Андреева Бибігүл Берікқызы
| Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем.(Шегене) | Мұғалімнің аты-жөні:
Андреева Бибігүл Берікқызы Күні: 21.11 |
||||||||||
| СЫНЫП: 2 | Қатысқан оқушылар саны: 21 | Қатыспаған оқушылар саны: 0 | |||||||||
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.1.3.1 – күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
2.2.4.1 – мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.7.1 – сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою 2.4.2.6 – сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу |
||||||||||
| Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды. сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қояды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табады. |
||||||||||
| Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | ||||||||||
| Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | ||||||||||
| Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | ||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. | ||||||||||
| Сабақтың жоспары | |||||||||||
| Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | |||||||||
| Басталуы
5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу. І топ « Жүйріктер » ІІ топ « Зейінділер » ІІІ топ « Сұңқарлар » Қайырлы таң достым Қайырлы күн болсын Жексенбінің әр күні, Сәттілікке толсын Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Балалық шақтан қызықты оқиға» Мақсаты: эмпатияны дамыту. |
«Балалық шақтан қызықты оқиға»
Тренинг. |
|||||||||
| Жаңа білім
10 минут |
Білу және түсіну
Үй тапсырмасына шолу жасау 42- тапсырма 1 . Толқын кітапханадан кітап алды ма? 2. Ол көп оқиды ма? 3. Әжесіне ертегі оқып берді ме? «Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны. 1.Сөйлем аяқталған …………… (ойды білдіреді). 2. Сөйлем сөзден ………… (құралады). 3. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады). 4. Сөйлемнің бірінші ……… (сөзі бас әріппен басталып жазылады). 5. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады) 6. Жауап алу мақсатында ………………..(сұраулы сөйлем дейміз) 7. «Шегене»…………………………..(шамалы ,аз , шағын деген мағынаны білдіреді). 8. Әрбір адам ………………..(жеті атасын білуі міндет). 9.Ма , ме , ба , бе , па, пе ………… ? (өзінің алдындағы сөзден бөлек жазылады ) 10. Саған сабақ ұнады ма? ………. ( сұраулы сөйлем) Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. 43. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Шегене деген немене? Соны білгің келе ме? Шамалы, азды, шағынды Бабал деген шегене. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді. Баба сөзінің беретін мағынасын сөздіктен қарап ал. Түсіндір. |
Оқулық,
мәтіндер. |
|||||||||
| Ортасы
10 минут |
Қолдану
Дәптермен жұмыс.44 – жаттығу . Сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз . 1.Кісіге қарап орынсыз күлме. 2.Сәуле келді ме? 3. Сабақтан кешікпе. 4. Айдос ауылдан келіп пе? 5.Ешқашан өтірік айтушы болма ! 6.Қар қалың жауды ма? Талдау Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді. Үйге : 45- жаттығу Диалог құрап келу Ереже қайталау |
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады. | |||||||||
| Сергіту сәті
2 минут |
Сергіту сәті | видеожазба | |||||||||
| Аяқталуы
Сабақты бекіту 10 минут |
|||||||||||
| Бағалау
5 минут Кері байланыс 3 минут |
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
|
Бағалау парақшасы | |||||||||
| Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||
| Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||
| Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||||
