Жаңа сабақтар

Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолд ану

САБАҚ: Спорттық ойындар

(Волейбол ойыны).

Колледж: Орал қаласы Құрманғазы атындағы саз колледжі
Күні: 18.10.2019 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Куанов Алтынбек Джанузакович
СЫНЫП: 1 курс Қатысқандар: 24 Қатыспағандар: 0
Сабақ тақырыбы: Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 1.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, допты бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:

Волейбол ойынының қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы, дағдыларын және реттілігін жетілдіреді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

волейбол ойыны бойынша арнайы қимыл-қозғалыс әрекеттерді дамыту ,допты бақылауды және икемділікке арналған дағдылары жетілдіреді және дәл орындайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Волейбол ойыны бойынша арнайы қимыл-қозғалыс әрекеттерді дәл орындайды, допты бақылауда және икемділікке арналған қимыл-қозғалыс жетілдіреді және өзгеге өз бетімен көрсетіп, үйрете, көмектесе алады.

Жетістік критерилері: Допты үстіне қабылдау, қимыл-қозғалыстарын орындай отырып, доп қабылдауды дағдыларын біледі және көрсетеді.
Дескрипторлар: — Допты ойынға қосу және екі қолмен қабылдауды көрсетеді..
— Допты астыдан ойынға қосу және жоғардан қабылдай орындайды
— Допты жоғардан беру техникасын доппен орындау барысында орындайды
— Допты жоғарыдан беру және қабылдауды бірге қосып көрсетеді.
Тілдік мақсат: Пәнге тән лексика мен терминология.

Волейбол – волейбол-volleyball

Шабуыл- нападение – аttack

Жоғарғы-высокий-high

Төмен-низкий-are low

Волейбол ойынын ережесін түсіндіріп кетемін.

Пән аралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын, физика,биология.
Алдыңғымеңгерілгенбілім: 1.1.3.1 – арнайы спорттық техниканы орындау кезіндегі қозғалыс кезектілігі мен дағдыларды жалпылау және жетілдіру
Сабақтың жоспарланған

кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың барысы -Оқушылармен амандасу.

-Спорттық киімдерін қарап.кім жоғын тексеру.

-Жалпы дамыту жаттығулары

-Саптық жаттығулар

-Жүру жаттығулары

-Жүгіру жаттығулары

-Бір орында орындалатын жаттығулар

-Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Спорт алаңы, волейбол добы, ысқырғыш, слайд.

Спорт алаңы, ысқырық

Сабақтың ортасы Допты ойынға қосу және екі қолмен қабылдау.

Допты дәл беру үшін қолды дұрыс ұстауға мән беру керек

Допты астыдан ойынға қосу және жоғардан қабылдау. 5-6 рет

Оқушыларды екі қатарға қоямыз.Бірінші қатардағы оқушылар допты 5 рет екі қолмен төменнен беріп тұрады,ал екінші қатар 5 рет допты қабылдап тұрады.Содан соң доп екінші қатарға ауысады.Осылайша бірнеше рет қайталймыз.

Допты жоғардан беру техникасын доппен орындау барысында үйрету.

5-6 рет

Бірінші қатардағы оқушылар допты өзінің алдына басынан жоғары лақтырып,содан соң допты жоғарыдан екі қолымен беріп тұрады.5 рет берген соң екінші қатарға ауысады.бірнеше рет қайталау.

Допты жоғарыдан беру және қабылдауды бірге қосып орындау

5-6 рет

Оқушыларды екіге бөліп, жартысы допты береді, ал қарама-қарсы беттегі топ допты қабылдап тұрады, ауысып отырады.

Волейбол ойынату.

Волейбол доптары. Ысқырғыш.
Сабақтың соңы Оқушыларды сапқа тұрғызу, демалыс жаттығулары.

Сабақ бойынша рефлексия өткіземін.

Оқушылар өз жұмыстарын «Бағдаршам» тәсілімен бағалау.

Дифференциалды оқыту:

— Допты ойынға қосу және екі қолмен қабылдай 5-6 рет қайталап орындайды.
-Допты астыдан ойынға қосу және жоғардан қабылдауға дағдыланды,
допты жоғардан беру техникасын үйреніп 7-8 рет орындайды.
— Допты жоғарыдан беру және қабылдауды бірге қосып 10-12 рет қайталайды.

Бағалау Оқушыларды «Бағдаршам»аркылы бағаланады.

Қызыл-енді түсініп келемін

Сары-түсіндім

Жасыл-барлығына түсіндім.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау Қимыл-қозғалыс ойынындағы қауіпсіздік ережесін қайталау
Сабақбойынша рефлексия: Оқушыларға сұрақ-жауаптар:

  • Нені білдің, нені үйрендің?
  • Допты астынан ойынға қосу әдістерін үйрендіңдер ме?
  • Жоғарыдан берілген допты қабылдау әдістерін айтып түсіндіріңдер?

-Сабақтың барысында аталған мақсаттарға қол жеткіздін бе?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.