Жаңа сабақтар

Черьязданова Анар Токтаровна

Катонқарағай ауданы

«Юбилейное орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Черьязданова Анар Токтаровна

Тапқыр достар

(интеллектуалдық ойын)

1 — 4 сынып

Көкбастау

2019

Тапқыр достар. (интеллектуалдық ойын)

Мақсаты: Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқу бағдарламасымен қатар, ойлау қабілет ұштау, білім деңгейін байқау. Адамгершілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға, қызыға ойнауға баулу.

Ойынға қатысушылар: «Гаухар» ортаңғы топ балалары. (4-5 жас)

Құрылымы: Алты алтыдан, он екі бала.

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі.

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дей келе бүгінгі интеллектуалды сайысымызға келген команданы қошеметпен қарсыалайық. Бірінші кезекте «Қырандар» командасы. Екінші кезекте «Тұлпарлар» командасы. Қанекей, қошеметпен командаларды ортаға шақырайық. (екі команда ортаға келеді).

Ал, құрметті халайық

Жарысты енді көріңдер.

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер. (әділқазыларымызбен таныс болайық)

«Қырандар» командасы ұраны

Қырандай күшті қанатты,

Біз өрендер талантты.

«Тұлпарлар» командасы ұраны

Желмен бірге жарысқан,

Тұлпар қалмас жарыстан.

Ойын алты айналымнан тұрады. Ойынымыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Сұрақтарды мұқият тыңдап командамен ақылдасып жауап беру керек. Барлық айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады. Олай болса, «тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастаймыз.

I айналым: «Білгенге маржан». Бірінші айналым топтарға туыстық атаулар аясына әзірленген 4 сұрақ қойылады.

  1. Нағашы әже деген кім?
  2. Нағашы ата дегенкім?
  3. Аға деген кім?
  4. Апа деген кім?
  5. Іні деген кім?
  6. Қарындас деген кім?

II айналым: «Қызықты тапсырмалар» Екінші айналымда суретін табу керек.

  1. Ол орманда өседі суретін тап
  2. Ол жауыннан қорғайды не?
  3. «Ең көп желінген тортты тап»
  4. Ол ұшақтан секіреді
  5. Тамақ пісіретін адам кім?
  6. Адамдарды емдейтін кім?

III айналым: «Салт-дәстүр» Үшінші айналымда суреттерге әңгіме құрастырады.

  1. Наурыз мейрамы жайлы не білесіңдер?
  2. Бесіктің жабдықтарын ата.
  3. Наурыз көже қалай жасалады?
  4. 8-наурыз қандай мейрам?
  5. Ұлттық тағамдарды ата?
  6. Ұлттық ойындарды ата?

IV айналым: «Ойлан-тап» Төртінші айналым жыл мезгілдеріне арналған сұрақтар

  1. Жыл мезгілдерін ата.
  2. Бір жылда неше мезгіл бар? (төрт)
  3. Бір жылда неше ай бар? (он екі)
  4. Бір мезгілде неше ай бар? (үш)
  5. Қыс айларын ата (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
  6. Көктем айларын ата (наурыз, сәуір, мамыр)

V айналым: «Не артық» Бесінші айналымда аңдар мен жануарлардың суретінен артық суретін табу.

  1. Арыстан, қоян, түлкі, сүт, піл.
  2. Қасқыр, ай, аю, қоян, күн.
  3. Сиыр, қой, есек, күн, ит.
  4. Марғау, түйе, торғай, сиыр, күн.
  5. Арыстан, қой, гүл, жолбарыс, балық
  6. Түйе, жылқы, алма, қоян, сәбіз.

VI айналым: «Кім жылдам» Алтынша айналымда жұмбақтар жасырылады.

  1. Қолы менен қаламы жоқ

Бірақ сурет салады көп (аяз)

  1. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян)

  1. Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі)

  1. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі (сызғыш)

  1. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (аю)

  1. Екі найзасы бар, екі айнасы бар,

Сыртыңдаған тұяғы бар,

Желпеуіш құлағы бар (сиыр)

Қорытынды: Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз,

Әділ қазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз-дей келе сөз кезегін әділқазы алқасына береміз. (Әділқазы алқасы ұпай санын береді. Жеңімпаздар марапатталады.)

Демеңіз өнерді біз аяп қалды,

Уақытта біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар.

Осыменен сайысымыз аяқталды.

Көріскенше күн жақсы боп, амандықта кездесейік дегім келеді.. Қош сау болыңыздар.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Бала мен балабақша №12 2013 жыл
  2. Мектепке дейінгі тәрбие №5 2012 жыл
  3. Мектепке дейінгі тәрбие №5 2014 жыл
  4. Мектепке дейінгі тәрбие №6 2014 жыл

«САНАЛЫ ҰРПАҚ― ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»

білім күніне арналған азаматтық және патриоттық сабақ өткізу жоспары

Бастауыш сынып мұғалімі:

Черьязданова Анар Токтаровна

2019-2020 оқу жылы

Күні
Тақырыбы Саналы ұрпақ―жарқын болашақ
Мақсаты Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру
Күтілетін нәтижелер • оқушылар еліміздің ертеңі―білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді

• оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, идеяларымен жұмыс жасауға дағдыланады

• барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді

• оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді

Қолданылатын ресурстар Интернет ресурстары, бейнежазбалар, топ ережесі
Көрнекі құрал-жабдықтар Филипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер,қаламдар суреттер, клей,қайшы, интербелсенді тақта
Сабақтың өту барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Тыңдаушының іс-әрекеті
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин) -«Көршіге-комплимент» сергіту сәті

-Әрбір қатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді

-Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады
Топқа бөлу (5 мин) Әрбір топқа қимақағаздар тарату арқылы 2 топқа бөлу Сыныптағы тыңдаушылар топқа бөлініп отырады
Сабақ барысында көңіл-күйді анықтау (3 мин) Оқушылар бір парақ ақ қағаз алып, екіге бөліп бірінші жартысына көңіл – күйін бейнелейтін суретті салады (смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес)
Конституция кітабы

Оқу құралдары

Патриотизм (Отан)

Табиғат

Жастар жылы

Кітап

Абай атамызға ―175 жыл

Әр топ өз тақырыбын ашу керек. Сұрақтарға жауап береді.

  • Не үшін Конституция қажет?
  • Не үшін оқу керек?
  • Не үшін Отанды қорғау, құрметтеу керек?
  • Не үшін табиғатты қорғау қажет?
  • Жастар жылы не үшін жарияланды?
  • 175 жылдық мерейтойды қалай атап өту керек?
Ми шабуылы (10 мин) Видеороликтер көрсету

«Арманға мақсатқа жету»

Нұсқау:

Интерактивті тақтадан бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтесіздер

Сұрақ:

  • Сіздер көрсетілген бейнежазбадан не ой түйіндейсіздер?
  • Сын тұрғысынан ойлау арқылы топтық оқытуда бірлесіп ойлауға ықпал ету;
  • Бірлесіп жұмыс жасау үдерсін дамыту;
  • Не үшін алдымызға мақсат қойып, оған жетуге талпыну керек?
Оқушылар өз ойларын түйіндейді

Топ көшбасшылары шығып өз тобының негізгі идеяларымен алмасады

Энерджайзер (3 мин) 30 сек ішінде қанша рет қолыңды көтеріп түсіре аласың? Параққа болжамыңды жаз. Енді тексерейік. 30 сек соң кім қанша рет жасай алды, болжаммен сәйкес келді ме? Оқушылар әрекетке кіріседі және өздерінің болжамдарын ақ параққа жазады, қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл (20 мин) «Қаздар сабағы» немесе «Арманға мақсатқа жету» бейнеролигін көру

  1. Бейнеролик ұнады ма?
  2. Не туралы деп ойлайсыздар?
Оқушылар роликті тамашалайды, өз ойларымен бөліседі
Болашақта өздеріңізді қалай елестетесіздер?

Өз ойларыңызды постерге бейнелеңіздер

Постер жасап, әр топ өз жұмысын қорғап шығады
5 мин Бағалау-формативті Топтар бірін-бірі бағалайды
Сабақ барысындағы көңіл-күйді анықтау (3 мин) Оқушылар сабақтың бірінші жартысына көңіл күйін бейнелейтін суретті салған суретті аяқтайды. (смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес) Бұл іс-әрекет қатысушының көңіл- күйін білдіреді
Рефлекция (5мин) Қорытындылау

―Балалар біз сіздермен ойлана отырып ойлауды және топ бойынша бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Топта бір –бірімізге сенім білдіріп бір кемедегі теңізшілер терізді жұмыс жасасақ, биік жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Бүгінгі жаңа оқу жылымыздың алғашқы сабағыға белсенді қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын менің алтынға тең оқушыларым!!!

Смайликтер

Кері байланыс.

  1. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?
  2. Сабақ сен үшін қызық өтті ме?
  3. Жаңа тақырып бойынша өзіңе керекті мәліметті тапдың ба?
  4. Бүгінгі алғашқы сабақтан үйренгенлеріңіз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?

Катонқарағай ауданы

Юбилейное орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Черьязданова Анар Токтаровна

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тарих беттерінен

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: КММ «Юбилейное орта мектебі»

Мұғалімнің аты-жөні: А.Т.Черьязданова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Ертеде қалай тамақтанған
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелейді.

Көптеген оқушылар: Ежелгі адамдардың өмірімен, қазіргі адамдардың өмірін салыстыра алады. Ежелгі адамдар немен шұғылданғанына мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар: Ежелгі адамдардың шоғырланып тұрғандығын дәлелдеп, картадан тауып көрсете алады.

Бағалау критерийлері Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелейді.
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:Ежелгі адамдардың өмірін біледі, айтады.

Пәнге тән лексика мен терминология: Жібек жолы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ежелгі адамдар туралы не білесің?

Ежелгі адамдар қалай тамақтанады?

Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» идеясы негізінде: шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау.
Пәнаралық байланыстар Сауат ашу, жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары Слайд, бейне жазба.
Бастапқы білім Ежелгі адамдар туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

7минут

Шаттық шеңберінде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда.

Мен бақытты баламын.

Оқып, білім аламын.

Үлкен болып өсенде.

Қамқоршы адам боламын.

Оқу мақсатын жариялау «Суретті зерделеу» әдісі.

Суреттен не байқадыңдар?

Суреттегі адамдар туралы не айта аласыңдар?

Топка бөлу: «Мен жақсы көретін сусын»

Жақсы қөретін сусын суретін алу арқылы

(Т) 1 тапсырма: «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы жүзеге асады. Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.

Алғашқы адамдар нені паналаған?

Алғашқы адамдар немен тамақтанған анықта?

Тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасағанын дәлелде.

Дескриптор:

Алғашқы адамдар нені паналағанын айтады.

Алғашқы адамдар немен тамақтанғанын анықтайды.

Тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасағанын дәлелдейді.

ҚБ: «Тәтті тоқаш» әдісі

Алғашқы адамдар нені паналағанын айтады, немен тамақтанғанын анықтайды,

тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасағанын дәлелдейді.

Алғашқы адамдар нені паналағанын айтады, немен тамақтанғанын анықтайды,

тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасағанын дәлелдегенде қиналады.

Алғашқы адамдар нені паналағанын айтады, немен тамақтанғанын анықтайды,

тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасағанын дәлелдеген кезде көмек қажет етеді.

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі көрінеді.

Кейбір оқушыға ашық сыни ойлантатын сұрақтар қойылады:

— Дұрыс тамақтану не үшін қажет?

Көмекті қажет ететін оқушыларға жетелеу сұрақтары қойылады.

-Аңдарды қалай аулаған?

-Аңдарды не үшін аулайды?

Сабақтың ортасы

7 минут

2 минут

8минут

(Ж) 2 тапсырма: «Ойлы болсаң, озып көр» әдісі арқылы жүзеге асады

Картамен жұмыс.

Картаны мұқият қара. Халықтың қоныстану ерекшелігін ата. Халық неге жол мен өзен маңына қоныстанған?

Дескриптор:

Қартаны мұқият қарайды.

Халықтың қоныстану ерекшеліктерін атайды.

Халық неліктен жол мен өзен маңына қоныстанғандығын айтады.

ҚБ: «Табақ » әдісі арқылы

Толы табақ-картаны қарап, қоныстану ерекшелігін атап, халықтың неліктен жол мен өзен маңына қоныстанғандығын дәлелді айта алса.

Жарты табақ-картаны қарап, қоныстану ерекшелігін атап, халық неліктен жол мен өзен маңына қоныстанғандығын дәлелді түрде ашып айта алмаса.

Бос табақ-картаны қарағанда қоныстану ерекшелігін қателіктер жіберсе, халық неліктен жол мен өзен маңына қоныстанғандығын айта алмаса.

Саралаудың қарқын тәсілі көрінеді. Тапсырманы жылдам орындаған жұпқа қосымша тапсырма ұсынылады:

-Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай жолдарынан өткенін картадан белгіле.

Негізгі тапсырманы орындауда көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Сергіту сәті: «Ас атасы -нан»

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

(Д) 3 тапсырма:«Галлерея аралау» әдісі бойынша жүзеге асады.

Бейнежазбаға назар аудар. Ежелгі адамдар қандай құрал- саймандар пайдаланған сурет сал.

Дескриптор:

Ежелгі адамдардаң өмірі туралы бейнежазбаны көреді.

Ежелгі адамдардың пайдаланған құрал- саймандарын суреттке түсіреді.

ҚБ: «Таңдау» әдісі

Тастан жасалған шапқы -ежелгі адамдардың өмірі туралы бейнежазбаны көреді, құрал -саймандарға назар аударады, ажыратады, суретке түсіреді.

Тастан жасалған қашау -ежелгі адамдардың өмірі туралы бейнежазбаны көреді, құрал -саймандарға назар аударады,ажыратады, суретке түсіргенде қиналса

Сүйектен жасалған біз- ежелгі адамдардың өмірі туралы бейнежазбаны көреді, құрал -саймандарға назар аударады, ажыратқанда, суретке түсіргенде қиналады.

Саралаудың дереккөздер тәсілі көрінеді.

Кейбір оқушылар:

Ежелгі адамдардың өмірі жайлы қызықты деректерді электронды дереккөздер арқылы тап.

Толы табақ,жарты табақ, бос табақ суреті.
Сабақтың соңы

8минут

3 минут

(Ұ) 4 тапсырма: «Қар лақтыру» әдісі.

Ежелгі адамдардың өмірі жайлы сұрақ қой.

Дескриптор:

Сұрақ .

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: «Қандай үйде тұрамын» әдісімен

Қабат үйді таңдаса, басқаға сұрақ қойып, өзіне келген сұраққа жауап береді

Ағаш үйді таңдаса, басқаға сұрақ қойып, өзіне келген сұраққа жауап беруге қиналады.

Күркені таңдас, басқаға сұрақ қоюға, өзіне келген сұраққа жауап беруге қиналады.

Саралаудың тапсырма тәсілі көрінеді.

Кейбір оқушыларға:

Ежелгі адамдар мен қазіргі адамдардың тұрмысын салыстырып Венн диаграммасына сал.

Көмек қажет ететін оқушыларға ежелгі адамдарда алғашқы жазу қалай пайда болған түсіндір.

Кері байланыс: «Тауға шығу» әдісі арқылы бағаланады.

Етегі- еш нәрсе түсінбедім, орындай алмадым.

Ортасы-түсіндім,бірақ өзіме сенімді емеспін.

Басы- жаңа тақырыпты түсіндім, өзім орындай аламын..

Қағаз
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
(Т) 1 тапсырма: Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі көрінеді.

Кейбір оқушыға ашық сыни ойлантатын сұрақтар қойылады:

— Дұрыс тамақтану не үшін қажет?

Көмекті қажет ететін оқушыларға жетелеу сұрақтары қойылады.

-Аңдарды қалай аулаған?

-Аңдарды не үшін аулайды?

(Ж) 2 тапсырма: Саралаудың қарқын тәсілі көрінеді. Тапсырманы жылдам орындап қойған жұпқа қосымша тапсырма ұсынылады:

-Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай жолдарынан өткенін картадан белгіле.

Негізгі тапсырманы орындауда көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі

(Д) 3 тапсырма:

Саралаудың дереккөздер тәсілі көрінеді.

Кейбір оқушыларға:

-Ежелгі адамдардың өмірі жайлы қызықты деректерді электронды дереккөздер арқылы тап.

(Ұ) 4 тапсырма:

Саралаудың тапсырма тәсілі көрінеді.

Кейбір оқушыларға:

-Ежелгі адамдар мен қазіргі адамдардың тұрмысын салыстырып Венн диаграммасына сал.

Көмек қажет ететін оқушыларға ежелгі адамдарда алғашқы жазу қалай пайда болған түсіндір.

.

(Т) 1 тапсырма

ҚБ: «Тәтті тоқаш» әдісі

Алғашқы адамдар нені паналағанын айтады, немен тамақтанғанын анықтайды,

тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасағанын дәлелдейді.

Алғашқы адамдар нені паналағанын айтады, немен тамақтанғанын анықтайды,

тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасағанын дәлелдегенде қиналады.

Алғашқы адамдар нені паналағанын айтады, немен тамақтанғанын анықтайды,

тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасағанын дәлелдеген кезде көмек қажет етеді.

(Ж) 2 тапсырма:

ҚБ: «Табақ » әдісі арқылы

Толы табақ-картаны қарап, қоныстану ерекшелігін атап, халықтың неліктен жол мен өзен маңына қоныстанғандығын дәлелді айта алса.

Жарты табақ-картаны қарап, қоныстану ерекшелігін атап, халық неліктен жол мен өзен маңына қоныстанғандығын дәлелді түрде ашып айта алмаса.

Бос табақ-картаны қарағанда қоныстану ерекшелігін қателіктер жіберсе, халық неліктен жол мен өзен маңына қоныстанғандығын айта алмаса.

(Д) 3 тапсырма:

ҚБ: «Таңдау» әдісі

Тастан жасалған шапқы -желгі адамдардың өмірі туралы бейнежазбаны көреді, құрал -саймандар назар аударады, ажыратады, суретке түсіреді.

Тастан жасалған қашау -ежелгі адамдардың өмірі туралы бейнежазбаны көреді, құрал -саймандар назар аударады,ажыратады, суретке түсіргенде қиналса

Сүйектен жасалған біз- ежелгі адамдардың өмірі туралы бейнежазбаны көреді, құрал -саймандарға назар аударады, ажыратқанда, суретке түсіргенде қиналады

(Ұ) 4 тапсырма:

ҚБ: «Қандай үйде тұрамын» әдісімен

Қабат үйді таңдаса, басқаға сұрақ қойып, өзіне келген сұраққа жауап береді.

Ағаш үйді таңдаса, басқаға сұрақ қойып, өзіне келген сұраққа жауап беруге қиналады.

Күркені таңдас, басқаға сұрақ қоюға, өзіне келген сұраққа жауап беруге қиналады.

Кері байланыс: «Тауға шығу» әдісі арқылы бағаланады.

Етегі- еш нәрсе түсінбедім, орындай алмадым.

Ортасы-түсіндім,бірақ өзіме сенімді емеспін.

Басы- жаңа тақырыпты түсіндім, өзім орындай аламын

Сергіту сәті: «Ас атасы-нан» орындалады.

3 тапсырмада қарындашты пайдаланып сурет салғанда қауіпсіздік техникасын сақтауды ескертеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.