ШҚО Семей қаласы Новобаженово ауылы
«А. Ибраев атындағы ЖОББМ» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Кигай Аманжол
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Математика
Мектеп: Күні: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4В Жиындар. Логика элементтері. Күні: Сынып: |
|||
Сабақ тақырыбы | Логикалық есеп шығару | ||
Оқу мақсаты | 1.4.2.1 дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау
1.4.2.2** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу |
||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтайды. Қарапайым логикалық есептерді шешеді.
Көптеген оқушылар: Сызба арқылы есеп шешіміндегі сәйкестікті, ақиқатты анықтайды. Кейбір оқушылар: Логикалық есептерді шығарады,шешу жолын дәлелдер келтіріп түсіндіреді. |
||
Бағалау критерийлері |
|
||
Тілдік мақсаттар | Логикалық есептер, сызба, тәжірибе, ақиқат, дәлел | ||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу | ||
Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек: жетістік баспалдағын, шаршыларды бояйды, сіріңкеден үй, күн, ағаш құрастырады. | ||
АКТ қолдану дағдылары | |||
Бастапқы білім | Логикалық есептер шығару туралы алғашқы білімдері бар | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезендері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | — Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Психологиялық дайындық. (Қимылмен қайталаймыз). Қане, қане тұрайық Үлкен шеңбер құрайық. Оң жақтағы көршіге, Сол жақтағы көршіге, Күлімсіреп қарайық. Көкке қолды созайық, Бір-бірімізден озайық. Құшақтасып әркезде, Тату-тәтті болайық. Оқушыларға үш түрлі боялған сіріңкелерді шашамын, оқушылар таңдап алу арқылы түстеріне қарай топқа бөлінеді. Сабақтың басында топтар арасына бейімділікке жарыс өткіземін. (М/К) — Әр топқа алған сіріңкеден 1) күн; 2) үй; 3) ағаш; жасауды ұсынамын. Яғни біз осы заттарды құрастыруда не істедік? (ойландық). Тек қана ойланып қойған жоқпыз логикамызды қостық.
|
Түрлі- түсті сіріңке. | |
Сабақтың ортасы | Қызығушылықты ояту.
(М) : 1 кг мақта ауыр ма, әлде 1 кг тұз ауыр ма? (О): оқушы жауабы күтіледі (Ұ). Тәжірибе жасату. Таразыға 1 кг мақта мен тұзды өлшеу. Оқушылар жасаған тәжірибесін түсіндіреді. (М): — Тәжірибе жасау арқылы неге көз жеткіздіңдер? (О): оқушы жауабы күтіледі Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Логикалық есеп шығару».Сонымен қатар логикалық есептерді бөліктерге бөліп шығаруды, қарапайым логикалық есептердің сәйкестігін анықтауды, қадам –қадам бойынша логикалық есептер құрастыруды және оны талдап, түсіндіруді үйренеміз. (М/К) оқушыларды логикалық есептерді бөліктерге бөліп шығаруды, қадам – қадаммен шығаруға болатынын бірлесіп талдау. (Ұ) 1- тапсырма: оқулықпен жұмыс (бір оқушы берілгенін оқиды). Берілген тапсырмадан қадам- қадаммен бөліктерге бөліп дұрыс тұжырымды табады. ҚБ. «Шаршылар» ( Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінген болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды). (Ж) 2- тапсырма: Суретпен жұмыс. Суреттен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тап: СохранитьСохранено СохранитьСохранено ҚБ. « Жауап беретін әріптес»(Жұптармен немесе әріптестермен жұмыс істегенде ауызша бағалау. Жұптар бір – бірімен ауыстырып сәйкестігін және айырмашылығын айтады). Бағалау критерийі: Білім алушы: — берілген суреттерден сәйкестігін және айырмашылығын анықтап табады және белгілейді. Дескриптор: -Ұшақтың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтады. — Күн мен сәбіздің айырмашылықтарын анықтап, сәйкестендірді. -Үйдің айырмашылығы мен ұқсастықтарын тапты. -Пілдің айырмашылығын анықтап, сәйкестендірді. Сергіту сәті: «Шынығады денеміз» Жұмыс дәптерінен тапсырма орындау. 97- жұмыс парағы. 99 бет Балалардың қайда тұратынын тап. Қайрат Айдыннан бір қабат жоғары, ал Марат төмен тұрады. Балалар үш қабатты үйдің қай қабатында тұрады? Сызба арқылы шығар. Шалғында үйректер мен қозылар жүр. Олардың 3 басы және 8 аяғы бар. Шалғында неше үйрек және неше қозы жүр? Бастары мен аяқтарын сызықтармен қос. ҚБ. Дәптердегі жетістік баспалдағын бояйды. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша берілетін тапсырма: (Д) 3-тапсырма:Берілген суреттерден қадам-қадаммен логикалық есептің берілгенін құрастыр. Дәптерге берілгенін жаз. (Заттардың орнын қалауың бойынша орналастыруға болады). Мысалы: Төсек орындықтың қасында емес, диван орындық пен төсектің арасында. ҚБ. «Жақсы сұрақ негіздері». — Сен құрастырған есептерге нені пайдаландың? — Қадам-қадаммен құрастырылған логикалық есеп тиімді ме? |
Таразы, тұз, мақта
Оқулықпен жұмыс. 103 бет. Түрлі-түсті қарындаштар, шаршылар. Әр жұпта сурет, қарындаш. Жұмыс дәптері 97- жұмыс. 99 бет. Орындық, диван, төсектің суреттері. |
|
Сабақтың соңы | Қорытындылау:
Сабақты «Алтын балыққа арналған аквариум» тәсілі арқалы қорытындылаймын.
Кері байланыс: Өзін- өзі бағалау. Сабақтан алған әсерлерін «Желкенді қайық» тәсілі арқылы көрсету. Егер тапсырма сәтті орындалса жасыл түске, егер сабақта қандайда бір қиындық кездессе сары түске, ал егер тапсырманы орындауда қиналып, мұғалімнің көмегін қажет етсе қызыл түспен қайықтың желкендерін бояйды. |
«Желкенді қайық» суреті, үш түрлі қарындаш. | |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап
отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қолдау қажет ететін
оқушыларға. қадам-қадам бойынша мұғалімнің көмегімен логикалық есептерді шешуде көмек көрсетіледі. Көптеген оқушыларға жұптық жұмыс барысында олардың білімін нақтылау үшін сұрақтар қойылады. Дәптермен жұмыстан кейін қабілетті оқушыларға логикалық есептер құрастыруға тапсырмалар беріледі, дәлелді түрде түсіндірілуі күтіледі. |
«Шаршылар» тәсілі бойынша оқушылар қадам- қадаммен дұрыс жауап бергендеріне және тапсырманы түсінгеніне байланысты бояйды.
« Жауап беретін әріптес»тәсілі жұптармен жұмыс істегенде ауызша бағалауды меңгереді . «Жақсы сұрақ негіздері» тәсілі арқылы бір біріне сұрақ қоя білу дағдылары бағаланады. «Алтын балыққа арналған аквариум» тәсілі арқылы оқушыларға сұрақ қоя білу дағдылары бағаланады. «Желкенді қайық» тәсілі арқылы өздерін бағалау кезінде тақырыпты түсінгендерін немесе түсінбегендерін аңғарады. |
Суреттерді бояғанда,
сергіту сәті кезінде денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтайды. |
|
Сабақ бойынша рефлексия | |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |