Хайрова Таңсұлу Хасанқызы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы

«Нұр-Шуақ» бөбекжай-бала бақшасының тәрбиешісі

Хайрова Таңсұлу Хасанқызы

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: Балалардың қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Өздері білетін ертегілерінің кейіпкерлерінің атау арқылы. Тілдерін жетілдіре отырып,ертегіні кейіптендіре білуге үйрету. Балаларды достыққа, бірлікке баулу,ертегілерді сүюге, адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу. Балалардың тіл байлығын, есте сақтау, сөйлеу қабілетін дамыту.

Ертегі кейіпкерлері: Шал, кемпір, бауырсақ, қасқыр, аю, түлкі

Автор: Ерте — ерте ертеде, шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпірге былай деді.

Алмагүл (шал) : Кемпірім-ау, кемпірім-ау, маған бауырсақ пісіріп берші.

Маржан (кемпір): Неден пісірейін? Көптен бері үйде ұн да жоқ.

Алмагүл (шал): Ей, кемпірім-ай! Міне саған ақша, дүкенге барып, үнді сатып алып кел, содан бауырсақты пісір.

Автор: Қаймаққа ұнды илепті, дөңгелектеп алыпты, ыстық майға салыпты, Бауырсақты піскен соң, атай баппен жейді деп, суытуға қойыпты.

Бауырсақ суып жатыпты, жатып ойға батыпты, қашайын деп осы үйден, бір ойға нақ бекіпті. Жақтаудан түсті сәкіге, сәкіден түсті еденге, табалдырықтан секіріп, жетіп барды сенекке. Сенектен сыртқа беттеді, аулаға шығып кетеді, аулаға шығып алған соң, домалап соқпақ жолменен, ұзай-ұзай кетеді. Жол бойымен домалап, келе жатса бауырсақ, қарсы алдынан тап келді, ұзын құлақ Қоянақ. Сонда қоян Бауырсаққа:

Альбина (қоян): – Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, – депті.

Таңсұлу (бауырсақ):Бауырсақ оған былай дейді:

– Жей көрме мені, Қояным, ән айтып берем, тыңдағын, – дейді.

– Жарайды, ендеше, айта ғой.

Автор: – дейді Қоян.

Таңсұлу (бауырсақ):Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қоян сенен құтылу,

Қиын емес – бұл маған!

Автор: Осылай деп, Бауырсақ домалады, аңқау Қоян аңырып тұрып қалды.

Бауырсақ зыр домалап жөнеледі, зыр домалап Бауырсақ келе жатса, алдынан сұры Қасқыр кездеседі.

Айымгүл (қасқыр): – Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін,

Автор: – дейді Қасқыр.

Таңсұлу (бауырсақ):– Сұры Қасқыр, мені жемеші, ән салып берем, тыңдашы, –

Автор:– деп Бауырсақ әндете жөнеледі.

Таңсұлу (бауырсақ):Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқыр сенен сытылу,

Қиын емес – бұл маған!

Автор:Бауырсақ ары қарай домалады, аңырып Сұры қасқыр жолда қалды .

Домалап Бауырсақ тағы жөнеледі, алдынан Аю сонда кез келеді:

Альбина (аю):– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін,

Автор: – депті Аю.

Таңсұлу (бауырсақ):– Жей көрме, Аю атайым, тыңдашы саған айтайын,

Автор:– деп Бауырсақ әнін бастайды:

Таңсұлу (бауырсақ):– Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқырдан да құтылдым,

Аю сенен сытылу,

Қиын емес – бұл маған!

Автор:Осылай деп, Бауырсақ домалады, аңырып Аю маймақ жолда қалды.

Бауырсақ домалаумен келе жатты, осылай талай-талай белден асты, домалап жол үстінде келе жатса, қу Түлкі жылмаң етіп келе қапты.

Альфия (түлкі):– Бауырсақ, домалап қайда барасың,

Автор:- депті сонда Түлкі.

Таңсұлу (бауырсақ):– Жол жүріп кетіп барамын,

Автор:– депті Бауырсақ.

Альфия (түлкі): Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеп қоям!

Автор: – депті Түлкі,

Таңсұлу (бауырсақ):– Жемеші, Түлкі, ән салып берем мен саған!

Автор:– депті Бауырсақ.

Бауырсақ сонда:

Таңсұлу (бауырсақ):Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым,

Түлкі сенен құтылу,

Қиын емес – бұл маған!

Альфия (түлкі): – Әнің жақсы-ақ, Бауырсақ,нашар еді бұл құлақ, тұмсығыма шығып ап,

айтып берші қайталап, дауыстап бір қаттырақ,

Автор:– депті сонда Қу Түлкі.

Мақтағанға мәз болды, тұмсығында Түлкінің, Бауырсақ солай ән салды.

Сонда Түлкі:

Альфия (түлкі): – Тамаша екен үнің де, тағы бір рет айтшы тыңдайын, отырып алып тілімде! – депті.

Автор: Бауырсақ Түлкінің ойын түсінбеді, ойланбастан тіліне секіреді, «Ап!», – дегенде Бауырсақ қу Түлкінің аузында әп сәтте күтірледі.

С уважением,
Зайтуна Есмагамбетова
zaytunae

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше