Жаңа сабақтар

Менің мектепке баратын жолым. О дыбысы мен әрпі

Пән: сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Менің мектебім

Күні: 21.10.2019

Сынып: 1

Мектеп: №16 С.Мәуленов б/м

Мұғалімнің аты-жөні: А.Исмаилова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Менің мектепке баратын жолым. О дыбысы мен әрпі
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақмақсаттары Барлықоқушылар: О дыбысы бар сөздерді ажыратады, сурет бойынша әңгіме құрап айта алады. Каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.

Көптеген оқушылар: О дыбысы сөздің қай жерінде тұрғаннын айта алады.

Кейбір оқушылар: О дыбысы бар сөздер айтып, буынға бөле алады.

Бағалаукритерийлері О дыбысы бар сөздерді ажыратады.

Сурет бойынша әңгіме құрап айта алады.Каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады: О дыбысы бар сөздерді ажыратады, сурет бойынша әңгіме құрап айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:О дыбысы мен әрпі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Сен мектепке қалай барасың?

-Сурет бойынша сөздер сызбасын оқы.

Құндылықтардыдарыту Сын тұрғысынан ойлау, өз пікірін дәлелдей білу дағдыларын дамыту.
Пәнаралықбайланыстар Дүниетану, жаратылыстану
АКТ қолданудағдылары Слайд
Бастапқыбілім Оқушылардың дыбыс мен әріп туралы алғашқы білімдері бар.
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Сөзмоншақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

Кезекпен төмендегідей сөздерді тізбектеп, бір –біріңді қайталамай айтыңдар:

О дыбысынан басталатын сөздер, о дыбысы сөздің ортасында кездесетін сөздер, о дыбысы сөздің аяғында кездесетін сөздер, о дыбысынан басталатын сөздер…

Оқушылар қандай сөз айтқанына байланысты 3 топқа біріктіріледі, топ атауын қояды.

1-топ – «О дыбысынан басталатын сөздер»;

2 – топ – «О дыбысы сөздің ортасында кездесетін сөздер»;

3 – топ –«О дыбысы сөздің аяғында кездесетін сөздер»

Оқу мақсатын жариялау үшін «Сұрақтар тізбегі» әдісі қолданылады.

-Бұл сөздерде ортақ дыбысты атайық.

-О дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі екен?

-Ендеше бүгінгі сабағымызда о дыбысы мен әрпін қайталап оқитын боламыз.

Сабақтың ортасы

6 мин

7 мин

5 мин

2 мин

10 мин

(Т) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқулықтың 44- бетінде берілген диалогты тыңдаңдар. Сурет бойынша әңгіме құрап айтыңдар.

Дескриптор:

Сурет бойынша әңгіме құрап айтады.

Саралау тәсілі:«Тапсырма» әдісі арқылы жүзеге асады.

Кейбір оқушыларға:

— Суретке қарап өз жолыңмен салыстыр, ерекшелігін айт.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі

Жоғары- Сурет бойынша әңгіме құрап айта алса.

Көлденең — Сурет бойынша әңгіме құрап айтуда көмек қажет етсе;

Төмен —Сурет бойынша әңгіме құрап айтуда қиналса;

(Т) 2 – тапсырма «Бір минуттық әңгіме» әдісіарқылы жүзеге асады.

Оқулықтың 44-бетіндегі сұраққа жауап беріңдер.

-Сендер мектепке қалай барасыңдар?

Дескриптор

— Мектепке қалай баратынын айтып береді.

Саралау тәсілі:«Тапсырма» әдісі арқылы жүзеге асады.

Кейбір оқушыларға:

-«Менің жолым» тақырыбында сурет сал.

ҚБ: «Жұлдызша» әдісі.

Сары— Мектепке қалай баратынын айтып бере алса;

Жасыл— Мектепке қалай баратынын айтып беруде көмек қажет етсе;

Қызыл— Мектепке қалай баратынын айтып беруде қиналса;

(Ж) 3 – тапсырма «Ойлан, тап» әдісіарқылы жүзеге асады.

Оқулықтың 44-бетіндегі суреттерден мектепке барар жолда кездесетін о әрпі бар сөздерді атап, көрсетіп беріңдер.

Дескриптор

— О әрпі бар сөздерді атап, суретін көрсетеді.

Саралау тәсілі:«Тапсырма» әдісі арқылы жүзеге асады.

Кейбір оқушыларға:

-Сынып бөлмесінен о дыбысы бар заттарды ата.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі.

Жасыл— О әрпі бар сөздерді атап, суретін көрсете алса;

Сары— О әрпі бар сөздерді атап, суретін көрсетуде көмек қажет етсе;

Қызыл— О әрпі бар сөздерді атап, суретін көрсетуде қиналса;

Сергіту сәті. Сәйкес қимыл жасауарқылы орындалады.

Бір, екі, үш,

Қане, қанат қағамыз.

Бір, екі, үш,

Қарлығаш боп ұшамыз.

Бір, екі, үш,

Жинап алдық күш.

(Д) 4- тапсырма тақтамен және дәптермен жұмыс.

Бала қолының ұсақ бұлшық еттерін дамыту және каллиграфиялық талапқа сай жазуға қалыптастыру үшін төмендегілерді орындату:

– Жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды;

–О о әрпі бар сөздерді жазғызу.

Дескриптор: Тапсырмаларды орындайды, о әрпі бар сөздерді талапқа сай жазады.

Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі.

Қарқынды оқушыға: қосымша әріп, сөз жазу.

Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету, үйрету.

Қ.Б: «Смайлик» әдісі

Тамаша — Тапсырмаларды орындап, о әрпі бар сөздерді талапқа сай жаза алса;

Жақсы — Тапсырмаларды орындап, о әрпі бар сөздерді талапқа сай жазуда қателіктер болса;

Қалыпты — Тапсырмаларды орындауда, о әрпі бар сөздерді талапқа сай жазуда қиналса.

Бас бармақ

оқулық

жұлдызшалар суреті

оқулық

Жұмыс дәптері

Смайлик

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі арқылы алынады.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Т1. Саралау тәсілі:«Тапсырма» әдісі Кейбір оқушыларға:

— Суретке қарап өз жолыңмен салыстыр, ерекшелігін айт.

Т2. Саралау тәсілінен«Тапсырма» әдісі: Кейбір оқушыларға:

-«Менің жолым» тақырыбында сурет сал.

Т3. Саралау тәсілінен«Тапсырма» әдісі: Кейбір оқушыларға:

-Сынып бөлмесінен о дыбысы бар заттарды ата.

Саралау тәсілі «Қарқын» арқылы жүргізіледі.

Қарқынды оқушыға: қосымша әріп, сөз жазу.

Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Т1. ҚБ: «Бас бармақ» әдісі

Жоғары- Сурет бойынша әңгіме құрап айта алса.

Көлденең — Сурет бойынша әңгіме құрап айтуда көмек қажет етсе;

Төмен —Сурет бойынша әңгіме құрап айтуда қиналса;

Т2. ҚБ: «Жұлдызша» әдісі.

Сары— Мектепке қалай баратынын айтып бере алса;

Жасыл— Мектепке қалай баратынын айтып беруде көмек қажет етсе;

Қызыл— Мектепке қалай баратынын айтып беруде қиналса;

Т3. ҚБ: «Бағдаршам» әдісі.

Жасыл— О әрпі бар сөздерді атап, суретін көрсете алса;

Сары— О әрпі бар сөздерді атап, суретін көрсетуде көмек қажет етсе;

Қызыл— О әрпі бар сөздерді атап, суретін көрсетуде қиналса;

қосымша әріп, сөз жазу.

Т4. Қ.Б: «Смайлик» әдісі

Тамаша — Тапсырмаларды орындап, о әрпі бар сөздерді талапқа сай жаза алса;

Жақсы — Тапсырмаларды орындап, о әрпі бар сөздерді талапқа сай жазуда қателіктер болса;

Қалыпты — Тапсырмаларды орындауда, о әрпі бар сөздерді талапқа сай жазуда қиналса.

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі арқылы алынады.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыста материалды пайдаланып, жасауда қауіпсіздік техниканың ережесі сақталады.

Сергіту сәті. Сәйкес қимыл жасауарқылы орындалады.

Бір, екі, үш,

Қане, қанат қағамыз.

Бір, екі, үш,

Қарлығаш боп ұшамыз.

Бір, екі, үш,

Жинап алдық күш.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.