Жаңа сабақтар

Амантайқызы Назым

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы «Нұр-Шуақ» бөбекжай- бала бақшасы

Амантайқызы Назым ІІ санатты тәрбиеші

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Наурыз жыл басы»

Мақсаты: Төрт- түлік туралы түсініктерін кеңейту, оның жүнінен жасалған заттарды қарау арқылы, жылы, жұмсақ болатынын бақылау.

Тәрбиелігі: Қонақжайылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Сөздік қорларын молайту.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: наурыз мерекесі бейнеленген сурет, ойынға арналған тақия

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің қызметі. Балалардың қызметі.
Қызмет кезеңдері

Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру

(талпындыру)

Балаларды

ізденушілікке ұйымдастыру

Рефлекциялық

(Орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып,кемшіліктерді жою)

1.Шаттық шеңберіне тұру.

Армысың, асыл Күн!

Армысың, ашық Күн!

Армысың, ұстазым,

Армысың, достарым,

Сендерге көргенде қуанамын.!

Қонаққа куыршақ Әселдің келгенін, ол балаларға Наурыз мерекесі туралы әңгімелеп беретіндігі хабарланады.

1.Білімді өзектендіру.

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Көктем мезгілінде тойланатын ең үлкен қандай мереке?

2.Әңгіме.

-Балалар, Наурыз мерекесі жақындап келе жатыр. Наурыз-шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы, көктемнің бірінші айы. Наурызда ағаштар бүр жарады, жапырақтар шығады, жасыл шөп жайқалып шыға бастайды. Бұл күні барлық адам реніштерін ұмытып, бір-бірімен төс қағыстырып амандасады. Әр үйде мерекелік дастархан жайылады. Наурыз көже пісіріледі. Мына суретте Наурыз мерекесін қалай тойлайтыны көрсетілген.

4. Қимылды-қозғалыс ойыны:

«Тақия тастамақ»

Шарты: ойынға бірнеше бала қатысады. Бастапқыда барлық қатысушылар шеңбер жасап отырады, жүргізуші шеңберді сыртынан айналып, бір баланың артына білдіртпей тақияны тастайды да, ол жерден тез жүріп кетеді. Егер ойыншы артына жатқан тақияны байқап қалса, жүргізушіні куып жетуі керек. Ал жүргізуші ұсталып қалса, сол ойыншының орнына отырады.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметіне алған білімдерін қорытындыланады.

«Қара жорға » биімен оқу қызметін аяқтайды.

Шаттық шеңберге тұрады. Бір-біріне игі тілектерін айтады.

-Көктем мезгілі

-наурыз мерекесі.

Тәрбиешіні тыңдап Наурыз мерекесі туралы білетін мәліметтерін айтады.

Қазақтың ұлттық ойынын ойнайды.

Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: наурыз мерекесі және оның мән –мағынасын ашуға арналған тапсырманы;

Қандай түсініктерді игерді: Наурыз-ұлттық мереке екенін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолданады: ұлттық мерекенің маңызын ашуға арналған сұрақтарға толық жауап бере алу дағдыларын;

С уважением,
Зайтуна Есмагамбетова
zaytunae

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.