Жаңа сабақтар

Кітап – білім бұлағы (эссе)

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласы

«Алтай қаласы №8 орта мектебі»ММ

6 – сынып оқушысы Кицман Дмитрий

Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», — деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу — әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. Кітап — сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз.

Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен — кітап. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де — кітап болатын. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. «Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық» дегенді менің қазақ тілі пәнінен сабақ беретін ұстазымда айтып отырады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта өкінішке орай көркем әдебиетке деген балалардың, мына өзіміздің де қызығушылығымыз азайып бара жатқан сияқты… Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын, компьютер секілді құралдардың әсерінен болып жатқандығынан. Мұғалім кей кездері үй тапсырмасына қосымша мәлімет жазып кел десе, ғаламтордан дайын мәліметті көшіріп алуға асығатынымыз тағы бар.Кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге дайынбыз… Бұның барлығы кітап оқуымызға деген үлкен кедергі. Ал ата- аналарымыз балаларының теледидар қарауын белгілі бір уақытқа шектеп, керісінше кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, оны қадағалауға мүлдем уақыттары жоқ. Әрине, бұнымен ештеңе ақталып та қалмайды. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу. Кітап — білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендігі барлығымызға да мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға, мәнді, мағыналы сөйлеуге жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын жаңа құндылықтарды үйренеді. «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған… Кімде де болса білімділікке сәл – пәл болса да құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық.

Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында оқушыларды кітапқа, оның ішінде қаза тілінде жазылған кітапқа баулу. Достар, «Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге», — деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.