Орманова Алия Шерехановна

Қызылорда облысы Жаңақорғңан кенті №163 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орманова Алия Шерехановна

Тақырыбы: Кендебайдың ерліктері

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Т/Ж. 3 Мектеп:№ 163
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Орманова А Ш
СЫНЫП:5 Қатысқандар : Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Кендебайдың ерліктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/Ж 3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
  • Көркем шығармалардағы кейіпкерлер портретін анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
  • Көркем шығармалардағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетін табады.
Кейбір оқушылар:
  • Көркем шығармалардағы кейіпкер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын өз көзқарасын білдіреді.
Бағалау критерийі 1.Ертегідегі негізгі кейіпкерлердің портретін жинақтайды

2.Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талқылайды

3. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерлер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді.

Ойлау деңгейі Қолдану
Тілдік мақсаттар
Құндылықтарға баулу Қиналғандарға қол ұшын беруге баулу.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, АКТ
Тақырып бойынша алдыңғы білім Ертегінің мазмұнын, оқиғасын біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақ тың басы

6 мин

1мин

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Ширату жаттығу: Оқушылар шеңберге тұрады бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. «Пазл» әдісі арқылы шығарма кейіпкерлерінің суреттерін құрасытырады («Кендебай», «Керқұла», «Бала») сынып оқушылары топқа топтастырылады және тапсырманы орындалуымен тақырыптың оқу мақсатымен таныстырылады.

Ертегі кейіпкерлерінің суреттері
Сабақ тың ортасы

33 мин

мин
Бағалау критерийлері Дескриптор
1.Ертегідегі негізгі кейіпкердің портретін жинақтайды.

2.Кейіпкердің образға қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдайды.

3.Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді.

1.Әр жұп ертегідегі өзіне тиісті кейіпкердің портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді табады.

2.Әр жұп кейіпкердің маңызды 3 әрекетін анықтайды.

3.Портрет пен маңызды әрекеттер негізінде кейіпкер образына қатысты өз пікірін бір сөйлеммен жеткізеді.

Тапсырма. Оқушылар топта жұптасып мәтінді мұқият оқи отырып, тапсырманы орындайды.

Мәтінді оқып, мәтіндегі берілген кейіпкердің сипаттауларын іздеп тауып, портретін жинақтаңыз. Кейіпкердің ертегідегі ең маңызды деген әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты қорытынды жасаңыз.

…Керқұла ат құстай ұшып құйғытып барады, айлық жерді алты-ақ аттайды…Сонымен Кендебай күн жүреді, түн жүреді, ай жүреді, апта жүреді, бір жерлерге келгенде аспанмен тірескен бір биік тау көрінеді. Таудың етегіне келгенде Керқұла атқа тіл бітіп сөйлейді: «Достым Кендебай, іздеген жолың алыста емес… Мына таудан әрі ассаң ағып жатқан өзенді көресің. Өзенің ортасында бір арал бар. Ол аралда адам перісінің ханы тұрады… Баяғы қойшы баланың әке – шешесі де осы ханның қолында. Олар терең зынданда жатыр. Зынданның аузы құлыптаулы. Оның кілті қолға түспейді. Ол кілт алпыс өзен құйылған терең дарияның түбінде жатыр. Адам баласы оның түбіне жете алмайды. Таудың арғы беткейінде сиыр бағып жүрген зор денелі бір адам бар. Ол – жорықта қолға түскен адам, қазір ханның құлы. Сен сол адамға бар да, жолына жетерлік пұл бер….

Жұптық жұмыс

Кейіпкер Ертегідегі портреті Кейіпкер дің ең маңызды 3 әрекеті Кейіпкер образына қатысты көзқара сым
Кендебай Торсық шеке ұл… 1.Жетім баланың әке-шешесін іздеп шығады.

2. 3.

Жұптық жұмыс

Кейіпкер Ертегідегі портреті Кейіпкер дің маңызды 3 әрекеті Кейіпкер дің образына қатысты көзқара сым
Керқұла Айлық жерді

алты –ақ аттайды.

Керқұланы таңдағандар Керқұланы, Кендебайды таңдағандар Кендебайды

«Сәйкестендіру» әдісі арқылы топтарда тексеріп,

«3+ -2» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.

Сергіту сәті

Жоба

Критериалды бағалау (6- бет)

Симантикалық кесте

Үлгі

«Сәйкестендір»

әдісі

«3+ -2» әдісі

Сабақ тың соңы

5 мин

5 мин Рефлексия: “Аяқталмаған сөйлемдер” әдісі арқылы өз ойларын тұжырымдап жазу.

Бүгін мен … білдім. … қызықты болды. … Қиын болды.

Үйге тапсырма: Шығарманың толық нұсқасын оқып келу

Парақшалар
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау

1.Кейіпкердің негізгі сипаттауларына тірек сөздер беремін.

2.Кейіпкерлердің ең маңызды әрекеттерін ашатын қосымша сұрақтар қоямын.

3.Кейіпкер образына қатысты көзқарасын білдіру кезінде ынталандыру мақсатында қолдау көрсетемін.

1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

«3+ – 2 » әдісі бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

Сергіту жаттығуы

қимылмен көрсету.

Қауіпсіздік техникасы ережелері

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше