Тақырыбы: «Әдептілік — әдемілік»
Мақсаты: Оқушыларды адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушылардың әдеп әліппесі бойынша ықпал жасау; Әдеп – ғұрыпты сақтайтын, дәстүрлі жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу: Оқушыларды адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым – қатынас жасау дағдыларын арттыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал – мәтел.
Тәрбие сағатының өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім. Мұғалім: Біздер халқымыздың әдепті де сыйластық қарым – қатынасқа ежелден – ақ көңіл бөліп келгендігі баршаңызға белгілі. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан бұл өнегелі біз қазақтың мақал – мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап ұшырастырамыз. «Ұлық болсаң – кішік бол», «Сыйластық екі жаққа бірдей», «Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік» деп ой тарқатып, сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім – тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тәр дарқан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу ағайын туғанға бауырмалдылық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеде тұра білуге … жас ұрпақты әдептілікке кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр.
Сұрақ: Әдеп дегенді қалай түсінесіңдер? Әдеп дегеніміз – адамдармен қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан тыс аспау, сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлау, сыпайлық шегінен шықпау … Әдеп — өзгенің арнамысын қадірлеумен бірге өз намысынды ойлаудағы шама мен шекті де сезіне білу …
Сұрақ: Әдептілік қайдан басталады? Ата – ананың алдында әдепті болыңыз. Олармен сөйлескенде қабаттасып, әдепсіздікпен дауыстап сөйлеспе, ата – аналарыңның түрегеп тұрғанда сендер отырмаңдар. Ата – анаң немесе басқа үлкен кісі айтқан өнегелі сөзді зейін қоя тыңдап ұғып алуға тырыс, олар жұмсаған ісін ыждағатпен оырнда, елгезек көмекші бол. Ата – аналарыңның малына тіленіп, ешбір өнер үйренбей, ешбір кәсіп қылмай тек жалқау болып ішіп – жеп босқа өмір өткізбе. Еріншек жалқау болудан жаман іс жоқ. Адам әдептілігімен көрікті. Үлкендер отырған жерде олардың алдында арындап кетпей, инабат, ізет таныта білу, жөн – жобаға көңілге қарай сөз айту. Сөз арасында қолданылатын кешіріңіз, ғапу етіңіз, мүмкін болса, қажет деп танысаңыз, дұрыс көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауңыз білсін. Сөздер елеусіздеу көрінгенімен адамның әдептілігі, сыпайлылық, ізеттілік білдіру. әдепті болу үшін ең болмаса өзіңді өзің ойша болса да басқа адамның орнына қоя білу керек. Әдепті адамның өзінің басқа адамды жек көрітінін байқатпайды және шамадан тыс ұнатқандық сезімін де білдірмейді, мұның бәрі өзі айналадағыларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажет…
ІІІ. Оқушылар әдептілік, әдемілік туралы өз ойларын ортаға салу.
ІҮ. Қорытынды: Мұғалім: Жаман әдеттердің күншілдік, жалқаулық, өзімшілдік, суайттық, екіжүзділік, мылжыңдық, өсекшіл, сараңдық сияқты рухани кеселге жататын немесе маскүнемдік, нашақорлық, карта ойнау, құмар ойнау сияқты адамды жан мен тән жағынан бірдей азғындататын түрлері бар. Адамдардың іс — әрекетінде, мінез – құлқында әдептілікке жатпайтын, инабаттылықпен сыйыспайтын әдеттер жиі кездеседе, олар кісінің абыройына нұқсан келтіріп, жаман атын шығарады, дос, ағайыннан алыстатады, жүрген жерінде сүйкімін кетіреді. Сондықтан ондай әдеттер жайында халық «Ауру қалса да, әдет қалмайды» десе, Әл Фараби «Жаман мінез – құлық – рухани кесел» деп көрсетеді.
Әдептілік, әдемілік туралы біздер не ойлаймыз, қалай түсінеміз?
Ұлдар сендер сұлулықты қалай түсінесіңдер?
Әдемілік адамның бетінде, шаш үлгісінде, киінген киіміңде ме, әлде жан дүниесінде ме?
Бүгінгі таңдажастардың мәдениеттілігі қандай деңгейде болу керек?
Әдемілік пе, сұлулық маңызды ма?
Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі
Тақырыбы: «Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте»
Даярлық сыныбының тәрбиешісі: Бердешова.А.Б
Тақырыбы: «Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте»
Мақсаты: а/ Оқушыларды ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру; ә/ Ана тілі туралы өлең, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; б/ Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Өзге тілдің бәрің біл, өз тіліңді құрметте» қабырға газеті, ақын – жазушылардың суреттері мен нақыл сөздер.
Тәрбие сағатының өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі бөлім. Мұғалім: Ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл – кез келген ұлттың мақтанышы, ұлттық белгісі. Ұлан байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз, ана тіліміз бар. Ата Заңымызда «ҚР мемлекетік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Ата заңның талаптарын әрбір адам орныдауға міндетті. Ана тілін сүйген азамат елін де, жерін де сүйеді. Бойында қазақ қаны бар азамат ана тілін қадірлеуге, оның сөздің қарашығындай қорғауға міндетті. Себебі тіл – ұлттың белгісі, мемлекеттік айбыны. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілдің аулынан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүтімен сңібеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет ана сүтімен кірмейді. Тіл мен діннен айырылған онда жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттың қолжаулығына айналады. Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам – қаперсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдарда тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкіл халықтық қозғалыс – соның айғағы.
«Тіл – деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздың ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік». Шерхан Мұртаза.
«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу – мәдениетсіздік». Мұхтар Әуезов.
«Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді». Ғабиден Мұстафин.
«Түрлі – түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық». Ғабит Мүсірепов.
ІІІ. Мақалдарды жалғастыр. 1. Ана сүті бой өсіреді … /ана тілі ой өсіреді/ 2. Шебердің қолы ортақ … /шешеннің сөзі ортақ/ 3. Ақыл көркі – тіл … /тілдің көркі – сөз/ 4. Бас кеспек болса да … /тіл кеспек жоқ/ 5. Таяқ еттен өтер … /сөз сүйектен өтер/
ІҮ. Нақыл сөздердің мазмұнын ашу. 1. Ана тілің – қазынаң 2. Тіл қылыштан да өткір. 3. Тіл кісінің абыройын арттырады, бақыт әпереді. 4. Сөзіңді күзет, басың кетпесін, Тіліңді күзет, тісің сыңбасын. 5. Адам көркі – сөз.
Ү. Жұмбақтар шешу. 1. О жағы мәрмәр, Бұл жағы мәрмәр. Ортасында Сандуғаш сарнар. /Тістер мен тіл/
- Жағалай – жағалай тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. /Тіл мен тіс/
-
Отыз екісі диірмен тартып, Бір қапқа салады /Тіл және тіс/
-
Екі әскер соғысып жатыр, Ортасында бір елші /Тіл және тіс/
-
Ақ тоғайдың ішінде Кісінейді күрең тай. /Тіл/ ҮІ. Қорытынды. Мұғалім: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамыздың тарихын ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Өйткені, бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт!
—
Зайтуна Есмаганбетова