Жаңа сабақтар

Ижапқұлова Гүлжазира Кенжебайқызы

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты
дамытудағы «ертегі терапиясының» әдісінің маңызы

Ижапқұлова Гүлжазира Кенжебайқызы

Атырау обылысы,Қызылқоға ауданы,Миялы ауылы

«Нұр-Шуақ» бөбекжай бала-бақшасы тәрбиешісі

II-санатты тәрбиеші

«Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегілерді айтуда, көптеген ертегілерді қысқартуға,

өзгертуге болады және солай болуы тиіс». А. С. Макаренко.

Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдардың бірі-ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, мінез-құлықтар, өз халқына, Отанына деген, табиғатқа деген сүйіспеншілік бейнеленген. Бүгінгі таңдағы кей балалар «Мадакаскар», «Шрек», «Тобот» кейіпкерлеріне әлде қайда айырбастап, шытырман сюжетке сеніп кеткен. Бірақ бұл мультфильмдердің балалардың санасын улап жатырғанын ата-ана сіз бен біле бермейміз. Мұны біз емдеп жазуымыз керек. Балаларды ішкі жан дүниесін емдеп жазу– ертегі терапиясы деп аталады.

Ертегі терапиясы- бұл жаңаша әдіс. Ертегі дүниенің ішкі жағынан ақтарып, кейіпкерлерді жағымды іс-әрекеттер арқылы, көптеген үрейлі жағдайлардан арлытып, балалардың сана сезіміндегі қателіктерді дұрыс жолмен шешуге мүмкіндік береді. Ертегі терапиясы- жақсылыққа үміт береді де балалардың өмірінде болып жатқан көрмеген бір қатар оқиғаларды көз алдарына елестеткізеді. Ертегі терапиясының бір ғажайып құбылысы бар: ертегіде көзге көрінбейтін ұстаз бар екені сезіледі, ол сездірмей үйретіп отырады, кейіпкерлерге қателік жасауына жол бермейді.

Ертегі- болашақ ұрпақ үшін тәрбиелік мәні бар рухани қазына. Сондықтанда біз сол бай мұраны одан әрі жаңғырта пайдаланып, бүлдіршіндеріміздің бойына әсемдік, әдептілік, адамгершілік, үлкенге қамқор, кішіге ізетті болу, еңбекқорлық, Отанын қастерлей білу, дарындылық қасиеттерін бойына дарыта білу біздің басты мұратымыз.

1

Жұмыстың мақсаты:

Ертегі терапиясы арқылы баланың таным түсінігін, ақыл-ойы қалыптастыруға, дұрыс жолға салуға, қоршаған ортаға деген көз қарасын өзгертуге, дүние танымын кеңейтуге жол ашу.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Балалардың шығармашылық, тапқырлық қасиеттерін дамыту.
  2. Қиялдарын қанаттандыру.

  3. Балалардың сөйлеу мәдениеттерін, ой-өрістерін, өзара әрекет етуін жетілдіру.

Педагог міндеті:

  1. Ертегі терапиясы арқылы балаларды жеке тұлға болып қалыптасып кетуіне жағдай жасау.
  • Жаңа инновациялық технология әдіс- тәсілдерін қолданып, балаларды ертегі әлеміне деген қызығушылығын ояту.

  • Өз ана-тілінде таза, дұрыс сөйлеуге машықтандырып, жан-жақты дамыту.

  • Ертегі терапиясының түрлері:

    1. Ертегіні айту.
  • Ертегіні сурет арқылы салу немесе сызба нұсқасы және дайын сурет арқылы ертегі кейіпкерлерін көрсету.

  • Қуыршақпен сомдау.

  • Ұсақ ойыншықтар арқылы көрсету.


  • Зайтуна Есмаганбетова

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.