Жаңа сабақтар

Тазалық денсаулық кепілі

Пәні: дүниетануМектеп: №16 С.Мәуленов бастауыш мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Дені саудың-жаны сау

Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Исмайлова А

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Тазалық денсаулық кепілі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:Жеке бас гигиенасын біледі.

Көптеген оқушылар:Жеке бас гигиенасының маңыздылығын түсінеді.

Кейбір оқушылар:Жеке бас гигиенасының ережесін құрастырады

Бағалау критерийлері Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын анықтайды.

Жеке бас гигиенасының ережесін жоспарлайды.

Тілдік мақсаттар Пәнге қатыстыарнайы лексика және терминология гигиена,тазалық,тіс пастасы,тарақ,сабын

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

-Тарақты не үшін пайдаланамыз?

-Неліктен тістерді тазалаймыз?

-Несебепті қолды сабынмен жуамыз?

Неліктен жеке бас гигиенасын сақтаймыз?

Құндылықтарды дарыту Мәңгілік ел:Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Ұқыптылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс Сауат ашу,жаратылыстану,бейнелеу өнері
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім Денсаулық,тазалық туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5минут

Психологиялық ахуал

Балалар шеңбер бойынша отырады.Мұғалім еденге қима қағаздарда бейнеленген күннің, гүлдің, бұлттың, жаңбырдың суреттерін тастайды. Оқушылар тұрып, өз көңіл-күйлеріне сәйкес суреттерді таңдап алып, орындарына отырады. Неліктен бұл суретті таңдап алғандары туралы айтады.

2. /Сабын, тіс пастасы, сүлгі/ топтамаларын алу арқылы топқа бірігеді.

«Кел, жұмбақ шешейік!» ойыны/Жұмбақ шешу арқылы әр топ өз атауларын айтады./

а/ Жуынып болғанда жүреді қолдарда /сүлгі/

ә/ Қантта емес,ұнда емес, Ұқсастық бар ептеген Тістің бәрін аппақ қып Тигізеді септігін./тіс пастасы/

б/Жылпылдап қолда тұрмайды

Ақ көбік боп зырлайды. Кір қоқысқа жаны қас Түк қалдырмай қырнайды./сабын/

«Ребус шешу» арқылы жаңа такырыпты ашу, «Тазалық-денсаулық кепілі»

Т ,,, ,-ден,,,

, Л ,,,,,І

«Ізденіс» әдісі бойынша оқушылар тазалық, гигиена туралы сюжеттік суретті бақылайды , салыстырады және талдай отырып ортаға салады.

-Не үшін тазалық сақтау қажет деп ойлайсың?

-Денің сау әрі әдемі болғың келе ме?

:Дескриптор

-Суретті салыстыра алады.

-Сұрақтарға жауап береді.

Қ.Б Жалауша арқылы бағалаймын

Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша

(Т-топтық жұмыс)

1- тапсырма:

І топ

· Суретке қарап жеке бас гигиенасының ережелерін құрастыр.

· Олережелердідосыңаайтыпбер!

ІІ топ

Денсаулық пен тазалық туралы мақал-мәтелдер айту.

ІІІ топ

Жеке бас гигиенасы туралы әңгіме құрастыр.

Дескриптор

— Жеке бас гигиенасының ережесін құрастырады.

— Мақал – мәтел айтады.

— Жеке бас гигиенасын әңгімелей алады.

Бағалау: «Бағалау терезесі»

Сергіту сәті «Дене мүшелері»

1. 2-тапсырма(Ж-жұптық жұмыс) «Адасқан сөздер» ойыны: Суреттерді салыстырыңыз. Балалар туралы не айта аласыз?Тазалық сақтау неліктен маңызды?

Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

2. 1……. шашты тарайды.

3. 2. …… қолды тазалайды.

4. 3. ……тісті жуады.

5. Тірек сөздер: сабын,тарақ,тіс пастасы.

6.

7. Дескриптор:

8. Тірек сөздерді дұрыс қолданады.

9. — Суреттерді салыстырады.

-Сөйлемдерді толықтырып жазады.

Бағалау: «Ақылды үкі»

Саралау жұмысы Тапсырма тәсілі

— Тазалық, денсаулыққа байланысты 5 жолды өлең құрастыр.

Дескриптор:

5 жолды өлең құрастыра алады.

ребус
Сабақтың ортасы

30 минут

Оқулық

Суреттер

Сергіту сәті Суреттер

Бағалау терезесі,стикер

Суреттер

Тірек сөздер жазылған парақшалар

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс «Жетістік баспалдағы» әдісі Стикер
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдану қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз? Тапсырма тәсілі

Тазалық, денсаулыққа байланысты 5 жолды өлең құрастыр.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

1.Жалауша

2.Бағалау терезесі

3. «Ақылды үкі»

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?Оқушыларды барлығы ОМ қол жеткізеді ме? Жеткізбесе неліктен?Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?Сабақтың уақыттық кезееңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,неліктен

Білімді сабақ туралы өз пікірімізді білдіру үшін пайдаланыңыз.Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы бағаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,оқу туралыда,ойланыңыз?

1;

2;

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да , ойланыңыз)?

1;

2;

Сабақ барасында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет ?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.