Жаңа сабақтар

Ижапқұлова Гүлжазира Кенжебайқызы

Атырау обылысы,Қызылқоға ауданы,Миялы селосы

“Нұр-Шуақ” бөбекжай-бала бақшасы

Ижапқұлова Гүлжазира Кенжебайқызы

II-санатты тәрбиеші

Тақырыбы: «Қауіпсіз көліктер»

Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру.Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметінмен таныстыру.Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын,зейіндерін дамыту.Жолда жүру ережелерін меңгерту.

Сөздік жұмыс: Бағдаршам,жол тәртібін реттеуші,көше қиылысы.

Көрнекіліктер: Бағдаршам макеті, жол белгілері.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

-Бүгінгі «Қауіпсіздік көліктер» атты тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер! Жол ережесін білу өміріміздің жазымнан сақтандырады.Оның сырын біліп,жол ережесін орындау баршамызға керек.

Психологиялық тренинг: «Достық шеңбері» сәлемдесу.

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Біздер-қазақ баласы,

Сәлем-сөздің анасы.

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Тәрбиеші:

-Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?

Балалар:

Көшелер,көліктер.

Тәрбиеші: Жолдар қандай болады?

Балалар: Тегіс жолдар,кең жолдар,тар жолдар,ұзын жолдар,қысқа жолдар.

Ізденістіру ұйымдастыру: Ауылымыздың көшелері кең,көліктер көп.

Тәрбиеші: -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Төбесінде шырағы,

Жолаушының пырағы.

Барасың деп қай жаққа,

Алдын күтіп тұрады.

Шахматтың тақтасы,

Секілді онда таңба бар.

Бұл қай көлік?

(Такси)

Бүгінгі тәрбие сағатымызда жолда жүру ережелерін есімізге түсіріп,жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің таңбаларымен танысып,аялдама таңбаларының белгілерімен танысамыз.

Балалар өлең шумақтарымен ортаға шақырамыз.

Раяна:

Санап кетсек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус,трамвай,

Автобуспен жүреміз.

Азат:

Көлік,көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен,көшелермен,

Күнде тынбай жүреміз.

Қоныс Нұрислам:

Жолда жүру тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден,

Сау-саламат жүреміз.

Ажар:

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме,абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңе көзіңе.

Азамат:

Көшеде ортаға жеткенше,

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай,ортадан өткен соң,

Мойның сал сол жақтан оң жаққа.

Аяжан:

Мен білемін,бәрін деме,

Отырған жоқсың бөлмеде.

Машина өтіп кеткесін

Жолаушы алға беттесін.

Тәрбиеші:

Жұмбақ жасырылады.

Үш көзі бар қаз-қатар.

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам

Үш түрлі нұр шашады.

(Бағдаршам)

Қызықтыру сәті: (әдемі көңілді әуенге бағдаршам келеді). Балалар бағдаршам мен амандасады.

Бағдаршам:

Менің атым «бағдаршам»,

Жақсы білем міндетімді,

Мекен-жайым тұрақты.

Мүдірмеймін ешқашан.

Тәрбиеші: Қош келдің,бағдаршам!

Балалар,бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.

Айтыңдаршы,бағдаршамның көшедегі қызметі қандай?

-Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.

Бағдаршам: Балалар мен сендермен ойын ойнағып келіп отыр.

Бағдаршам ойын ойнатады.

Ойын: «Сақ бол!»

Қызыл көзін жағады.(қозғалмай тұру)

Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)

Жасыл көзін жағады.(бір орында тұрып жүру).

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Жұмбақ жасыру:

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған,

Өміріңді күзеткен,

Ысқырады түзеткен.

(Жол сақшысы)

(Әдемі әуенге жол сақшысы келеді)

Жол сақшысы: Армысыңдар жас достарым!Балалар,мен сендерге жай келген жоқпын,білімдеріңді көрейік деп келдім,әкелген ойын тапсырмаларымды бар,сендер жол ережелері туралы шағын видео ролик көрсетем.

(Әуен естіледі)

Бұзық бала:

Бұзық бала велосипедімен жол ережесін бұзады.

Жол сақшысы:

Жол сақшысы ысқырығымен сықырады.

-Балақай сен неге жол ережесін бұзасың?

Бұзық бала:

-Кешіріңіз,мен онысын білмедім.

Жол сақшысы:

Бағдаршамға қара.Біз саған қазір жол ережесін түсіндіреміз.

Бұзық бала:

-Жарайды.

Мирлан Нұрислам:

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда

Сабыр сақта,баспа алға!

Сұлтан:

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Айбибі:

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре берігін жасқанба!

Тәрбиеші:

Балалар мына тақтадағы үлкен суреттерге мұқият қарайықшы.Бұлар нені білдіреді?

Балалар: -Бізге жолдан өтуге көмектеседі.Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші:

Бұлар «Көрсеткіш белгілер»,яғни оларды «Жаяу жүргіншілер өтпесі» деп атайды.

-Иә балалар! Бұл біздің достарымыз,ал достарын ұмытуға болмайды.

-Қиылыста,жол шетінде,бұрышта.

Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.

Жүресің бе?Жүрмегенің дұрыс па?

Не істеу керек? Бұл белгіні неліктен «зебра» деп атайды?

Кім біледі?

Нұрайым: Мен,мен білемін,өйткені ол ақ жолақ.

Би: «Зебра» Нұрайым,Раяна,Аяжан.

Жол сақшысы: Жарайсыңдар балалар!Сендер өте ақылды білгір,сауатты жолаушылар болатындарыңа мен сенемін.Егер жол ережесін бұзсақ,тек қауіп төндіріп қоймай,басқа адамдарға зиянымыз келтіреміз.Сондықтанда жолда сақ бол!Көше тәртібін есіңнен шығармаңдар.Сау болыңдар.

Бағдаршам: Сау болыңдар балалар.

Тәрбиеші: Енді барлығымыз Жол сақшысы мен Бағдаршам мен бирге ән айтайық.

Ән: «Машина»

Тәрбиеші: Бүгінгі II-кіші «ә» Көбелек тобы дайындаған «Қауіпсіз көліктер» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Жол тәртібін сақтап аман-есен жүрейік. Балалар келген қонақтармен қоштасады.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.