Жаңа сабақтар

Ерджанова Роза Алаудиновна

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №11 мектептің бастауыш сынып
мұғалімі: Ерджанова Роза Алаудиновна

Тақырыбы: «Ойлы болсаң,озып көр!» сайысы2-сыныптар аралығында

Мақсаты: Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.
Көрнекілік:интерактивті тақта,қанатты сөздер,суреттер.
Өтілу барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті ұстаздар, оқушылар 2 сыныптар арасында өтілетін

«Ойлы болсаң,озып көр!» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!

Қазақстан болашағы –білімді ұрпағында, тек қана білімді жастар екені даусыз. Олай болса«Ойлы болсаң,озып көр!» сайысымызды бастайық!
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
1 -кезең:«Өзін-өзі таныстыру»1-2 шумақ өлеңмен. Әр оқушы өзінің ұстанымын айтады.
2 -кезең:«Жұмбақ есептер»әр оқушыға 2-жұмбақ есептен.

3-кезең: «Тез есепте» ойыны.Математикадан есептер.

4-кезең: «Кім жылдам?» ойыны

5-кезең:«Жорға» әр түрлі 5 сұрақтан қою.

6-кезең: «Құрастырмалы суреттер»

1-кезең: Әр оқушы өзін-өзі таныстырады,ұранын айтады.

2-кезең: «Жұмбақ есептер»

1-оқушы: 10 аламаның 3-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (7)

2-оқушы: Ұлым, ұлым, ұлым деп,

Ұлдарын ана сүйеді.

Гүлім, гүлім, гүлім деп,

Қыздарын ана сүйеді

Бұл үйдің неше қызы, неше ұлы бар. (3 ұлы, 3 қызы бар.)

3-оқушы: 6 түйе, 5 жылқы.
2 сиыр, 1 ешкі
2 қоян, 3 түлкі,
Қанша болды барлығы? (19)

4-оқушы: 1) Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

5-оқушы: 100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалды. (70 асық)

6-оқушы: 1)Табақта 42 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (47 алма)

7-оқушы: 11 түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 5 ешкі.
2 қоян, 3 түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

8-оқушы: 1)Тал басында тізіліп,
10 жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті 1-еуі
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы 5-еуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (4)

9-оқушы: Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

10-оқушы: : Табақта жеті өрік

Қолымда бес өрік,

Қосқанда барлығы,

Болады неше өрік? (12 өрік.)

11-оқушы: : Бір қолымда 7 алма,

Бір қолымда 5 алма. Інім жеді 3-еуін,

Сонда қалды неше алма? (9)

3-кезең: «Тез есепте» ойыны

1-оқушы: 12 мен 2 сандарының айырмасынан 2-ні азайту. (8)

2-оқушы: Бірінші қосылғыш- 37, екінші қосылғыш- 25

қосынды нешеге тең? (62)

3-оқушы: 14 пен 4 сандарының айырмасынан 1-ді азайту. (9)

4-оқушы: 49-бен 26-санының айырмасы нешеге тең? ( 23)

5-оқушы: 9 бен 11 сандарының қосындысына 10-ды қосу. (30)

6-оқушы: Бірінші қосылғыш- 27, екінші қосылғыш- 13

қосынды нешеге тең болады? (40)

7-оқушы: 40-қа 10 және 3 сандарының айырмасын қосу. (47)

8-оқушы: 47 бен 2 сандарының айырмасына 5-ті қосу. (50)

9-оқушы: Бірінші қосылғыш-54, екінші қосылғыш-16

қосындының мәнін тап. (70)

10-оқушы: 62+20 сандарының қосындысы қанша болады? (82)

11-оқушы: 1) 45 және 10 сандарының айырмасынан 4-ті азайту. (31)

4-кезең: «Кім жылдам» ойыны

Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.

1. Қызғалдаққыз, ал ,дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ.

2. Жауқазынжау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу, уыз, жақын.

3. Қазақстан- қаз,ақ,қазақ,аз,таза,тақ,ана,ата,азат,қазан,қас,қан,

4. Балапан- бала,апан,ала,ана,бал,

5. Бейбітшілік- бейбіт,кілт,ілік,

6. Сарқырама-сары,арық,ара,арқа,қырма,самара,

7. Ханталапай-хан,талапай,пай,апай,ана,талап,

8. Қорғасын- қорға,сын,орға,сырға,ор,ғасыр,ас,қор,орны,ора,

9.

10. Жезқазған- жез,ез,кез,қаз,қазан,наз,ғана,жаза,жаға,аз,жаз,қан,жақ,

11.

5-кезең:«Жорға» әр оқушыға 5-сұрақтан қою

1-оқушы:1.Жеті атаға кімдер жатады? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,немене)
2. 1сағатта неше минут бар? (60 минут)
3. Төрт түлік малды ата. (Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі.)
4. ҚР мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Ту,Елтаңба,Әнұран)

2-оқушы:1.Сүттен жасалатын тағамдарды ата.(айран, құрт, ірімшік, сүзбе, май, қатық, қаймақ )
2. 1 аптадағы жеті күнді қазақша атап бер. (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.)
3.Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде,қандай айда тойланады?(көктем)

4.Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды? (1991 ж)

3-оқушы: 1.Әнұранның авторы кім? (Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев)

2.Жылқы пірін қалай атаймыз? (жылқы — Қамбар ата)

3.Бір жылда неше ай бар? (12ай)

  1. Балық аулайтын құрал не деп аталады? (қармақ, ау)

4-оқушы: 1. Түн ұйқысын төрт бөлген кім? (Ана)

2.Барлық қабырғалары бірдей фигура қалай аталады? (шаршы)

  1. Әр адамның шағын отаны? (отбасы)

4.Сиыр пірін қалай атаймыз? (Зеңгі баба)

5-оқушы: 1. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

2.Түйе пірі қалай аталады? (Ойсыл қара)

  1. Жуан дауысты дыбыстарды ата. (а,о,ы,ұ)
  2. Басты байлық не? (денсаулық)

6-оқушы: 1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

2.Біздің мемлекетіміздің туының түсі? (көгілдір)

  1. Су алатын терең қазылған жер не деп аталады? (құдық)

4.1 жылда неше ай бар? (12)

7-оқушы: 1.Қой атасы қалай аталады? (шопан ата)

2.Табиғат нешеге бөлінеді және қандай? (2-ге,тірі және өлі)

  1. «Күнделік»сөзінде неше буын бар? (3 буын)
  • 1 тәулікте неше сағат бар? (24сағат)

  • 8-оқушы: 1.Өсімдіктер жақсы өсуі үшін не қажет? (ауа,су,жарық)

    2.Тұңғыш президент мерекесі қай күні, қай айда тойланады? (1 желтоқсан)

    3.Ешкі пірі қалай аталады? (сексек ата)

    1. Жылдан құр қалған жануар не еді? (түйе)

    9-оқушы: 1. Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады? (Астана қаласы)
    2.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

    3.Қазақтың ұлттық аспабын ата. (Домбыра)

    1. Су көлігі (кеме)

    10-оқушы: 1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім? (Абай)

    1. Иіс сезу мүшесіне не жатады? (мұрын)
  • Зат есімнің сұрақтары қандай? (кім? не? кімдер? нелер?)

  • Табиғат нешеге бөлінеді ата. (4 ке, көктем,жаз,күз,қыс)

  • 11-оқушы: 1.Зат есімнің сұрақтары қандай? (кім? не? кімдер? нелер?)

    1. Қазақтың үш биін ата. (Төле би,Қазбек би,Әйтеке би )
  • Халықаралық әйелдер мерекесі қай кезде тойланады? (8 наурыз

  • Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына қанша жыл толады? (25 )

  • 6-кезең «Құрастырма сурет»

    «Құрастырма сурет» атты айналым тапсырмасына назар аударайық. Сурет нұсқасы алдымен сайыскерлеге көрсетіледі, суретте ненің бейнесі берілгендігі анықталады, соңынан берілген бөлшектердің көмегімен сайыскерлер сол суреттің бейнесін шығару керек.

    ІІІ. Қорытынды
    Әділ қазылар алқасы сөз алып, жиналған ұпайлар санын атап, жеңімпаздарды анықтайды.


    Зайтуна Есмаганбетова

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.