Бабаханова Феруза Асатовна

Мектеп: Кентау қаласы М.Қашғари атындағы мектеп -лицей
Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітап
Күні Мұғалімнің есімі: Бабаханова Феруза Асатовна
Сынып: 5 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 5.2.5.1. Берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

5.5.1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапасын, білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Қызыл кітапқа қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, мұғалімнің көмегімен диалогқа түседі. Сын есімдерді қолданып жеңіл сөйлемдер құрады.

Оқушылардың басым бөлігі: Сұрақтарды дұрыс түсініп, шағын диалогқа қатысады, «Қызыл кітап» туралы мәтін құруда сын есімдерді орынды қолданады.

Кейбір оқушылар: Сұрақтарға нақты жауап бере алады, диалогта тиісті сөздермен сауатты сөз саптайды, сын есімдерді орынды қолданып, «Қызыл кітап» туралы мазмұнды мәтін құрайды.

Бағалау критерийлері:
  1. Сұрақтарға дұрыс жауап береді, диалог құра алады.
  2. Сын есім түрлерін қолданып, «Қызыл кітап» туралы 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін құрады.
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар: айтылым, жазылым
Терминология: «Қызыл кітап», қорғау, одақ, сирек т.б
Сөз тіркестері: ерте заман, жойылып кету, қорғауға алынған, азайып барады, «Табиғатты қорғау одағы», жануарлар мен өсімдіктер, аң-құс атаулары
Құндылықтарды дарыту Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіл әлемдік өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы/ оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға баулу.
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану пәнімен байланысады, ортақ тақырыбы – қоршаған орта, табиғат, жануарлар мен өсімдіктер әлемі.
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақтаны құрал ретінде қолдана алады.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Қазақстан жерін мекендейтін аң-құстар және жануарлар мен өсімдіктер әлеміне қатысты сөздер мен сөз тіркестерін біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топқа бөлу

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасын сұрау.

«Өрмекші торы» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Қима қағаздар
Ортасы

20 минут

Қызығушылықты ояту «Ойлан, жұптас, бөліс» Бейнекөріністен Қызыл кітапқа байланысты қызық деректерді тыңдатып, қызығушылықтарын оятып , жаңа сөздердің мағынасын танытамын.

Жаңа сөздермен жұмыс. Сөздердің мағынасын талқылау

Лексикалық минимум: сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан, қызыл кітап, енгізу, қауіп-қатер, аянышты, ерте заман, жойылып кету, қорғауға алынған, азайып барады, «Табиғатты қорғаудағы», жануарлар мен өсімдіктер, аң-құс атаулары

«Сұрақтар тізбегі» әдісі. Сұрақтарға жеке жауап береді.

Қызыл кітап туралы не білесіңдер?

Басқа кітаптардан ерекшелігі неде?

Өз жерімізде «Қызыл кітапқа» енген жануарлар кездесе ме?

Неліктен жануарларды «Қызыл кітапқа» енгізеді? »

Жұптық жұмыс. Осы сұрақтарды және жаңа сөздерді пайдаланып, «Жұптық әңгіме» әдісі арқылы диалог құрыңдар.

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Диалогқа қатысады.

Қ/Б: «Бағдаршам» өзін-өзі бағалау

Топтық жұмыс: Сын есім және оның турлері туралы мәлімет беріліп, түсінгендерін постер арқылы қорғайды.

Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семізсөйлеп,арықшыққанша,арықсөйлеп,семізшық(мақал).

Синтаксистік қызметі

Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүшеболып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов).

Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студентжақсыоқиды.

Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.

Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтайтүзу, ұзын, биік, кеңжолмен келеді

Дескриптор:

  • Сын есімнің ережесін айтады, сұрақтарын береді;
  • Түрлерін ажырата алады, мысалдар келтіреді.

«Екі жұлдыз , бір тілек» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Жеке жұмыс. Берілген ресурстардың (мәтін) негізінде сын есім түрлерін қолданып, «Қызыл кітап» туралы 5-6 сөйлемнен тұратын өз мәтінін құрау.

Дескриптор:

  • Нақты мәлімет көрсетеді;
  • Мазмұндық жүйе сақтайды;
  • Сын есім түрлерін қолданады.

Қ/Б: « Көршіңді тексер» әдісі арқылы жұптардың бірін-бірі бағалауы

Қолдау, ресурс арқылы – с а р а л а у

  • Мәтін құрауда ерекше қолдауды қажет ететін балаларға толықтыруды қажет ететін сөйлем құрылымдары беріледі. …. — халықаралық дәрежедегі құжат.
  • Қызыл кітапқа….., …. жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.

Орта деңгейлі балаларға дайын кітаптағы мәліметтерді қоса пайдалануды ұсынамын. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан- жылға азайып не жойылып бара жатқан, сон-дықтан да айырықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеле-ді. Жойылу қауіпі төнген (саны сиреп бара жатқан) түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Біздің елімізде жойылып бара жатқан жануарлар мыналар: барыс, ілбіс, қоңыр аю, бүркіт, дегелек, т.б. Ал өсімдіктерден қызғалдақ, сексеуіл т.б.

Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезіндегі ластанған өзен-дер – осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдармен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Қаскерлердің қолынан қаншамасы қырылып жатыр.

Қабілетті балаларға күрделендірілген мәтін ұсынылады. (Тапсырманы күрделендіру мақсатында ) Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және алтай таулары. өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы – орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

ноутбук

Интерактивті тақта

5-сынып оқулығы

плакат

kk.wikipedia.org/wiki

Қызыл_кітап

Аяқталуы

10 минут

Бағалау:

Кері байланыс:

Оқушылардың өтілген сабақтан не үйренгендерін білу, кері байланыс алу мақсатында, білемін – осы тақырып туралы өзінің алдыңғы білімінен не білетінін, білдім – сабақ барысында не үйренді және білгім келеді – тағы осы тақырыпқа байланысты не білгісі келетінін төмендегі кестені толтырту арқылы анықтаймын.

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді

Үй жұмысы: Өлең жаттау

Қосымша ақпарат
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Ресурс арқылы – с а р а л а у

Мәтін құрауда ерекше қолдауды қажет ететін балаларға толықтыруды қажет ететін сөйлем құрылымдары беріледі.

Орта деңгейлі балаларға дайын ресурстардағы мәліметтерді пайдалануды ұсынамын.

Қабілетті балаларға күрделендірілген мәтін . ұсынылады. өзмәтінін жазады

Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
  1. Қ/Б: «Бағдаршам» өзін-өзі бағалауы
  2. Қ/Б: «Екі жұлдыз ,бір тілек» топтардың бірін-бірі бағалауы
  3. Қ/Б: «Активатор» жұптардың бірін-бірі бағалауы
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше