Жаңа сабақтар

Бутабаева Гульнар Бексултановна

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №198 жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Бутабаева Гульнар Бексултановна

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп:№198 Жалпы білім беретін мектеп
Күні:15.11.19ж Мұғалімнің аты-жөні: Бутабаева Гульнар Бексултановна
Сынып: 3 «Ғ» Қатысқандар саны:28 Қатыспағандар саны:0
Бөлім Уақыт
32сабақтың

тақырыбы

Қысқы кеш суреттері.

Қысқы кеш. Александр Пушкин.

Оқу бағдарла-

масына сілтеме

1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру.
Осы сабақтақолжеткізілетін оқу мақсаттары 3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізу.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын өз сөзімен жеткізеді.

Көптеген оқушылар: негізгі ойды анықтайды.

Кейбір оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізеді.

Бағалау критерийі Мәтіннен көркем-бейнелі сөздерді таба алады.

Көркем бейнелі сөздерді қолданады.

Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар: Пәнге тән сөздер мен тіркестер:

Эпитет,теңеу, көркем-бейнелі сөздер,қара сөз,өлең.

Диалог және жазылым :

1. А.С.Пушкин туралы не білесің?

2.Эпитет дегеніміз не?Теңеу дегеніміз не?

3. Эпитет пен теңеу сөзіндерінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

Жазылым: көркем-бейнелі сөздерді өлеңнен тауып жазу.

Құндылық Оқушылар арасындағы бір-бірін сыйлауы,өзара қарым –қатынас жасауы, сын тұрғысынан ойлауға,тілдік қарым –қатынас жасауға,елжандыққа, қауіпсіздік сақтауға баулу.
Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану
АКТ-ны қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақта
Алдыңғы білім Т. Жароков. «Ауыл күзі»
Жоспары
Уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Ынталандыру.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Ауыл күзі» тақырыбына мәтін құрастырған мәтіндерін оқыту.

Жұмыс дәптері
Сабақтың ортасы

2 минут

3 минут

Ойқозғау. Сабақтың тақырыбын айту. Күтілетін

нәтижені айқындау. Бағалау критерийімен таныстыру.

Тыңдалым

А.С.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін тыңдау.

аудиожазба
2 минут

5 минут

5 минут

7 минут

6 минут

Автор айдарымен танысу.

— Өлеңді жазған кім?

-А.С.Пушкин туралы не білесің?

— Өлеңді аударған кім?

1-тапсырма.«Көркем-бейнелі сөздерді тап» тапсырмасы (ұжымда)

Бағалау критерийі.

1.Мәтіннен көркем-бейнелі сөздерді таба алады.

2.Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді

қолдана отырып, жеткізе алады.

Әр топ өлеңнің бір шумағын оқып, көркем-бейнелі сөздерді табады,дәлелдейді.

Бағалау:«Бас бармақ» стратегиясына сәйкес бағаланады (жоғары қаратса – бәрі түсінікті, ортаға көрсетсе — сұрақтар бар, төмен қаратса — көмек қажет).

2-тапсырма.«Тауарыңды сат» тапсырмасы (топта)

Әрбір топқа сюжетті суреттер беріледі. Тауарды сату керек. Ол үшін оқушылар тауарын көркем-бейнелі сөздерді пайдалана отырып,мақтап, мадақтап, жетістігін айтып жарнама жобасын дайындайды .

Топтық жұмысты қорғау.

Бағалау критерийі.

-Көркем бейнелі сөздерді қолданады.

-Жарнама жасауда көркем-бейнелі сөздерді

қолдана отырып, өз ойын жеткізе алады.

Бағалау:«Тауарыңды сат» тапсырмасы «Үш шапалақ» әдісі сәйкес бағаланады.

Оқулық

«Бас бармақ» әдісі

сюжетті суреттер

«Үш шапалақ» әдісі

Сабақтың соңы

1 минут

4 минут

Үй тапсырмасы. «Қысқы кеш» өлеңін мәнерлеп оқу.

ҚБ ретінде: дәптердегі(34 бет) 1-тапсырма. «Ауыл күзі», «Қысқы кеш» өлеңдерін салыстыу.

Кері байланыс. «Еркін микрафон»

-Сабақ мақсатына жеттік пе?

— Сабақта қандай қиындықтартуындады?

-Сабақта ең маңыздысы не болды?

– Не қызықтырды?

-Бүгін не білдің? Сен үшін не жаңалықболды?

-Сабақ аяқталғанда көңіл күйің қандай? Неліктен?

Жұмыс дәптері

«Еркін микрафон»

Қосымша мағлұматтар
Дифференциация –

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қанша-

лықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

Қабілеті жоғары оқушыларға көркем-бейнелі сөздердің кем дегенде 5 дәлел келтіру ұсынылады. «Көркем-бейнелі сөздерді тап» тапсырмасы «Бас бармақ» стратегиясына сәйкес бағаланады (жоғары қаратса – бәрі түсінікті, ортаға көрсетсе — сұрақтар бар, төмен қаратса — көмек қажет). «Тауарыңды сат» тапсырмасы «Үш шапалақ» әдісіне сәйкес бағаланады. Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.
Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асты.Кейбір оқушылар оқу мақсатына жетті. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.Жалпы сабақ құрылымы толық орындалды. Жоспарымның ішінде орындалмай қалған тұстары болмады.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1.Сабақта тыңдалым,оқылым,айтылым және жазылым дағдылары сәтті өтті.

1. «Тауарыңды сат» тапсырмасы ойдағыдай өтті.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.Шағын топтарды қайта құру.

2. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.