Жаңа сабақтар

Мақтааралдың 50 жылдығына арналады

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы «А.Байтұрсынов атындағы

№ 5 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мақтаарал, табиғатың неткен көркем

Сезімім шабыттанады сені көрсем.

Ақ мақтаң ақ теңіздей ақтарылып,

Кемедей ақ жібектей таққан желкен.

Мақтаарал Мырзашөлдің бес баласы,

Жетісай – әсем қала, астанасы.

Кең байтақ Қазақстан еліміздің

Бір ұшы Мақтааралдан басталады.

Өнер де, ән де, би де – бәрі осында,

Шат-көңіл, тойға ұласар ел қосылса.

Ізгілік, мейрімділік, елжандылық

Елімнің нұр-бақыт өз басында.

Жыр еттім Мақтараалдың қылған ісін,

Туған жер-бір өзіңсің қуат-күшім!

Құт болып 50 жыл мерейтойым,

Мақтаарал тарқамасын қуанышың!

6 «В» сынып оқушысы: Анарбаева Ұлдана

Жетекшісі:Оразбаева Нұргүл Сырлыбаевна

Не көрмедің қазағым

Не көрмедің қазағым, не көрмедің,

Соры батпан ел десем сенер ме едің

Қыдыр шалған ел едің, қыр жайлаған,

Талай рет сорладың, тек өлмедің.

Аштық жайлап, талдырса өзегіңді.

Біреу келіп лайлайды өзеніңді.

Біреу келіп молданып байлығыңды,

Біреу кетті ойрандап өз еліңді.

Біреу келіп жүргізді билігіңді,

Тулақ етіп тілді ғой түндігіңді.

Сол бәтшағар қырсыққан қыран қарап,

Ойлаған жоқ болашақ, тірлігіңді

Миллиондап қырылдың, мыңдап емес,

Өлім-өмір далаңда құрған егес.

Қарап тұрып шошиды жаным менің,

Туған өлке төсінде тұнған елес.

Бір күні бір топ жастар Алматыда,

Бас қосып жиылыпты желтоқсанда.

Тәуелсіздік аламын деп қан төгіпті,

Ләззат, Қайрат секілді жас боздақтар.

Өтті кетті содан бері 25 жыл.

Бұл күнде Қазақстан даңқы асқан.

Гүлдей жайнап төрімізде Елордамыз,

Бәйтеректей биік қой мәртебеміз.

7 «А» сынып оқушысы

Түймебек Айдана

Ордалы Оңтүстігім

Оңтүстігім – ордалы, алтын елім,

Оны жыр мен әнге арқау етемін

Топырағын, көк майсасын киелі

Алтын, күміс, қолаға тең етемін.

Оңтүстіктің орталығы Шымқалам

Күннен-күнге шырайланған шырқаған.

Болашақтың айдынына айналған,

Талай жүрек Шымқала деп тулаған.

Орны бөлек Түркістаным киелі

Түркістанды жерұйық деп ұғынам.

Демеу болған пенделерге иманды,

Қожа-Ахмет Йассаумен мақтанам.

Қазығұртым Нұғ пайғамбар қолдаған.

Жаңбыр болып кұт жауады аспаннан

Оңтүстікті жатыр елге әйгілеп,

Кеме жатыр Қазығұрттың басында.

Жетісайым – Мақтааралдың жүрегі

Мақтанарлық небір қыз бен ұл туған

Айналайын қасиетті жерімнен,

Айналайын өсиетті ұлтымнан.

7 «А» сынып оқушысы

Абишева Айша

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.