Жаңа сабақтар

Тукубаева Толкын Толеухановна

ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің

«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Тукубаева Толкын Толеухановна

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Сынып: 1

Күні:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бізді қоршаған әлем

Мұғалімнің аты – жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Қала мен ауыл
Оқу мақсаты 1.1.3.2.өзі тұратын елді- мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Өзі тұратын елді- мекеннің басты көшесін, ғимараттарды айтады.

Көптеген оқушылар: Өзінің тұратын қаласын, ауылын атайды. Басты көшесін, ғимараттарын, әңгімелейді.

Кейбір оқушылар: Өзі тұратын елді- мекеннің көрікті жерлеріне зерттеу жасай алады, гүлдендіру мақсатында жарғы құрастырады.

Бағалау критерийлері Өзінің тұратын қаласын, ауылын атайды және басты көшесін, ғимараттарын сипаттайды.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:

Кеңістіктегі дүниені,қоршаған ортаны және олардың орналасуын сипаттау.

Қала — Город — City

Ауыл – Село — Village

Көрікті – Достопримечательность — Sights

Құндылықтарды дарыту Топтық жұмыс жасау арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Жеке және жұппен жұмыс барысында саралап оқыту арқылы тұлғаға бағытталған құндылықтар жүзеге асады
Пәнаралық байланыстар сауат ашу-қима қағаздағы сөздерді оқиды,еңбекке баулу-сурет салады
АКТ қолдану дағдылары АКТ-ны қолдану нәтижесінде оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдылары дамиды.
Бастапқы білім Өзі тұратын мекен- жайын, қаланың, ауылдың көрікті жерлерін атайды.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

І. Сабақта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Орындарынан тұрып,қимылдар жасау арқылы айтады.

Қуанамын менде

Қуанасын сенде

Қуанамыз достарым

Арайлап атқан күнге

Ауыл маңы саз, саз, саз.

Жайылады қаз, қаз, қаз.

Жем шашсаң, мәз, мәз, мәз.

Тоймай қалса қаз, қаз, қаз.

Шашқан дәнің аз, аз, аз.

интербелсенді тақта.
Сабақтың ортасы

20 минут

Сергіту сәті «Ақ бұлақ» Youtube 2 минут

І. Топқа бөлу. Қаланың, ауылдың тіршілігін бейнелейтін суреттер,көшелердің аттары жазылған қағаздар араластырылып үстелге қойылады. Әр суретте

не бейнеленгенің анықтап алып, ауыл ғимараттары бар сурет алғандар 1-топқа, қаланың ғимараттары бар сурет алғандар

2-топқа, көшелердің аттары жазылған қағаздарды алғандар

3-топқа отырады.

(Ұ Ж) Интербелсенді тақтадан киіз үй, өрісте жайылып жүрген малдар, ауыл мектебі, ауыл адамдарының суреттерін көрсетеді.

-Бұл қандай елді-мекен?

(О) Ауыл. (Тақтадан ауыл сөзі шығады)

Қалаға байланысты суреттерді көрсету

(М) Бұл қандай елді мекен?

(О) Қала(Тақтадан қала сөзі шығады)

(М) Ендеше бүгінгі сабақта не туралы айтатын боламыз деп ойлайсыңдар?

(О) Қала мен ауыл.

(М) Дұрыс айтасыңдар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қала мен ауыл»

Слайд арқылы топтың ережесімен танысады.

(ТЖ) І топ: «Фотосурет жандандыру әдісі».

Семей қаласының көрнекі жерлерінің ғимараттарының фотосуреттері беріледі.

Тапсырма: бұл ғимараттар қай жерде орналасқаның айту,көшесін атау, нақты ғимарат жайлы әңгімелейді. (Жіпкергішке ілу)

Бағалау:

ІІ топ: «Баспалдақ» әдісі.
Ауылдық жерлерді сипаттау.Әр оқушы бір көрікті жерді алады. Сол көрікті жерді толық баспалдақ сатысы арқылы ауылды сипаттауға арналған тірек сөздерді сипаттап жоғары көтереді. (Ауылдың табиғаты, жайылым, егістік, құлып, мешіт, бау-бақша)

(М) Ауылда ата-әжелеріне барғанда қандай басты көшелерді білесіңдер?

Күтілетін жауап:

(О) (Ауылдағы орталық көше: Жамбыл көшесі, онда ауылдың мешіті,жанында тағы мектеп бар)

Бағалау: «Бағдаршам»

ІІІ топ «Зерттеу» әдісі.

Өзінің тұратын елді мекеннің көрікті жерлеріне зерттеу жасайды. Зерттеу мақсаты оқушылар өздеріне ұнайтын жерлерді алып зерттейді.Зерттеудің төмендегідей дағдыларына сүйене отырып,зерттеу жұмысын жүргізу.

  • Бақылау нысаны-орталық алаң,
  • Зерттеуді жоспарлау
  • Мәлімет
  • Нәтиже түсіндіру

Дескриптор:

1.Көрнекті жерлерді анықтай алады.

2.Зерттеу нысанын таңдай алады.
3.Жинақталған ақпарат бойынша суреттер салады және постер құрай алады.
4.Зерттеу нысаны туралы әңгімелейді. Тазалықты сақтау, гүлдендіру, өзін- өзі ұстау мәдениеті туралы жарғы құрастырады. (мұғалімнің қолдауымен)

«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды.

Интербелсенді тақтадан киіз үй, өрісте жайылып жүрген малдар, ауыл мектебі, ауыл адамдарының суреттері

Интербелсенді тақтадан топта жұмыс істеу ережесі шығады

Кеспедегі сөздер(Ауылдың табиғаты, жайылым, егістік, құлып, мешіт, бау-бақша)

Орталық алаң,Абай атындағы драма театры,ән айтатын субұрқақ,әкімшілік ғимараты

Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы

10 минут

8 минут

Сабақты бекіту

Дәптермен жұмыс : Қаладакездеспейтінзаттарды тап. Оларды қызыл қарындашпен қорша.

Тапсырманы орындап болған соң, қасындағы жұптармен ауысады.бірін-бірі тексереді. Жұппен бағалайды.

Ұжымдық жұмыс: «Венн диаграммасы»

Ақылдасып ауылмен қаланың ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Кеспе қағаздарда сөздер жазылған.(трамвай,ат арба,өріс,биік үй,саябақ)

Қала Ауыл

ұқсастығы айырмашылығы

Ауызша кері байланыс (Жарайсың! Тамаша! Талпын!)

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл- күйді, бет-әлпеті салынған сүреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар

Түсіндім

Жұмыс дәптері

Кеспедегі сөздер .(трамвай,ат арба,өріс,биік үй,саябақ)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап

отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылар қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты салыстыруда,сипаттауда және зерттеуде «Бас бармақ», «Үш түрлі смайлик», «Бағдаршам» әдістері арқылы бағаланады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қолданылған сергіту сәтімен белсенді оқыту әдістері оқушы денсаулығын сақтау мақсатына бағытталады.Қаланың көрнекі жерлеріне топсеруенге шығарда өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз )

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.