Хайрова Таңсұлу Хасанқызы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы
МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай – бала бақшасының тәрбиешісі
Хайрова Таңсұлу Хасанқызы
Тақырыбы: «Біз бақытты жанұя»
Мақсаты: «Жанұя» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру.Жанұядағы сыйластық, адамгершілік бірлігін сақтап, ынтымақтастығын нығайту. Жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
Құрметті қонақтар, ата – аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 – маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Бүгінгі «Ботақан» тобының «Біз бақытты жанұя!» отбасылық спорттық сайысына қош келдіңіздер! Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар!
Әдіскер: Нұрбану Жұмабайқызы
Психолог: Айсұлу Александрқызы
Дене шынықтыру маманы: Әсел Асылбекқызы
Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған отбасыларды ортаға шақырамыз.
1. «Қыран» тобы
2. «Барыс» тобы
3. «Сұңқар» тобы
Отбасылық сайысымыз 4бөлімнен тұрады.
1.Кім жылдам?
2.Үлкен пингвиндер
3.Ғажайып дорба
4.Шапшаң отбасылар
(осы жерде сайқымазақ келеді)
Сайқымазақ: Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Маған неге айтпадыңдар, а? Менсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, Сен кімсің өзі, біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десең, онда тәртіп сақта. Балалар, сайқымазақты қалдырамыз ба?
Балалар: Қалдырамыз.
Жүргізуші: Олай болса сайқымазақ бүгінгі біздің отбасылық сайысымызды тамашала.
Сайысымызды бастамас бұрын әр топ өз-өздерін таныстырып өтеді.
1. «Қыран» тобы
2. «Барыс» тобы
3. «Сұңқар» тобы
Жүргізуші: І тур. «Кім жылдам?»
Ойын шарты: Кедергілер арасымен жүгіріп өтіп келесі ойыншаға қол беру. Екінші ойыншы жалғастырады.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау.
1. «Қыран» тобы
2. «Барыс» тобы
3. «Сұңқар» тобы
Жүргізуші: ІІ тур «Үлкен пингвиндер»
Ойын шарты: Допты екі аяғының арасына қыстырып кедергілерден өту.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау.
1. «Қыран» тобы
2. «Барыс» тобы
3. «Сұңқар» тобы
Жүргізуші: ІІІ тур «Ғажайып дорба»
Ойын шарты: Шашылған ойыншықты мәре сызығындағы ойыншық салғышқа жинау.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау.
1. «Қыран» тобы
2. «Барыс» тобы
3. «Сұңқар» тобы
Жүргізуші: ІV тур «Шапшаң отбасылар»
Ойын шарты: 1 – ші әкесі кедергілер арасынан жүгіріп барып, межеде шашылып жатқан, геометриялық пішіндерден үйдің қабырғасын қойып, кері жүгіріп қайту. Ал анасы кедергілер арасынан жүгіріп келіп, үйдің шатырын қойып, кері жүгіріп қайту. Әр топ өз үйлерін құрастырады. Сол құрастырған үйге, ата – анасы қолдарын айқастырып алып, баласын отырғызып сол үйге апарады.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан бағасын сұрау.
1. «Қыран» тобы
2. «Барыс» тобы
3. «Сұңқар» тобы
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды. Әділқазы алқалары өз шешімдерін шығарғанша көңілді би бүлдіршіндер және ата-аналармен.
Жүргізуші: Әділқазы алқаларына сөз кезегін берейік.
Жүргізуші: Денсаулық – басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Денсаулықтың кепілі – спорт демекші, спортпен шұғылданайық.
«Біз бақытты жанұя!» атты отбасылық спорттық сайысымыз осымен аяқталды. Белсенділік танытып қатысқан отбасыларға көп-көп рахмет. Жақсылықта кездескеше қош сау болыңыздар!
С уважением,
Зайтуна Есмагамбетова
zaytunae
