Жаңа сабақтар

Бақыт деген… (эссе)

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласы

«Алтай қаласы №8 орта мектебі»ММ

6 – сынып оқушысы Понамарев Владимир

Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналаның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.

Күні-түні шүкір деп шаттанамын
Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!
Көзім – шырақ, санам – сау, ғалам – ғажап,
Бұдан артық бола ма бақ бағалы.

Бақыт деген – адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету… Барлық игі істер сенің жүрегіңдегі тыныштық,нағыз адамгершілік сезімдігін оятады. Сонда сенің жолың тазарып, бақытқа бөленесің.

Осы өмірде мен үшін әрқашан бақыт пен қуаныш сыйлайтын ең қадірлі адам бар. Ол – менің аяулы анашым. Бұл дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. В.Гюго айтқандай: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя». Расында да, менің анам мені құшақтап, құшағына алған кезде мен әлемдегі ең бақытты адам екеніме күмәнсіз сенемін. Сондай – ақ, біз үшін барын салып жүрген асқар тау – менің әкем. Сонымен қатар ағаларым, олардың менің көңілімді аулауы,көмектесуге тырысқандары мені үлкен бақытқа бөлейді. Яғни, бірінші бақытым – отбасым.

Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсауы, оған қол жеткізуі, әр адамның өз қолында. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл – күйіме байланысты. Ендеше, мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын. Шынымен мен бақыттымын. Мен өзіме, жақындарыма, достарыма, жасаған істеріме, болашағыма сенемін. Бала бақыты дегеніміз көз жасын төкпей, қайғы көрмей, жетімдіктің, жоқтықтың зарын тартпай өткізетін балғын балалық шағы, жел жағынан пана, жаңбыр жаусы таса, өмір-өзен қыспағында қалса, араша бола білетін асқар таудай әкесі мен мөлдір бұлақтай аяулы анасы.

«Құс ұшуға жаралған, адам бақытты болуға жаралған» дейді халық даналығы. Сондықтан да ұлтын сүйер, халқын демер, Отанын құрметтеп, ата-анасын ардақтап, елдің тірегі, халықтың жүрегі бола білетін, болашақтың діңгегін қолдарына ұстайтын патриот ұл- қыздары көп болса деймін…

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.