Жаңа сабақтар

Жұмалиева Салтанат

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:9.1E Қоректену Қызылорда қаласы, Т.Есетов атындағы № 264 мектеп — лицей
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жұмалиева Салтанат
Сынып: 9 Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Асқорыту жүйесі. Сіңіру және бөліп шығару.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары 9.1.2.1 адамның асқорыту жүйесін сипаттау;

9.1.2.2 ас қорыту үдерісін түсіндіру.

Сабақтың мақсаттары
  • адамның асқорыту жүйесін сипаттау;
  • ас қорыту үдерісін түсіндіру.
Бағалау критерийлері
  • адамның асқорыту жүйесін сипаттайды;
  • ас қорыту үдерісін түсіндіру.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:

— адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді ауызша және жазбаша сипаттай алады.

— ас қорыту мүшелерін біледі.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

ас қорыту, асқорыту жүйесі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қоректік заттардың сіңірілу үдерісі жүреді ……

Асқазаннан бөлінеді ……

Майлар … ферменті арқылы ыдырайды.

Құндылықтарды дарыту Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін-өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс Органикалық заттар молекулаларының ыдырауын, асқорыту мүшелеріндегі ферменттердің оңтайлы рН ортасын талқылауда химия пәнімен байланысты.
Алдыңғы білім Оқушылар 8 сыныпта биология курсынан қоректену тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттердің бірі, полимерлер мен мономерлер, омыртқасыздардың, күйіс қайыратын, адамның асқорыту жүйесінің құрылысын біледі.
Сабақ барысы
Сабақ қезеңдері Жоспарланған іс-әрекеттер Оқыту көздері мен ресурстар
Сабақтың басы
5 мин І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу,түгендеу.
  • Топқа бөлу.
  • Бағалау парақшасын тарату.

Үй тапсырмасын сұрау.

  • «Pliсkers» ойыны бойынша сұрақтарға жауап береді.

1)Парникті газдар — Ғаламдық температураны қанша °C-қа көтерді? 33°C

2)Негізгі парникті газдар:Көмірқышқыл газы, Су буы,Метан, Азот оксиді,Озон

3)Парникті газдар болмаса : Жер өте суық болар еді

4)Қоршаған орта ағылшын тілінде:Environment

5)Trash- Қоқыс.

АКТ
10 мин ІІ Жаңа сабақ

Ой қозғау (оқушыларға сұрақ қойылады).

Адам тамақ жеу үшін өмір сүреді ма,

Алде өмір сүру үшін тамақтанады ма?

(Оқушылардың ойы тыңдалады )

  • Видеролик (Асқорыту жүйесі тақырыбын ашу үшін)
  • Сабақтың мақсатын қою
  • Тақырыпқа түсініктеме беру.

Сипаттамасы: Мұғалімнің үстелінде асқазан, бауыр, тіс моделдері қойылған. Асқорыту жүйесі туралы түсініктеме беріледі.Оқушыларға бағыт-бағдар беріледі.

  • Quzletпрограммасын пайдаланып терминмен жұмыс.
қазақша орысша ағылшынша
Өңеш Пищевод Esophagus
Асқазан Желудка Stomach
Ұлтабар Двенадцати перстная кишка Duodenum
Соқырішек Аппендикс Oppendiks
Бауыр Печень Liver
5 мин ІІІ Жаңа сабақты игеру.

Топтық жұмыс.Мүшені анықтау және сипаттау. Топтарға бірдей деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Тапсырманың жауабын оқулықтан ізденеді.

Критерий:

адамның асқорыту жүйесі мүшелерімен қызметі арасындағы байланысты көрсету.

https://twig-bilim.kz/kz/film/introduction-to-digestion

Қосымша 1

Сабақтың ортасы
2 мин

10 мин

5 мин

Сергіту сәті. Мақал-мәтел. Денсаулық,тағам туралы. Топтар арасында тақырыпқа қатысты мақал-мәтел айтылады.

Жұптық жұмыс. Quizizz ойыны. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар беріледі:

1)Қоректік заттардың құрамына қандай органикалық қосылыстар кіреді?нәруыздар, көмірсулар

2)Адам денесіндегі судың орташа мөлшері қандай?20-25%

3)Адам организміне өзгеріссіз сіңірілетін зат:су

4)Нәруыздың қажетті тәуліктік мөлшері:100 г

5)Майлардың тәуліктік қажетті мөлшері:80-90 г

6)Көмірсулардың қажетті тәуліктік мөлшері:400-500 г

7)Тәулігіне адам организміне қанша литр су қажет?1,5-2,5 л

8)Күрделі органикалық қосылыстар:нәруыздар, көмірсулар, майлар

9)Витаминнің жеткіліксіз мөлшерінен ағзаның әлсіреуі қалай аталады?Авитаминоз

10)Асқорыту жолында заттардың ыдырауы жүретін химиялық реакцияларды тездететін нәруызтекті заттар қалай аталады?Ферменттер

Бекіту. Себеттегі тағамдар. Оқушыларға себетпен тағамдарды екіге бөліп қарастырады. Зиянды және пайдалы тағамдарды ажыратып, адамға қандай тағамның сіңімді және пайдалы болатынын анықтайды.

Слайд

Ақпараттық парақша

Слайд

Қосымша 2

Сабақтың соңы
3 мин Кері байланыс. Слайд 8
Қосымша ақпарат
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар қосымша ақпараттар тауып, өз білімдерін тереңдете алады.

Кейбір оқушыларға ағылшынша асқорыту мүшелерін атау, олардың қызметтерін сипаттау тапсырмалары арқылы;

Кейбір оқушылар асқорыту жүйесінің мүшелері туралы қосымша ақпараттармен танысып өз білімін тереңдету арқылы;

Қабілеті төмен оқушыларға бейнероликтің транскриптін ұсынуға болады.

Қабілеті төмен оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы;

Кейбір оқушылар ақпаратты оқыса, кейбіреулері жазбаша жұмыс орындауына болады.

Қабілеті жоғары оқушылар фермент- субстратты комплекске түсіндірме беруіне болады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Талқылау кезіндегі оқушылардың жауаптары арқылы.

Сәйкестендіру тапсырмаларының жауаптары арқылы.

Сызбаны дұрыс ретімен толтыру арқылы.

Ақпаратты нақты жеткізумен кестені толтыру арқылы.

Сұрақ қоя білуі мен сұраққа жауаптары арқылы. Сәйкестендіру тапсырмалары арқылы.

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ескертіледі, мысалы, сумкаларын тиісті орынға қою, жеке заттарын ретті орналастыру, қабинеттегі қозғалыс кезінде қауіпсіздікті сақтау т.б.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.