Жаңа сабақтар

Ижапқұлова Гүлжазира

Атырау облысы,Қызылқоға ауданы,Миялы селосы

“Нұр-Шуақ” бөбекжай-бала бақшасы

Ижапқұлова Гүлжазира Кенжебайқызы

II-санатты тәрбиеші

Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы,олар мағұлмат беру.Негізінен оларға қамқор болуға,құстардарды аялауға бейімдеу.Әлем құстарымен таныстыру.Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын,олардың азайып кеткенін хабардар ету.Балалардың құстар туралы ой өрістерін,түсініктерін дамыту.Отанын,жерін,орманын,көлін,табиғатын сүйюге баулу.

Көрнекіліктер: Құстардың суреттері.

Жүргізуші: Біздің халқымыз кең далада,табиғат құстары бай далада өскен.Бүгінгі «Құстар-біздің досымыз» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.1-сәуір десе,ойымызға күлкі күні оралатыны анық.Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнінде атап өтеді. 1906 жылдың 1сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын.Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.

Ендігі кезекте Көбелек тобының бүлдіршіндері дайындаған тақпақтарға кезек берейік.

Раяна:

Сәуір келді тірлікке жан кірді.

Кең дала жасарып,жаңғырды,

Бар өңір құлпыра бастады,

Төсіне құйып ақ жаңбырды.

Тірлікке жан кірді көктем кеп,

Айнала,сай-сала көкпеңбек,

Диқанның арқасы босады.

Қытымыр қысымыз өтті деп.

Азамат:

Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек қаз қонды.

Аян:

Қызыл тал,қызыл тал,

Қызыл талда бүршік бар,

Бүршігін сол жарғаны,

Көктем келіп қалғаны.

Ұшып келген ең алғаш,

Қараторғай қырағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді «менің» тұрағым.

Жүргізуші: Балалар,біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз құстар мерекесін тойлаймыз.Міне сол күн,сол мереке биылда келіп жетті.Өлкемізде,өзен мен көлдеріміз,тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі-құстар.Халық ежелден-ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз,ең жақсы құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп отырады.

Ендеше қанатты достарымызды қарсы алайық.

Аяжан:

Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз қолдаймыз.

Ұя жасап құттықтап,

Біз оларды қорғаймыз.

Сұлтан:

Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын ілестіріп,

Көрікті көктем келді

Самалына нұр есіп.

Абдурахман:

Сағынышпен жеткен,

Қуана бер көктем.

Жайнап нұрлы гүлің,

Басқа құстар күнін.

Көктем: (Залға қарап бас иіп)

Сәлем достар аманба?

Мынау бейбіт заманда.

Шат шадыман көктеммін,

Шаттық толсын әманда.

Ән құрадым үніммен,

Сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді,

Құт береке күніңмен.

Би: «Көбелек» Көбелек тобының қыздары.

Көбелек билеген қыздар көктемге амандасады.

Сәлем елдің көктемі,

Әлем енді көктеді.

Құрметпенен бас идік,

Құстарыңа көктемгі.

Көктем:

Рахмет,балалар,

Сендерде ой сана бар.

Бау бақшаның дұшпанын,

Бастырмады құстарым.

Кербез құстар әні мен,

Келді міне сәнімен.

Жүргізуші:

Халық «көкек келді-көктем келді»-дейді.Қадірі мен қасиет онша емес,осы бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен.Бұл кезде қар еріп ағыл-тегіл бұлақтар ағады.Жер беті жасыл көрпеге жамылып,көзге ыстық,көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады.Не деген ғажап «кө-кек,кө-кек» деп ән салады.Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.

Көкек: Айгерім

Жаршысы көктемнің

Көкек дейді мені жұрт

Өз атын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт.

Көктем:

Құстарым,менің құстарым,

Ұнайды биік ұшқаның.

Мерекелік шеруді жалғастыра бер құстарым.

(түрлі құстардың бас киімін киген балалар бір-бірлеп шығып өздерін таныстырады)

Қарлығаш : Мирлан Нұрислам

Қарлығашпын

\Мен адамның тұрағын

Мекен етіп тұрамын.

Тазалаймын үй-ішін

Санитармын төселген.

Қараторғай: Қоныс Нұрислам

Мен қараторғаймын.

Шегірткеден жұртыңды

Қырғи болып қорғаймын.

Егістікке жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын.

Қараторғай: Ақниет

Жәндіктерді зиянды,

Құртатұғын батырмын.

Дайындайтын ұямды,

Достарға келе жатырмын.

Ән: «Құс» Көбелек тобының бүлдіршіндері

Торғай: Айбибі

Мен торғаймын,торғаймын

Көк аспанда шарлаймын

Жерге бетер қонбаймын

Суықтанда тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

Тоқылдақ: Мадияр

Құртты іздеп інінен

Қарағайды үңгіген.

Тоқылдақ құс дәрігер

Қашанда ол әбігер.

Көгершін: Қарақат

Бейбітшілік құсы менмін көгершін,

Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.

Аспан тұнық,шат көңілді болайық,

Ақ ниетті адал жандар көбейсін.

Жүргізуші: Көгершін-дүниежүзінің көптеген халықтары үшін бейбітшілік белгісі.Міне балалар өлкемізге көптен күткен құстарда келіп жетті.Олар көлдер мен өзендерді,шөл далалар мен қалың ормандарды биік-биік тауларды басып ұшты.

Балалар мен сендерге құстар туралы жұмбақ жасырайын.

1.Ауылда,қалада мекені,

Жолаушы жүрсек шығарып салады.

Алдыңнан шығады,

Жаныңда еркелетеді.

(Қарлығаш)

2.Қонып алып жарға,

Қарқылдайды не?

(Қарға)

3.Көктемде құстар қайтқанда,

Ең алдымен келетін.

Өзімізге күтіп алатын,

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс,балалар?

(Қараторғай)

4.Дамылсыз тамағын қағады

Сол жерден тамағын табады.

(Тоқылдақ)

5.Ұя салып,балапан баспайды

Өз атын атап қақсайды.

(Көкек)

Би:

Көктем: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Кәне барлығымыз «Ұшты-Ұшты» ойын ойнайық.

Көктем: Рахмет балалар! Сендер құстар туралы бәрін біледі екенсіндер.Енді менің кететін уақытым келді.Сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Балалар енді мен сендер сұрақтар айтам.Сендер соған жауап бересіндер.

1.Қай құста мүлде ұя болмайды?

Көкек.

2.Қандай құс хат тасушы атанған?

Көгершін.

3.Құстың негізгі баспанасы?

Ұя.

4.Аң аулауға қандай құс пайдаланады?

Бүркіт.

Ән: «Көктем» Көбелек тобының бүлдіршіндері.

Жүргізуші: Көбелек тобы дайындағанбүгінгі «Құстар-біздің досымыз!» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды.Әрқашан құстарымызға қамқорлық жасап жүрейік.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.