық байланыс | Дүниетану. Оқиғалар мен нысандарды хронологиялық тұрғыдан жүйелеу.
Ертеде аламдар кейіз үйде, үңгірде қалай өмір сүргені, күн суықта қалай жылынғаны туралы бейнефильм көреді. Еңбекке баулу. Жылытқыш құралдың макеттерін құрастырады. (Ермексаздан, түрлі түсті қатырма қағаздан жасайды) Ағылшын тілі, орыс тілі: сөздерді үш тілде айтады. Музыка: ағаштың, газдың, электор куатымен жанатын жылытқыш құралдарға байланысты дыбыстар тыңдату. |
| АКТ қолдану дағдылары | Әртүрлі жылытқыш құралдардың суреттері; А4 форматты парақ; желім;
Түрлі үй-жайлардың: көпқабатты үй, сарай, шағын ағаш үй, қала сыртындағы үй т.б. суреттері (көрсетілім) Интернет-ресурстар: Үй жағдайындағы жылытқыш құралдар туралы бейнефильм. Мысалы, https://www.youtube.com/ watch?v=W6LH2oIo0I; Алғашқы қауым адамдарының үңгірде қалай жылынғаны туралы қысқаша бейнефильм. https:// . |
||||||||||||
| Бастапқы білім | Ертеде адамдар үйді қалай жылытқаны туралы бастапқы білімдерін одан әрі қарай дамытып, адамдар қазіргі кезде жаңа технологиялар көмегімен қажетті ғимараттарды жылыту үшін түрлі жылытқыш құралдар туралы жаңа білім беремін. | ||||||||||||
| Сабақ барысы | |||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | |||||||||||
| Сабақтың басы
6 мин |
Ұйымдастыру кезеңі
*Өткенді қайталау «Иә, жоқ» әдісі *Аспан денелерін, олардың құрылысын, қозғалысын зерттейтін ғалым астрономия деп алады. Иә *Ғарыш- бұл шексіз кеңістік. Иә *Жердің пішіні тәрелкеге ұқсайды. Жоқ (Доп) *Зымыранды ұшыратын орын вокзал деп аталады. Жоқ (Ғарыш айлағы) *Жұлдыздарды бақылауға арналған құрал- телескоп. Иә *Глобус-жердің кішірейтілген моделі. Иә *Глобуста көк түспен су, сары түс пен жасыл түс жапырақты көрсетілген. Жоқ (құрлық) *Уақытты анықтауға арналған құрал- таразы. Жоқ (Сағат) *Кері байланыс: «Бас бармақ» *Ширату «Қар лақтыру» ойыны Балаларды ортаға шығарамын. Қолдарына қағаздан жасаған қар кесектерін таратамын. Өзім бағдар беріп айтып тұрамын. -Қазір қай мезгіл? -Қыс мезгілін сипаттап беріңдерші? (суық, ақ, аяз, қарлы, боран, қатты жел, т.б.) -Қолдарыңда қар қандай? (салқын) -Қолдың тонды ма? -Қолымызды жылыту үшін не қажет деп ойлайсыңдар? (Әртүрлі жауап болуы мүмкін. Қолғап, қолымызды қалтамыз салу, үйге кітіп жылытқыш батареяның қасына қолымызды жылыту, т.с.с.) Жылытқыш құралын тоққа қосып,жылылықты сезінеді . –Балалар, сіздер қандай әрекет жасадыңыздар? (Әр оқушы өз ойын айтады.) *Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. |
Қағазға мұз оралған қар кесектері. | |||||||||||
| Сабақтың ортасы
28 мин |
*Оқулықпен жұмыс
Саяхатта. Суретке қарап, сипаттау. — Кім қысқы орманда болып көрді? — Қысқы орманның ерекшелігі неде? — Онда нені көруге болады? — Негеш пен Эврика неге тоңып қалды? — Олар жылыну үшін не істеді? (От жақты.) — Балаларға от жағуға кім көмектесті? Алғашқы қауым адамдарының үңгірде қалай жылынғаны туралы қысқаша бейнефильм. Ежелгі адамдар жылыну және суықтан қорғану үшін ашық отты пайдаланған. От, алау алғашқы жылытқыш құрал болып есептеледі. Алды ашық пеш (камин) (грек тілінен kaminos — ошақ) Ежелгі Римде пайдаланыла бастаған. Ол ашық оттығы және одан төбеге кететін мұржасы бар пеш сияқты болған. XV ғасырда түтін шығатын мұржасы бар пештер пайда болып, қолданылған. XVIII ғасырға дейін олар сазбалшықтан және кірпіштен жасалған. Ұзақ жылдар бойы пеш үйдің жылуы мен жайлылығының бір бөлігі болып келген. Сен білесің бе? -Киіз үй дегеніміз не? Проблемалық сұрақтар: — Киіз үйде батарея орнатуға бола ма? — Киіз үйде жылыну үшін не істеуге болады? Киіз үйде жылыну үшін тастан немесе кірпіштен жасалған, темір мұржасы бар пешті, темір пешті, ошақты пайдалануға болатынын айтып беріңіз. Пештер киіз үйдің ортасына орналастырылады. Үйдегі жылу. — Негеш пен Эврика үйде не істеп жатыр? (Қолдарын жылытып тұр.) — Олар жылыну үшін нені пайдаланды? (Үй жылытатын құралды.) – Қыс мезгілінде үйлерің жылы бола ма? Неге? Ол үшін не істейді? (Оқушылардың көбі батарея ыстық болып, оның жылуы бөлмеге таралады деп жауап беруі мүмкін.) Көпқабатты үйлерде радиаторлар мен батареялар сияқты жылытқыш құралдарды пайдаланады деп түсіндіремін. Ал кейбір үйлерде, ескі сарайларда адамдар пеш жағып, ошақты пайдаланады. Техниканың дамуымен адамдардың өмірін ыңғайлы да жайлы ететін түрлі жылытқыш құралдар пайда болды. Жылытқыш құралдар — ол жылу тасымалдағыштан қоршаған ортаға жылу беретін құрылғы. Соңғы жылдары олардың көптеген түрлері мен модельдері пайда болды. Мысалы, радиаторлар мен батареялар. Оларды пайдалану үнемді. Газ, электр, сұйық немесе қатты отын арқылы жұмыс істейді. Соңғы жылдардағы ең белгілі жылытқыш құралға конвектор жатады. Оған төмен жағынан суық ауа келеді де, арнайы қондырғының көмегімен қызады, содан кейін жоғары көтеріледі. -Егер біздің үйлерімізде жылытқыш құралдар болмаса, не болар еді? ( Оқушылардың жауаптарын тыңдаймын.) Есте сақа! Жылытқыш құралдар деп жылу беретін және тарататын, үйді жылытатын әрі жайлы ететін құралдарды атайды. Әртүрлі құралдар. Оқушыларға суреттерге қарауды тапсырылады. Суретте бейнеленген әр құралды не үшін пайдаланатынын жұп болып талдайды. -Суреттерді қандай екі топқа бөлуге балады? -Үйді үтіктің, шәугімнің көмегімен жылыта ала ма? (Қызатын және жанатын жылытқыш құралдар. Ал үтіктің, шәугімнің көмегімен үйді жылытуға пайдаланбайды.)
Кері байланыс: Екі оқушы бірін-бірі басбармақ арқылы бағалайды. Сергіту сәті Суық,суық жел соқты, Не істейік біз балалар? Секірейік,жылынайық.\орындарында жүгіреді\. Ысқылап біз алақан\алақандарын ысқылайды\, Жүгірейік жалаулатып\қолдарын желбіретеді\. Кел,ағашты жарайық, Пешке апарып салайық. Отты жағып лаулатып, Тез жылынып алайық *Дәптермен жұмыс 1-тапсырма. Жылытқыш құралдардың қасына белгі қой. 2-тапсырма. -Суретші нені шатастырды? Оқушыларға суретке мұқият қарауды тапсырыңыз. Оқушылар тұрмыстық құралдардың орнын анықтап, сызық арқылы өз орындарымен қосады. Жауабы:Аспашам терезенің астында емес, төбеде.Үтік плитада емес, киім үтіктейтін тақтайдың үстінде. Жылытқыш радиатор киім үтіктейтін тақтайдың үстінде емес, терезенің астында.Шәугім үстелде емес, плитада. Кері байланыс: әр оқушы өзін-өзі бағдаршамның түстері арқылы бағалайды. *Шығармашылық жұмыс (Т) Балалар қазір топта барлығымыз жылытқыш құралдарға байланысты тапсырмалар орындаймыз. І топ: Дайын үйдің макеті жасалған бөлмелерге жылытқыш құралдарын тиісті жерге орналастыру. Дескрипторы: -Дайын үйдің макеті жасалған бөлмелерге жылытқыш құралдарын тиісті жерге орналастырады; ІІ топ: Дайын ермексаздан жасалған бөліктерді құрастырып, жылытқыш құралды жасап шығасыңыз. Дескрипторы: -Дайын ермексаздан жасалған бөліктерді құрастырып, жылытқыш құрал жасап шығарады; ІІІ топ: Дайын кеспе суреттерді пайдаланып, қажетті ғимараттардың суретінің қасына арнайы жылытқыш құралдардың суретін жабыстыру. Дескрипторы: – Дайын кеспе суреттерді пайдаланып, қажетті ғимараттардың суретінің қасына арнайы жылытқыш құралдардың суретін жабыстырады. Кері байланыс: әр топ қызыл және жасыл жетондар арқылы бірін-бірі бағалайды. |
Оқулық
https:// . Көрсетілім Жылытқыш құралдарың суреттері https://www.youtube.com/watch?v=C_eiZ-DnAnA Көрсетілім Түрлі-түсті қағаз, қатырғықағаз, ермексаз, геометриялық фигуралар. |
|||||||||||
| Сабақтың соңы
3 минут 3 минут |
*ҚБ тапсырмасы
*Рефлексия Түстерге сәйкес сыныпағы радиатордың жанына жиналу Жасыл түс-Жаңа тақырыпты түсіндім, өзім орындай аламын. Сары түс-Түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін. Қызыл түс- Еш нәрсе түсінбедім, орындай алмаймын. |
Қима қағадар
Түрлі түсті резеңкі |
|||||||||||
| Саралау – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?
Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз |
Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. | |||||||||||
| Оқушылар тақырыпты жетік меңгеру үшін тілдік мақсаттың диалогтік тармақтарын қолданамын.
Сабақта «Топқа бөлу», «Иә» және «Жоқ», «Кинометафра», топта әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде белсенді әдістерін қолданамын. Саралау тәсілдерінде тапсырма кезінде деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар жылытқыш құралдың макетімен, кеспе қағаздармен жұмыстанады. Әр топқа деңгейлік тапсырма кезінде қарқын (жылдам жұмыстанатын оқушылар), диалог және көмекке қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетемін. |
Оқушыларға ынталандыру және қалыптастырушы бағалауға жетелеуге деңгейлік апсырмалар беремін. «Бағдаршам түстері», «Басбармақ», ауызша мадақтау әдістерін қолданамын. Сабақтың соңында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды беремін. | Бейнефильм көру барасында тік отыру, көзге байланысты қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағау. | |||||||||||
Зарина Асетова
