Жаңа сабақтар

Амантайқызы Назым

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы «Нұр-Шуақ» бөбекжай- бала бақшасы

Амантайқызы Назым ІІ санатты тәрбиеші

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сенсорика»

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»

Аптанын тақырыбы: «Өзіңе және өзгелерге көмектес»

Тақырыбы: «Қорапшаларға орналастыр»

Мақсаты: :2 әр түрлі пішінді (тік төртбұрыш, үш бұрыш) және екі әр түрлі көлемді заттарды таңдауға және топтастыруға үйрету.

Білімділігі: Қызығушылығын арттыру.

Дамытушылығы:Ұсақ қол моторикасын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету.

Қолданылатын көрнекі құралдары 3 қорапша, Ұшбұрыш, тіктөртбұрыш көрнекіліктері, шырша, үй көрнекіліктері

Билингвальды компанент: үшбұрыш-трегольник, тіктөртбұрыш-прямоугольник

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық – қозғаушылық Балалар бізге қонақ апайлар келіпті кәне бәріміз амандасайық.

Шаттық шеңбері

Жарқырап күн ашылды.

Айнала гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн !

Біз сүйкімді баламыз!

Балалар амандасады.
Ұйымастырушылық

Ізденістік

Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы«Қорапшаларға орналастыр»

Тақтамен жұмыс:

Балалар бүгін біз пішіндермен танысамыз. Пішіндердің әр түрі болады. Соның ішінде үшбұрыш пен тіктөртбұрышпен танысамыз. Бұл үшбұрыш. Үшбұрыштың үш жақ бұрышы болады.

Үшбұрыш ол домаламайды. Кедергі бұрыштары болады. Ал мынау тіктөртбұрыш.

Тіктөртбұрыштың төрт жақ бұрышы болады. Үйдің терезі, үйдің есігі.

Балалар, енді біз мына қорапшаларға көлеміне қарай пішіндерді орналастырайық.

Сөздік жұмыс: тіктөртбұрыш, үшбұрыш

Тосын сәт: Матерешка кіреді.

Матерешка балаларға хатты бар корапша алып келеді. Хатта пішіндерден үй мен шырша құрастыруды өтинген екен. Матерешка балалардан көмектесуін сұрайды.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Құс болып қанат қағайық,

Иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір

Алға қарай бір қадам.

Артқа қарай бір қадам.

Жоғары –төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Матерешка:

Балалар пішіндерден үй мен шыршанын құрастырып көмектескендеріңе рахмет.

Жарайсыңдар!

Сау болыңдар, балалар!

Балалар тыңдайды.

Балалар қорапшаларды және пішіндерді қарайды.

Балалар «тіктөртбұрыш», «үшбұрыш»

Сөздерін қайталайды.

Балалар тапсырманы орындауға тырысады.

Балалар екі топқа бөлініп, пішіндерден үй мен шыршаны құрастыруға тырысады.

Жасауға тырысады.

Балалар қоштасады.

Рефлексиялық түзетушілік Бүгінгі оқу қызметімізді «Пішіндерді жинастыр » ойынымен қорытындылаймыз.

Мадақтау.

Балалар пішіндерді жинастырады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Пішіндерді айыруды біледі.

түсініктерді игерді:бірлесе жұмысты орындау дағдысын;

меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: 2 жаңа фигураны және 2 көлемді фигураны

С уважением,
Зайтуна Есмагамбетова
zaytunae

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.