Жаңа сабақтар

«Біздің тамаша отбасы»

Алматы қаласы МКҚК №162 бөбекжай-балабақшасы Чубанова Ардак Мураткановна

«Біздің тамаша отбасы»

Балалар мен ата-аналарға арналған ойын-сауық сценариі

Өткізілу орны: Музыка залы

Өткізу уақыты: 2018 жыл «18» сәуір, сағат 11:20

Қатысушылар: 4 отбасы ( анасы және баласы)

Дайындаған: МКҚК №162 бөбекжай-балабақшасының мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Чубанова А.М.

Мақсаты: өз отбасына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін ояту, бірге тұратын жақын адамдардың бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу; балалардың өз істерін бағалау, ойлау қабілетін дамыту, топпен бірге жұмыс істей білуге баулу, жетістікке жету жолында еңбектену, өз іс-әрекетіне, отбасымен мақтану сезімдерін қалыптастыру.

Керекті құралдар: мольберт (сурет салуға қажетті құралдар), аудио жазбалар, бейне жазбалар, пикникке,моншаға, серуенге,пляжға қажетті заттар, суреттер, дыбыс құралдары(ысқырық, секундомер, сылдырмақ, асатаяқ, тұяқтас, дауылпаз және марапаттау қағаздары)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және қатысушы отбасылар! Сіздерді біздің балабақшада көргенімізге қуаныштымыз. Біз жаңа отбасылық «Біздің тамаша отбасы» ойын-сауығымызды бастаймыз. Ата-аналар өз ұрпағын жаңа қырларынан танып білсе, бір сәтке «таңғажайып балалар әлеміне» сапар шексін , ал балаларымызға тапқырлық пен тамаша көңіл күй сыйлайық.

Бұл ойынға «Балдырған» тобының 4 өжет отбасылық жұбы осы топтағы тәрбиеленуші баласымен қатысады. Ең мықты отбасы «Мерейлі отбасы» атағын жеңіп алады.

Қатысушы отбасыларымен таныс болыңыздар:

1-отбасы: «Альсеитовтар» жанұясы

2-отбасы: «Блегеновтар» жанұясы

3-отбасы: «Зауатбековтар» жанұясы

4-отбасы: «Ерғалиевтар» жанұясы

Ойын ережесімен таныс болыңыздар. Ойын 7 кезеңнен тұрады, әр кезеңнен ұпай жинайсыздар. Сол ұпайдың қорытындысы бойынша жеңімпаз отбасыны анықтаймыз.

Енді қадірлі де әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Рыскулова Ж.Ө.- балабақша меңгерушісі
  2. Ата –ана
  3. Бауыржан Б. – балабақша әдіскері

1-кезең: Таныстыру (презентация): «Менің отбасым»

Әр қатысушы — отбасы өз отбасы туралы бейне жазба дайындап келеді, оған берілетін баға 5 ұпайдың көлемімен белгіленеді.

2-кезең: «Тауып көр»

Ата-ана (не әкесі, не анасы) 5 карточкада сөз жазылған, баласына сөзді айтпайды жанама түрде айтады, қимылмен көрсетуге болады.

1 минут ішінде бала табу керек қандай сөз екенін. Қазылар баланың тапқан сөзін есепке алады.

1-отбасы: пальто, машина, балмұздақ, мұрын, телефон

2- отбасы: қолшатыр, жүзік, кітап, сыпыртқы, торт

3- отбасы: түлкі, аяқ, қар, қорап, музыка

4- отбасы: саусақ, кітап, бал, кілт, шәй

3-кезең: «Кішкентай суретшілер»

Балалар мольбертке еркін тақырыпта сурет салады, ата-анасы баласының туындысын талқылайды ( мазмұнын, көңіл күйін табады). Қорытындысы 4-кезеңнен кейін шығарылады.

4-кезең: «Сұрақ- жауап»

(балаларсыз өткізіледі тек ата-ананың қатысуымен)

Балалар сурет салуға кетеді, әр отбасыға 3 сұрақтан қойылады ата-анасының жауабы баласының алдын ала берілген жауабымен сәйкес келу керек. Аудио жазбамен баланың жауабы тыңдалады.

Қазылар жауабы баласымен бірдей шыққан жауапты қабылдайды.

Жасұлан: 1. Қайсы ойын қызық қуаласпақ па тығылмақ па?

  1. Балаңыздың сүйікті мезгілі: қыс, жаз ?
  2. Не дәмді котлет пе сосиски ме?

Аруна: 1. Балаңыз кіммен уақытты көп өткізеді: атасымен әлде

әжесімен?

  1. Баланыңыз қайсысын қалайды: мысықты ма, күшікті ме?
  • Балаңыз су жағасында нені ұнатады: шомылғанды ма, құмнан

  • қамал жасағанды ма?

    Адема: 1. Не маңызды: сұлулық па байлық па?

    1. Балаңыз кімді көп қалайды: ініні немесе сіңліні?
  • Әнді көп кім біледі: анаң ба, әкең бе?

  • Ерсайын: 1. Не қызықты: достармен ойнаған ба, жоқ компьютерде

    ойнаған ба?

    1. Анаңа не киген әдемі: юбка ма, сым ба?
  • Балаңыз қай тәттіні жақсы көреді: торт па конфет?

  • Сергіту ән-жаттығу «Көңілді күн» (музыкасы мен биі қосылады,

    қатысушылар соған қарап бой сергітеді)

    5- кезең «Ситуациалар, не істеймін?»

    Сұрақ: Сіз балаларыңызды алып қонаққа бардыңыз, ойнап жүріп көп қонақтың балаларымен жанжалдасып қалды. Сіздің іс-әрекетіңіз, бұл ситуацияны қалай шешесіз?

    Сұрақ: Сіз балаңыз яғни тұңғышыңыз мектепке 1-сыныпқа барды. Балаңыздың оқуы дұрыс болу үшін негізгі іс-әрекеттеріңіз, қалай көмектесесіз, не істейсіз?

    Сұрақ: Балаңыздың балабақшаға алғаш келген күні, сіз баламен балабақшаға дейін қандай жұмыстар жүргізесіз және балабақшаға келген бірінші күн нәрсеге басты көңіл аударасыз?

    Сұрақ: Егер балаңыз дүкенде, сауда орталығында немесе базарда бір ойыншыққа қатты қызығып, алып бер деп жылады, бірақ сіздің ақшаңыз санаулы қажетті зат алуға ғана жетеді. Балаңыз айқанға, ақшам жоқ дегенге көнбей, жерге жата қап аунап жылады.

    Сіздің әрекетіңіз, ситуациядан қалай шығар едіңіз?

    6 – кезең «Мен білемін»

    Балалар ширманың артына жіберіледі. Әр балаға бос себет беріледі, пикникке, моншаға, сенбілікке,пляжға (жағажай) қажетті заттарды( суреті бейнеленген) өз білуімен, өз ойынша салады. 1 минут ішінде салу керек, уақыт біткенде жүргізуші себетті алып шығады, ішіндегі заттарды атайды. Ата-ананың міндеті- өз баласының нені салып жатқанын тізімдеу. Дұрыс себетті жинау мен ата-анасының керекті заттарды тізімдеуімен қаншалықты сәйкестік бар болуына қарай ұпай беріледі.

    7 — кезең «Түсінші мені»

    Ойын-жарысқа бірден 4 отбасы қатысады. Жүргізуші жасырған сөзінің түсініктемесін оқиды. Әр отбасының міндеті – бәрінен тез әрі нақты баланың не туралы айтқанын табу. Жауабы дайын отбасы музыкалық аспабымен дайын екендігін білдіреді. Қазылар отбасылардың дұрыс тапқан сөздерін есепке алады.

    Жұмбақ-сөздер:

    1. күрек
  • отшашу

  • пошта

  • әмиян

  • таразы

  • ұрыс

  • тосынсый

  • әке

  • Ойын көрермендермен «Өз отбасымды жақсы көремін!»

    Жүргізуші қуанып- келісетін немесе ренжіп-келіспейтін сөйлем мен сөз тіркестерін оқиды. Егер ойыншыларға оқылған әрекеттер ұнаса қолдарын шапалақтайды, ұнамаса аяқтарын тоқылдатады.

    Сөйлемдер:

    1. Сурет салып, оны әкеме сыйладым.
  • Гүл салатын құмыраны сындырдым.

  • Анама ыдыс жууға көмектестім.

  • Атамды ренжіттім.

  • Бәріне қайырлы түн тіледім.

  • Әжеме гүл суғаруға көмектестім.

  • Үйдің түсқағазына сурет салдым.

  • Төсегімді өзім жинадым.

  • Қорытындылау, ұпай сандарын анықтау.

    Қазылар алқасы ойын –жарыстың нәтижесін хабарлап, жеңімпазды анықтайды және жүлдегер отбасын марапаттайды.

    Жүргізушінің қорытынды сөзі.


    Зайтуна Есмаганбетова

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.