Далелхан Мейрамгүл
Ақмола облысы, Бұланды ауданы «Макинск №5 орта мектебі» КММ
Математика пәні мұғалімі Далелхан Мейрамгүл
Сабақтың тақырыбы: Жақшамен берілген рационал санды жақшасыз жазғанда таңбалар ережесі.
Сабақтың мақсаты:
5. Топпен жұмыс жасай отырып, таңбалар ережесін үйрену.
Міндеттері:
1. Таңбалар ережесін пайдаланып есептер шығару;
2. сыни тұрғыдан ойлау деңгейін дамыту;
3. алғырлыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
6. таңбалар ережесін пайдалана алады;
7. қалай оқу керектігін түсінеді;
8. топта жұмыс жасайды;
9. сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді.
Түйінді идея: Математика тілі – формула
Ресурстар: оқулық, слайдтар, плакат, маркер, смайликтер, үлестірме қағаздар
Мұғалім жазбалары:
Кіріспе.
10. Сынып оқушыларымен амандасу;
11. Сергіту сәті /би билеу/
12. Топтау /қарама-қарсы, бүтін, рационал сандар/
13. «Ротация» әдісі.
Оқушыларға тапсырмалар беру. Жақшаларды ашып жазыңдар.
-(+2)= ………
– (- 3) = ……..
– (+3) = ………
+ (+6)= ………
+ (-7 ) = …….
-(-9) = ………
Жаңа материалдың таныстырылымы.
Топтық жұмыс.
Олай болса, оқушылар бүгінгі сабақтың ережесін қорытып шығарайық.
Жақшаның алдында «плюс» /+/ таңбасы бар санды жақшасыз жазғанда санның санның өз таңбасы сақталады.
Мысалы: + (+6) = +6; +(-7)= -7
Жақшаның алдында «минус» (-) таңбасы бар санды жақшасыз жазғанда санның таңбасы қарама – қарсы таңбаға өзгереді.
Мысалы: -(+4) = – 4; -(-9) = +9
Таңбалар ережесін пайдаланып, + (+ а)= а, – (+а)= – а, + (- а)= – а, – (-а)= а өрнектерін жазамыз.
Таңбалар ережесінің кестемен берілуі:
+(+) = +
+(- ) = –
– (+) = –
– ( – ) = +
Жаңа материалды қолдану. Топтық жұмыс. Есеп – 342,347,350,351.
«Математикалық вальс» ойыны. Тапсырмалар.
– (-27) = 27
– (+1,9)= – 1,9
-(- 0,16) = 0,16
– (-5 ) = 5
-(+)=
Кері байланыс. Оқушылар парақты екіге бөліп бір жағына сабақтан түсінгенін, екінші жағына сабақты түсінбеген тұстарын жазады.
Үй тапсырмасы.
Бағалау.
