Жаңа сабақтар

Бердешова.А.Б

Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі

Даярлық сыныбының тәрбиешісі: Бердешова.А.Б

Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға,

кішіге қамқор болуға үйрету. Ата – анаға мейірімді, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға, мектеп мүліктерін сындырмауға үйрету, оқушыларды әдептілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: өнегелі сөздер, мақал – мәтел, қабырға газет.

Тәрбие сағатының өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Оқушыларды түстер бойынша бөлу. Жылы шыраймен, қуанышпен тәрбие сағатын бастау. Абайдың «Адам болам десеңіз» өлеңі мәнерлеп оқылады.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген мақалға қалай жауап берер едіңіз?

Мұғалім:

Білер қазақ баласы: «Сәлем – сөздің анасы»

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Оқушы:

  • Сәлеметсіз бе, ағай! – деп
  • Сәлеметсіз бе, апай! – деп,

  • Есенсіз бе, әжей! – деп,.

  • Амансыз ба, атай! – деп,

Ұл – қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Мұғалім: «Алтын ақыл».

  1. Үйде, мектепте, көшеде «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!», «Қайырлы күн!» деген сияқты ізгі сөздерді ұмытпа.
  1. Жасы кішілер үлкендерге сәлем береді, ал ұл балалар қыздарға амандасады.
  1. Кітапханада, емханада немесе көшеде әлдекімнен жөн сұрасаң немесе өтініш жасасаң, ептеп басыңды иіп сөйлес – бұл сәлемдесу белгісі.

Мұғалім: «Жұмбақтар шешу».

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу – айқай.

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

/«Кешіріңіз!»/

Осы келген бетінде

Допты қудың, жарыстың,

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді?

/«Сәлеметсіз бе?»/

Үй артыңда қоқысты

Жатқан көптен үйіліп

Тазалайды қарт кісі,

Белі зорға иіліп,

Не дегенің жөн еді?

/«Көмектесейін»/

Сыйлап үлкен ағаны,

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

/«Әдепті»/

Кітап, дәптер, қаламы,

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

/«Ұқыпты»/

Таудай биік талабы,

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

/«Үлгілі»/

Ортаға екі оқушы шығады, біреуі – салақ, біреуі – жақсы оқушы. Осы жақсы мен жаман оқушыны салыстыра отырып Венн диаграммасын толтырады.

  • Міне, оқушылар біздер оқу – құралдарымызға, өз киімдерімізге, мектеп мүліктеріне ұқыптылықпен, тазалықпен, мұқият қарауымыз керек пе?

ІІІ. «Көрініс».

Арманның апасы мен көкесі үйде жоқ болатын. Бір кезде есіктің қоңырауы шырылдады. Арман есік ашты. Ар жағында Ажар апай тұр екен. Арман Ажар апайды танитын. Ол апасымен бірге жұмыс істейде.

  • Амансың ба, балам! – деді ол.
  • Ата – анаң қайда?
  • Олар үйде жоқ, деді Арман
  • Қап, Бір шаруамен келіп едім…

Ажар апай сәл бөгеліп тұрды да, бұрыла берді.

Ой қозғау: Сендер Арманның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Айдар бір сыныптасы Жанатты үйіне шақырды. Бірақ Жанат Айбарды көп күттірді. Кешігіп жетті. Алқын – жұлқын кіріп келді. Күткізгені үшін кешірім де сұраған жоқ. Тіпті сырт киімін шешпестен төрге бірақ шықты. Әр нәрсені қолына алып қарайды.

  • Туу, қандай әдемі нәрсе, қайдан алдыңдар? Ол сыры кеппеген сүңгіні сермеп ойнай бастады. Мұны Айбардың әкесі өзі жасаған болатын. Сауыттың быт – шыты шықты. Жанаттың шыны сынықтарын жинау ойына де келмеді.

Бұл кезде шай дайын болған еді. Жанат шайды да апыл – ғұпыл ішті. Дастархандағы кәмпиттің бәрін қалтасына салды да тұрып кетті.

  • Мен кеттім – деп ол жүгіре басып үйден шықты.

Ой қозғау: Сендер Жанаттың қылығын қалай бағалайсыңдар?

ІҮ. «Ситуациялық сұрақтар».

Сіз қонақтасыз!

Телефонмен сөйлесу мәнері.

Қалалық көлікте жүру тәртібі.

Ү. Қорытынды.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді халқымыз. Сондықтанда жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп әр кезде өзімізді жақсы жақтарымыздан көрсетіп, аталарымыз бен әжелеріміздің, аналарымыз бен әкелеріміз, апаларымыз бен ағаларымыздың, асыл сөздерін есімізден шығармағанымыз дұрыс болар.

.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.