Амантайқызы Назым
Нұр-Шуақ бөбекжай- бала бақшасы
«Алтын күзім арайлым»
(мерекелік шара)
І кіші топ «А», «Гүлдер» тобы
Тақырыбы: «Алтын күзім арайлым»
Мақсаты:
1)табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2)Күз мезгілінің берекелі екенін айттып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3)балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті тәрбиеші апайлар, ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күзде нұр төгіп
Тілегім аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді ел іргесі
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз-ырыс береке ала келді.
Құрметті ата-аналар сіздерді «Алтын-күзім арайлым атты » ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.
Алтын күз мерекесіне балаларды қарсы алайық. Балалар жарты шеңберге тұрады.
Жүргізуші:
-Балалар кәзір қай мезгілі?- Күз мезгілі
Күзде қандай өзгерістер болады?- Жапырақтар сарғайып жерге түседі,
Күн бұлтты болып, жаңбыр жауады.
Олай болса, балалар «Күз келді» өлеңін бәріміз айтайық.
Қатты жел соғып, «Күз ханшайымы »кіреді.
Күз ханшайымы:Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Күз ханшайымын. Сендердің дауыстарынды естіп келе жатырмын.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ханшайым!
Күз ханшайым:Балалар мен сендерге күзгі жапырақтарымды алып келдім, маған кім күзгі тақпақтарын айттып берсе, мен жапырақтарымды беремін.
Жүргізуші:Кәне, балалар ханшайымға күзгі тақпақтарымызды айттып, жапырақтарымызды алайық.
Айзере:Қазан айы молшылық
Даулет қорын қалаған
Заңғар көкке қол соғып,
Құстар ұшып барады.
Раяна:Шоғы толған гүлдей жанып
Жарқырайды Алтын күз.
Сайраңдап күліп ойнап,
Келіп кетті қыркүйек.
Жасмин: Қыстың жақын қалғанын
Жапырақтар сезгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей
Нұрай: Жапырақтар жамырап
Сайға барып бекінді
Анасынан ажырап
Қалған бала секілді
Аймекен: Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі.
Айназ: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Дильназ: Біз далаға шығамыз
Күз қызығын ұғамыз
Жауын жауып тұрса егер
Қол шатырды аламыз.
Медина: Келді міне алтын күз
Сары шашты жарқын күз.
Жүргізуші: Көкөністер биі
Гүлдер тобының ұлдарын ортаға шақырайық.
Расул: Мен алмамын, алмамын
Таңдай жұлар бар дәмім
Б. Алдияр: Иісім жұпар аңқыған
Бақшадағы шырынмын
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын
Айбар: Өсіретін бойымды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
С. Алдияр: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.
Ибрахим: Мен өрікпін өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Сайын: Көрсем егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.
Медет : Мен алмұртпын, алмұртпын
Ауыздамын бар жұрттың
Күн күркіреп, қатты жел соғады.
Жүргізуші : Бұл ненің даусы балалар?
Балалар: Бұлт,бұлт
Жүргізуші: Күн күркірегенде не болады.
Балалар: Күн бұлтанып жаңбыр жауады.
Күн күркіреп, бұлт кіреді.
Бұлт: Сәлеметсіздер ме? Балалар мен бұлтпын. Мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе , бұлт кош келдің. Алтын күз мерекесі болып жатыр. Балалардың өнерлерін тамашалап, бізбен болыңыз.
Би: Бұлттар биі
Бұлт: Балалар , мен сендермен бір серігіп, сергіту жаттығуын жасайық.
«Жаңбыр,жаңбыр ток-ток»
Жарайсыңдар балалар! Өнерлі екенсіңдер. Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Менімен бірге ойнайсыңдар ма?
Балалар : Ия ойнаймыз
Бұлт: Олай болса «Күн мен Жаңбыр» ойынын ойнайық.
Мақсаты: Күн дегенде күндей ашыламыз, жаңбыр дегенде қолшатыр астына тығыламыз.
Бұлт : Балалар ойын сендерге ұнады ма?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар біздің күз мерекесіне арналған «Алтын күзім арайылым » атты ертеңгіліміз аяқталды. Келесі мерекеге дейін сау болыңыздар!
С уважением,
Зайтуна Есмагамбетова
zaytunae
