Есбулаева Жанаргүл Мурзабековна
Ақтау қаласы Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық
мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Есбулаева Жанаргүл Мурзабековна
Сабақ тақырыбы: «Қазақстанның табиғат ғажайыптары жайлы монолог құрау»
Қысқа мерзімді жоспар
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан Күні: |
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||
| Сынып: 4 | Қатысқандар:
Қатыспағандар саны: |
|||||
| Сабақтақырыбы | Қазақстанның табиғат ғажайыптары жайлы монолог құраймын | |||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.4.1 өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог құру | |||||
| Сабақ мақсаттары | Өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог құру | |||||
| Бағалау критерийі |
|
|||||
| Тілдік мақсаттар | Диолог, монолог, қоршаған орта, табиғат, қоғану, т.б. | |||||
| Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық құндылықтарын пікіралмасу арқылы, сұрақтар қою арқылы қалыптасады. | |||||
| Пәнаралық
байланыстар |
Дүниетану, ғылымға кіріспе | |||||
| Алдыңғы меңгерілген білім | Туған жер шежіресін зерттеймін | |||||
| Сабақ барысы | ||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
| Сабақтың басы
0-10 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Өлең жолдарын ұран ретінде хормен айту. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, -Балалар, қалай ойлайсыңдар, сабағымыз не жайлы болмақ? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі «Ойлан тап» ойыны Оқушыларға «Табиғат таңғажайыптары туралы бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазба арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты арқылы бағалау критерийлерін анықтау. |
Презентация
https://vk.com/video322537922_171498354 слайд |
||||
| Сабақтың ортасы
10-35 минут |
(Ұ) «Стоп-кадр» «Табиғат таңғажайыптары» бейнежазбасы
Мақсаты: Сыни ойлау дағдыларын дамыту, монолог ұғымымен таныстыру. Мұғалім оқушыларға бейнежазбаны «Стоп-кадр» әдісі арқылы бірнеше табиғт құбылысының қалай пайда болғаны, табиғат құбылысының қалай өзгеріске ұшырағаны туралы сұрайды.
/Оқушыларға қима қағаздарға жазылған анықтама таратылып, анықтама талқыланады/ Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті. Монологта сөйлеушінің басты мақсаты – тыңдаушыға хабарды мүмкіндігінше анық жеткізу. (МК,Ұ)«Сен білесің бе?» «Қазақстанның табиғаты» бейнежазба.
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, ауызша бағалананады/. (Т) Ойлау картасын құрастыру Жеребе тастау арқылы Қазақстанның ғажайып жері бейнеленген суреттерді таңдалады. Топта ақылдасып, суреттегі ғажайып жерді сипаттай отырып, тірек сөздерді жазу. -Бұл қандай жер? Ол қандай өңірде орналасқан? -Ол жерде не бар? -Оның қандай ерекшелігі бар? -Осы жерлермен байланысты қандай аңыз, әңгімелерді білесің? -Неге олай аталды деп ойлайсыңдар? Жазылған тірек сөздердің негізінде жоспар құру. Мысалы: Жоспар
Зерттеуші журналы (Ө,Қ) Монолог құру Топтарда ойлау картасы арқылы жинақталған тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, монолог жазу. Бағалау критерийі: тірек сөздерді қолданып, жоспар арқылы монолог құрады. Дескриптор: – жоспар құрады; – тірек сөздерді пайдаланады; – тақырып аясында монолог құрады. /Тапсырма дескрипторларға сәйкес «+\-» арқылы өзара бағаланады, кері байланыс жасалады/. |
https://vk.com/video322537922_171498354
Суреттер |
||||
| Сабақтың соңы
35-40 минут мин |
Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі
-Бүгін мен …………………. түсіндім. -Маған …………………. қызықты болды. -Маған ……………………… қиындық туғызды. Өзін-өзі бағалау «Блоб ағашы» арқылы өздерін бағалайды. |
Блоб ағашы | ||||
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
| Топтар бойынша тапсырмалар орындау | Мәтіннен көркемдегіш құралдардыанықтауын бағалау. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
||||||
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||
