Жаңа сабақтар

Шубина Римма

Восточно – Казахстанская Область Алтайский район Город Алтай

КГУ «Средняяшкола № 8»

Кадет 6 «Б»класса Шубина Римма Дмитриевна

Эссе на тему: «Золотой человек – символ Независимого Казахстана» Тәуелсіз еліміздің символы – Алтын адам

Руководитель:

Учитель казахского языка и литературы

Кабылбаева Гаухар Сеитжановна

Осыдан үш жыл бұрын, яғни 2016 жылы ата-анам туған күніме кітап сыйлаған еді… Қуана қолыма алып, кітаптың мазмұнымен таныса бастадым. Оның ішінде сақтар туралы мәліметтік анықтаманы зейін қойып оқығанымда, әсіресе, атақты археолог ғалым К.Ақышев жетекшілігіндегі экспедицияның дүние жүзіне жария еткен «Алтын адамның» суреті ерекше есімде қалған еді (әсіресе, «Алтын киімді жауынгер» әдемі түсте бейнеленген киімі). Сол кезден бастап төл тарихымызға деген үлкен, танымдық қызығушылығым басталды.

Қандай халықтың да бүгінімен қоса ертеңі бар. Өткеніне үңілу арқылы одан бергі өркенін табасың, өшкенін жаңғыртасың, ғаламшардағы басқа елдер сияқты Қазақстанның да таңғажайып тарихы, адам сенбесақиқат- шындықтары бар. Олар жылдар өткен сайын сырын ашып, тұңғиығына терең бойлатуда. Соның бірі өткен ғасырдың соңғы жылы ашылған мына бір жаңалық десе де болады.

«Алтын киімді жауынгер» алтын және бағалы металдар мемлекеттік музейінде сақтаулы тұрған теңдессіз жәдігер екенін барлығымыз білеміз… Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музейінде экспозициядағы осынау баға жетпес асыл мұраның қорғандағы археологиялық ашылу сәтіндегі түсірілген фотосуреттерінің көріністері көпшілік назарына ұсынылып, тарихи дерек болып тұрғанын интернет желісінде берілген бейне жазбадан көргенмін. Бұл – біздің тарих. Ал тарих — ұлттың айнасы екені аян. «Алтын адам» бейнесі азаттық пен Тәуелсіздігіміздің символына айналған.

Отандық тарихтың сырлы парақтары ел келешегі жас буын өкілдерінің, яғни біздің бойымызға патриоттық қасиеттерді дарытады. Осы арқылы өз халқына қызмет етіп, теңіздің тамшысындай болса да үлес қосуды мақсат тұтар әрбір жеке тұлғаның талапты ұмтылысы өркениеттік даму жолы мен жарқын болашаққа жетелей береді.

Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы және оның ғұрыптық кешені – құнды тарихи дереккөздері болып табылады. Ол Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін баға жетпес мұра. Ұлы даланың жеті қырының бірі. Уақыт өте келе бұл тарихи – мәдени мұраға арналған ғылыми зерттеулер негізінде одан ары арта түспек. Бүгінгі таңда Алтын адам Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символына айналып, Н.Ә.Назарбаевтың (алдыңғы Елбасының) «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының ерекше бір қырына айналған. Алтын адам киіміндегі дүниетанымдық рухта асқан шеберлікпен орындалған тоғалар мен жапсырмалар мемлекеттік рәміздерімізде және жергілікті басқару әкімшілік нышандарында қолданылады. Мысалы,Қазақстан Республикасының Елтаңбасындағы Алтын адамның тәжіндегі қос пырақ ат, Алматы қаласында орналасқан Республика алаңындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің Монументінде қанатты барыс үстіндегі Алтын адам мүсіні, Алматы қаласының гербінің орталық бөлігінде де осы фигураны көреміз. Алғаш Тәуелсіз ел атанғанымызда Алтын адам бейнеленген пошта маркасы 1992 жылы шығарылды. Ұлттық банк арнайы «Көшпенділер алтыны»шақа (монета) сериясын айналымға шығарды. Осылардың барлығында да Алтын адамның киіміндегі аңдық стилде орындалған бейнелер орын алған. Ендеше Алтын адам еліміз үшін жай ғана археологиялық олжа болып қана қоймай, Тәуелсіздігіміздің, Еліміздің де бір бейнесіне айналып кетті десек артық айтқан болмаспыз.

Алтын адамның табылуы түп – тамырымыздың қайдан бастау алғанын және ата – бабаларымыздың рухани һәм материалдық мәдениетінің озық үлгісін айқындап, қазақ жеріндегі мемлекеттілік пен өркениеттің ертеден қалыптасқанын дәлелдеді. Бұл біздің тарихымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсациялық жаңалық болып табылады.

Еліміз танылып, атымыз шартарапқа таралып жатқан кезімізде, еліміздің өткенін жаңғырту әр азаматтың қасиетті борышы деп есептеймін.

Шежіремді ұрлапты,

Зулапты күн,

Ғасырлардан бір ызың тыңдап тұрмын.

Алтын адам шынымен қазақ болса,

Білген екен құнының қымбаттығын!!!деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлап өлеңге қосса, біз оқушылар мектеп қабырғасында,пән сабақтарында, сынып сағаттарында «Алтын адам» бейнесі азаттық пен Тәуелсіздігіміздің символына айналғаны туралы айтып, жас буын өкілдерінің бойында патриоттық қасиеттерге баулиды.

Сондықтан да осындай маңызы бар жәдігерлер арқылы Қазақстан жерінде (қала, ауыл, аудандарда)музейге келушілер санының күн санап артқанын да білеміз. Шығыс Қазақстан Облысы Катонқарағай өңірінде (2001 жылы) көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер,сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндеп жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан Зейнолла Смашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылғанын білеміз.Осындай ұлттық рухани қазынамызды қорғау, басқа елдерге таныту біздің міндетіміз…

«Алтын адам» — қазақ тарихының феномені. Оның бүгінгі және келешек ұрпақ үшін ақтарар сыры мол. Сайып келгенде тарих тағылымы, өткеннің өркенді өнегесі дегеніміз де осы шығар. Өйткені бұрынғыға қарап, бүгінді саралау, бағымдау қашанғы әдетіміз және бұлжымас борышымыз емес пе?! Ендеше Алтын адам тек алтындығымен емес, сол арада өмір сүрген халықтардың арғы – бергі тарихы, табиғи болмысын ақтарар мол шежіре, ғажайып мұра.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.