Жаңа сабақтар

Дәрісқалиева Мейрамгул Мәлікқызы

Атырау қаласы КМҚК№ 21 «Алтын кілт » бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Дәрісқалиева Мейрамгул Мәлікқызы

Тақырыбы: «Табиғат Ана»

Тақырыбы: « Табиғат Ана »

Білім беру салалары: Әлеуметтік орта

Кіріктірілген оқу қызметі: Қоршаған орта, Қатынас, Денсаулық, Таным.

Білімділігі: Ертегі желісі бойынша жүргізе отырып, жыл бойына өткен оқу іс- әрекетін қамту.

Дамытушылығы: Қоршаған ортамен сұлулығымен оған деген қамқорлық қарым- қатынасқа байланысты, мейірімділікке қамқорлық сезімге тәрбиелеу. Өлең жолдары айтқыза отырып, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелігі: Қоршаған ортаға табиғатқа деген мейірімділігін арттыру, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: 1.көрсету, 2.түсіндіру, 3.сұрақ-жауап, 4.тәжірибе көрсету

Көрнекіліктер: Қобдиша, слайд, тақтамен жұмыс, таратпалы материалдар.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру. (талпындыру). Шаттық шеңбер.

Табиғат ол Анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз.

Шаттық әнге саламыз.

Қандай ертегілерді білеміз?

Қане сиқырлы тақтамызға қарайықшы ?

(Тақтамен жұмыс)

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы қонақтармен амандасады.

Балалар жыл бойына айтылған ертегілерді естеріне түсіріп ертегі кейіпкерлерін атады.

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру. Жұмбақ күн, су, ауа туралы

Ар жағында орманның,

Ар жағында таулардың.

Алтын кеспек домалар?

Ол не? (Күн)

Барма жоқпа, анық білмейсің.

О, жоқ жерде өмір сүрмейсің.

Ол не? (Ауа)

Сақтамасаң қорын тек,

Барша тірлік құрайды.

Ол не?

Балалар мен сендерге «Табиғат Ана» туралы әңгіме айтып берейін. Балалардың назарын тақтаға аудару.

Балалар ертеде табиғат Ананың үш ұлы болыпты. Күн.Су.Ауа

Табиғат Ана қыстан аман есен шаршап шығып, үш ұлдарын жер бетіне қызмет етуге жіберіпті. Көп жылдар өткеннен кейін Ауа,Күн,Су, анасының құшағына оралыпты. Анасы көркейіп өте әдемі болып кеткен екен. Сонда балалары анасынан сұрапты мұнадай көркеюіңізге қандай себептер болды деп сұрапты.

Сонда табиғат ана мен сендерге менің осындай күйге жетуіме сендер себепкерсіңдер депті. Менің сырымды білгілерің келсе менің берілген тапсырмаларымды орындаңдар.

Қане балалар Табиғат Ананың тапсырмасын орындаймыз ба?

Балалар ендеше бізге де табиғаттың біздерде бір бөлшегіміз. Сондықтан «Табиғат ана» біздерге тапсырма беріп тұр.

Балалар сендер қай қалада тұрасыңдар?

Қай балабақшаға келесіңдер?

Балабақша туралы тақпақ кім маған айтады?

Мақалды жалғастыр.

Туған жердей….

Туған елдей….

Туған жердің…

Отан …

Отансыз адам….

Туған жерге …

Ел көркі….

Әдептілік туралы мақал-мәтелдерді жалғастыр.

Еріншектің …

Денсаулық …

Оқы да біл…

Сіз деген …

Ақыл азбайды …

Әдептілік ар ұят …

Адам жерге …

Достық туралы мақал-мәтелді жалғастыр.

Айырылмастай досыңа…

Босқа бергенше…

Дос ажарың…

Дос болсаң берік бол …

Дос егіз …

Дос жылатып айтар …

Дос құшағы …

Тыйым сөздер табиғат туралы кім айтады?

Тақтадан қай қаланың суретін көріп тұрсыңдар?

Астана туралы тақпақ кім айтады?

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін еске түсірейікші?

Ол бізді неге шақырды?

Дүйсенбиевтің қандай өлең жолдарын білесіңдер?

Тақтамен жұмыс:

«Артығын тап»

Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Ара аралар …

Орман бойын …

Гүлдерден сорып …

Бал тәттіғой …

Ұшқыш …

Үш құс …

Үшқұс …

Үш құста …

Тұз мұздай …

Мұз …

Тебіншек ат …

Шегіншек ат …

Балалар барлығыңның аналарың бар. Ендеше бізде қоршаған ортада өмір сүргесін табиғаттың да анасы бар екен. Әжелерің туралы тақпақ білесіңдер ме?

«Менің әжем»

Кім маған сурет бойынша әңгімелейді.

Сергіту сәті:

Қане балалар біздер Табиғат Ананың берген тапсырмасын орындадық. Табиғат ана өзінің сырын, қалай құлпырғанын біздерге енді айтып береме екен.

Біз сіздің тапсырмаңызды орындадық. бізге ризасызба?

Үнтаспадан дауыс естіледі.

Балалар менің осындай күйге жеткенім сендердің балаларымның арқасы. Сендер мені ренжітпей қоршаған ортада қызмет еттіңдер. Сусыз тіршілік жоқ. От пен күнсіз жылу жоқ. Ауасыз дем жоқ. Топырақсыз көк жоқ.

Осының бәрін сақтау үшін ауызбіршілік керек. Тазалық керек. Еңбек керек. Денсаулық керек. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ.

Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.

Енді сізге арнап тақпағымызды айтып берейікші. Табиғат ана біз сізді қорғап жүреміз еш уақытта біз сізді ренжітпейміз.

С.С «Туған ел» өлеңін айту.

Күн. Су. Ауа.

Балалар қызықтады.

Балалар тақтаға қарап өз ойларын ортаға салды.

Үш ұлы туралы түсінік алды.

Балалар мақалды жалғастырды.

Балалар қызықтап тыңдады.

Балалардың жауабы.

Балалар табиғат ананың сырын білгісі келді.

Ол үшін тапсырманы орындауға асықты.

Ия.

Деп жауа берді.

Қоршаған ортада өмір сүріп жатқандарын өз сөздерімен айтты.

Ия деп жауап берді.

Біздер №21 «Алтын кілт» б/б келеміз.

Балалар мақалды жалғастырды.

Білгендерінше.

Әдептілік туралы түсінік алды.

Мақалды жалғастырды.

Достық қарым қатынас туралы білді. Айтты.

Балалардың жауабы.

Қорапшадан суреттерді ала отырып, тыйым сөздерді суретке қарап айтты.

Отқа түкірме.

Бас киіммен онама.

Үлкеннің алдын кеспе.

Адамды айналма.

Кемтар адамға күлме.

Отпен ойнама.

Жүгіріп үйге кірме.

Малды теппе.

Жалғыз ағашты жұлма.

Саусағыңды аузыңа салма.

Бас қаламыз Астана.

Ел ордамыз Астана.

Жадырап жүр жас қала.

Бәйтерегі әдемі.

Бұл әдемі Астана.

Астанаға барамын.

Көңілдене шаттана.

Мен жырыма қосамын.

Астанамен мақтана.

Алтынсарин өлеңдерін айтты.

Өлеңдерін еске түсірді.

Сырға, сақина, білезік, ойыншықтарды өз тілдерімен әңгімеледі.

Жаңылтпашты жаңылмай айтты.

Тақтадағы менің әжем суретін көріп отырып, әже туралы тақпақтарын айтты.

Балалар сергіді.

Табиғат ананың сырын білуге балалар асықты.

Балалар берілген тапсырманы орындады.

Үнтаспадан шыққан дыбысты тыңдады.

Сәкен Сейфуллиннің өлең жолдарын айтты.

Балалар Табиғат Ананың сырын тыңдады.

Балалар өз ойларын ортаға салды.

«Туған ел» тақпағын жатқа айтты.

Рефлексия(орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып кемшіліктерді жою) Қане балалар сендер бәрін жақсы біледі екенсіңдер. Мадақтау. Балалардың барлығы жақсы қатысты.

Күтілетін нәтиже:

Білді: Ертегі желісі бойынша өткен ұйымдастарылған іс-әрекетін еске түсірді.

Игерді: мақал мәтел, жаңылтпаш, тыйым сөздерді айтты, жан-жақты игерді.

Меңгерді: Ойын барысында ойынға қ/қ танытты.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.