Сембай Ақмеңді Ерланқызы

Күні: 18 .10.2019 ж.

Сынып: 1 «в»

Пәні:Дүниетану

Мектеп: Атырау қаласы №10 С.Мұқанов атындағы орта мектеп

Мұғалім: Сембай Ақмеңді Ерланқызы

Сабақтың тақырыбы: Мектепке саяхат
Оқу мақсаты 1.1.2.2 мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: мектепте қандай бөлмелердің болатынын, олардың неге арналғанын біледі;

Оқушылардың басым бөлігі: олардың орналасқан жерлерін өз бетінше табуды үйренеді;

Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады;

Бағалау критерийлері Мектепте қандай бөлмелер болатынын білді;

Ол бөлмелерді өз бетімен таба алатындай дәрежеге жетеді.

Құндылықтарды дарыту Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.
Пәнаралық байланыс Сауат ашу, өзін өзі тану
АКТ қолдану дағдылары Интерактивтік тақта, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Асхана – столовая – сafeteria;

Кітапхана – библиотека – library;

Дәрігер бөлмесі – медицинский кабинет – medical office.

Сабақ барысы: Бұрынғы біліміне сүйену
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин

І.Кіріспе

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда да,

Достар бір-біріне

Сенімді боламыз.

Өткенге шолу:

Мына белгілердің мғыналарын түсіндір:

Суреттер
Сабақтың ортасы

25 мин

Оқулықпен жұмыс

Жұптық жұмыс:

Оқулықпен жұмыс

Топтық жұмыс

ІІ.Мағынаны таныту.

Оқулықпен жұмыс.

  • Бұл суреттерде не бейнеленген?
  • Сен мектепке барып, оқушы болдың.

Өміріңде не өзгерді?

Біз күнде таңертең мектепке асығамыз. Мектеп – біздің екінші үйіміз. Онда біз білім аламыз және бір-бірімізбен араласамыз. Мұғалімдер бізге білім алуға көмектеседі.

Мектепте көптеген бөлмелер бар. Бұл – сынып кабинеттері, асхана, кітапхана, дәрігер бөлмесі. Олар белгілі бір қызмет атқарады.

Дескриптор:

Мектептегі бөлмелер түрлерін анықтайды.

Онда жұмыс жасайтын мамандық иелерінің аттарымен танысады.

Кері байланыс:

Осы бөлмелерді өзің таба білІ

Белсенді оқуды жүзеге асыру(топтық жұмыс)

«Ойлан,жұптас,бөліс!» әдісі

Белсенді оқытудың «Бекіту және қолданысқа енгізу» тәсілін қолданамын.

Мақсаты: Мәселелерді бірлесіп шешу,ынтымақтастықта жұмыс істеу,өзара идеялар алмасу,ортақ мәмлеге келісу және еркін қорғай алу. Топтық жұмыс арқылы табысты оқытуға қол жеткізіледі.Берілген тапсырмалар тақырыпқа және оқу мақсатына жетуіне ықпал етеді.

1-топ. Мектепте қандай бөлмелер бар?

2- топ. Мектепте кімдер жұмыс істейді?

3-топ: Кітапханада кім жұмыс істейді?

Дескриптор:

– мектепте қандай бөлмелер бар екенін айта алады

-мектепте кімдер жұмыс жасайтынын айта алады.

-мектеп бөлмелерінің не үшін қажет екенін айта алады

– кітапханада кім жұмыс істейтінін айта алады

Кері байланыс

Осы адамдардың еңбегін құрметте!

Ойын: «Жағымды және жағымсыз»

Ойын барысы: қарама- қарсы тұрған екі қабырғаға «жағымды дәне жағымсыз» деген жазулары бар тақтайшалар ілінеді. Мұғалім оқушыладың мектептегі әрекеттерін атайды. Оқушылар орындарынан тұрып жылдам тиісті тақтайшаның жанына баруы тиіс.

Дескриптор: Жақсы іс жасауға жұмыстанады.

Жамандықтан аулақ болуға тырысады.

Кері байланыс: Мектепте тәртіпті оқушы болуға тырыс!

Саралау тапсырмалары:

Тапсырма:

Қолдауды қажет етпейтіндер:

Сынып ережелерін құрастырады.

Қолдауды қажет ететіндер:

Жақсы қасиеттерді атайды.

Дескриптор:

– Сынып ережелерін құрастыра алады;

– Жақсы қасиеттерді атайды.

Кері байланыс

Мектеп ережесін сақта!

Ынталандыру: қол шапалақтау

Суреттер
Сергіту сәті Көңілді күн Аудио музыкамен
Жұмыс дәптерін толтыру Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды Жұмыс дәптері
Сабақтың соңы

5 мин

Ал енді балалар сендермен ойын ойнайық. Ойынымыздың аты «Егер ………….. не болар еді?» атты ойыны.

«Егер мектепте бөлмелер болмаса, не болар еді?».

Тірек сөз. Балалар, бүгінгі сабағымыздағы тірек сөздерді тақтаға қарап, 3 тілде оқиық:

Асхана – столовая – сafeteria;

Кітапхана – библиотека – library;

Дәрігер бөлмесі – медицинский кабинет – medical office.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Сабақ/оқу мақсаты шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімдді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік өорын молайтты.Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп ,қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз .

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше