Жаңа сабақтар

Чубанова А.М.

«Ас атасы-нан, Нан атасы-дән»

Білім саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеумет»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Кіріктірілген оқу қызметі

Тақырыбы: «Нан дастарға қалай келеді?»

Мақсаты:Күз туралы түсініктерін кеңейту, дәнді дақылдарды өсіру туралы түсініктерін қалыптастыру. Нанның адам өміріндегі маңызын түсіндіру, нан түрлері, нанның дайындалу технологиясы туралы түсінік беру.

Еңбекке деген ынтасын арттыру, диқаншы еңбегін қадірлей білуге, еңбекті бағалай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Логикалық ойлау, жүйелі сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс

(нан илеу, дән егу), топтастыру

Сөздік жұмыс: Сары күз, диқан, наубайхана

Билингвальды компонент: ұн-мука, бидай-пшеница, нан-хлеб

Оқу қызмет барысы:

Тәрбиеші: Қайырлы таң, балалар! Шаттық шеңберін құрайық. Көңіл-күйлерің қалай?

Көңілді болғанда не істейсіңдер? (күлеміз) Олай болса, бүгінгі көңіл-

күйімізді смайлик арқылы көрсетейік.

Бүгінгі күніміз де ерекше, қонақтар келіпті.

Шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп, бас иеміз біз.

Армысыздар, қонақтар!

Армысыңдар, достарым!

Дастарханда әр үйдің,

Болсын әркез нанымыз!

Ұйымдастырушылық-ізденушілік:

Тәрбиеші: Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілі
  • Күз мезгілінде неше ай бар?
  • Үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша.
  • Қазір күз мезгілінің нешінші айы?
  • Үшінші айы -қараша. (Алтын күз, Сары күз, Қоңыр күз)
  • Балалар, күзде адамдар қандай еңбектермен айналысады?

Бау-бақшада көкөністер мен жемістерді жинайды, малға шөп шабады, тосап, салат жасайды, астық піседі, егін жинайды, ,т.б.жұмыстар атқарылады.

Тәрбиеші: Міне балалар, өздерің байқағандай астық жинайды дедіңдер. Қандай дақылдар піседі.?

-Бидай, күріш, тары, т.б.

-Бидай дәнінен не пісіреміз?

-Нан пісіреді.

-Нан дастарқанға қалай келеді?

Тәрбиеші: Нан дастарқанға үлкен еңбекпен келеді.Дастарқанымызда тәтті де дәмді, хош иісті нан пайда болғанға дейін, алдымен бидайды өсіру қажет. (слайдпен жұмыс, нанның дастарқанға келу жолының ретін айтып түсіндіру)

НАН сөзін тақтаға жазу, дыбыстық талдау жасату.

Дидактикалық ойын: «Ұннан жасалған тағамдарды тап»

Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса, баспаңдар

Теріп алып, қастерлеп

Торғайларға тастағдар!

Тәрбиеші : Ал енді балалар, біз сендермен ҒЫЛЫМ, КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ, АСПАЗШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНА САЯХАТ жасайық.

Ғылым орталығы: Тәжірибе жасау ( топырақты шұңқырлап бидай егу, егін алқабын көрсету, дақылдар туралы айту, бидайды таңдату)

Толғанай: Тары – астық тұқымына жататын бір жылдық өсімдік. Ол арпа, бидай, күріш

секілді өте ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Тарыдан жасалған тамақ аса

жұғымды және қуатты келеді.

Айқын: Бидай — астық тұқымдасына жататын, ең маңызды тағамдық дақыл. Бидайдан

ұн тартылып, нан және нан өнімдері пісіріледі.

Ясмина: Арпа – астық тұқымдастарға жататын бір жылдық аса бағалы дақыл.

Қайсар: Сұлы — азықтық дақыл. Сұлыдан жасалған тағамдар аса пайдалы.

Сұлы жармасынан жасалған ботқа дәмді әрі пайдалы, оны «геркулес» дейді.

Нұрасыл: Күріш – суда өсетін дәнді дақыл. Күріштен дәмді ботқа, өте көптеген

тағам түрлерін дайындайды.

Нұрсұлтан: Қарақұмық – адам ағзасы үшін өте пайдалы, құнарлы тағам. Оның

құрамында май, ақуыз, көмір, дәрумендер және темір бар.

Аспаздық орталығы: —Балалар, біз қандай орталыққа келдік?

-Аспаздық орталығына

  • Аспаздық орталығында не істейді?
  • Тамақ пісіреді

  • Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз сендермен қонақтарға, достарымызға арнап бауырсақ, тәтті тоқаштар пісіреміз. Балабақшаның бас аспазшысы Гүлзия апайларыңмен нанды қалай пісіру және пісіру үшін құрамында не болу керектігі туралы білгіміз келеді.

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Мақсаты:Суретте көрсетілген артық суретті алып тастап, нан пісіру үшін қандай азық-түлік керек екенін табу.

Қыздар нанды пісірудің ретін еске түсіріп, қамыр илеу үшін не керек екенін табуы керек. Әр түрлі азық-түліктің суреттері тұрады. Қыздар өздері не қажет екенін тауып, артық суреттерді алып тастайды.

Көркем әдебиет орталығы: 1-тапсырма: Мақал-мәтел, тыйым сөздер

Шахмардан:

Қоныс көркі – там,

Дастархан көркі – нан.

Алинур:

Дастарханында наны жоқтың,

Тағамының дәмі жоқ

Айқын:

Тістем нанның қадірін,

Тарыққанда білесің.

Еркежан:

Нан болса, ән болады

2-тапсырма: Ө.Тұрманжановтың «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңінен сахналық көрініс. (Айзере- қуыршақ, Мағжан- бауырсақ )

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

-Қайдан келдің, бауырсақ?-

деп сұрады қуыршақ.

Дүкеннен келдім нан сатқан,-

деді оған бауырсақ.

Дүкенге келдің қай жақтан?

Наубайдан келдім нан жапқан.

Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Диірменге келдің қай жақтан?

Даладан келдім кең жатқан.

Жер- анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

3-тапсырма: Мәнерлеп оқу, балалар жаттауы

Ахмет: Дастарқан басынан,
Үзілмес асыл дәм.
Ақ тоқаш,ақ қалаш,
Адамның асы — нан.
Ұқ мұны сен, бөбек,
Нан деген дәм бөлек.
Жерге оның түйірін,
Түсірмей жеу керек.

Мағжан: Ей, бабалар, балалар!

Болмаңдар, сірә, нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.

Елді ырысқа бөлеген,
Ән-өмірің, ән-өлең.
Ержеткен соң жер жыртып,
Егін салып, дән егем.

Мадияр: Нан –ардақты адал ас,

Кәрі-жас одан аттамас.

Нандай жоқ қой асыл дән,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

Айым: Нан анасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

Еркеназ: Берекесі асыңның

Жеп үйренген жасыңнан.

Қандай жақсы асыл дәм

Бауырсағы қазақтың

Айбарали: Жарып шыққан қауызын,

Дән – өмірлік азығың.

Жегеніңде ақ нанды

Нәрге толар ауызың.

Ерте тұрып ақ таңнан,

Қара жерге нәр құйған,

Айналайын диқаннан

Егін егіп, дән жиған.

Тәрбиеші: Балалар біздің дәмді тоқаштарымыз дайын болғанша бүгінгі күнге арнайы жаттап, дайындаған әнімізді айтып берейік қонақтарға. «Нан болса, ән болады» деген, дана халқымыз.

Ән: «Бай дала »

Қорытынды: Сұрақ –жауап әдісімен оқу қызметінен алған білімдерін пысықтайды.

Тәрбиеші: Нансыз тыныштығың да болмайды

Көкіректі мұң, жерді шаң торлайды.

Елімнің құдіретін асырып тұрған.

Менің де, сенің де, Отанның да,

Мерейін үстем ғып тұрған. Дән емес пе?

Дән- ән емес пе, дән-нәр емес пе ?

Дән-нәресте, дән-тіршілік тоқтамайтын…

О, адамдар! Тіршілік арнасын сақтаңыздар

Диқанның еңбегін тер төккен ақтаңыздар.

Әр дәнді жоғалтпай, өмірдей сақтаңыздар!

Күтілетін нәтиже: Нанның дастарқанға келу барысын айта алады.

Түсінеді: Нанның адам өмірінде алатын орнын; астықтың түрлері болатынын, дастарқанға нан келгенше қанша адамның тер төгіп, еңбек етуі қажет екенін.

Қолданады: Үлкендер еңбегін құрметтейді, нанды қастерлейді, өзіне және өзгенің еңбегіне баға береді.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.