Жаңа сабақтар

Касымова Алием Садыққызы

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлігі:

Тірі табиғат: Адам

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: Алматы қаласы, Алатау аудына, № 151 ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Касымова Алиес Садыққызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Адам қалай есейеді?
Оқу мақсаттары 1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуына керек қажеттіліктерді анықтау

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: адамның өсу және даму кезеңдерін ажыратады.

Көптеген оқушылар: өсуі мен дамуына керек қажеттіліктерді анықтайды

Кейбір оқушылар: адамның өсуі мен дамуына байналысты ақпараттар жинақтап, топта бөліседі

Бағалау критерийлері Адам өмірінің кезеңдерін анықтай алады

Адамның дамуы мен дамуына керек.

қажеттіліктерді анықтай алады.

Тілдік мақсаттар Балалық шақ, жастық шақ, қарттық шақ

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сенің інің немесе қарындасың (сіңлің) бар ма? Олар туралы айтып бер.

Сен қалай өстің?

Суреттерді салыстыр.

Өзіңнің кішкене кезің есіңде ме?

Сен өсіп келе жатқанда қалай өзгердің?

— Кім жүз метрлік арақашықтықты тез жүгіріп өтеді: атасы ма әлде немересі ме?

— Адамдар кімнен ақыл сұрайды: әжесінен бе әлде немересінен бе?

— Кім тауға тез көтеріледі: атасы ма әлде немересі ме? Адам өмірі көптеген кезеңдерден тұрады.

Құндылықтарды дарыту Жауапкершілігі мол, белсенді азаматтық ұстаным, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту.
Пәнаралық байланыстар Математика (санауда), дене шынықтыру (сергіту сәтінде)
АКТ қолдану дағдылары интербелсенді тақта, бейнежазба
Бастапқы білім Адамның дене мүшелері туралы біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы І) Психологиялық ахуал

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз.

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

ІІ) Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы 3-топқа бөлу.

«Балалық шақ», «Жастық шақ», «Қарттық шақ»

ІІІ) «Сұрақтар қоймасы» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе

Сенің інің немесе қарындасың (сіңлің) бар ма? Олар туралы айтып бер.

Сен қалай өстің?

Суреттерді салыстыр.

Өзіңнің кішкене кезің есіңде ме?

Сен өсіп келе жатқанда қалай өзгердің?

Сабақтың ортасы 1) «Сәйкестендіру» әдісі

Сәбиге, бүлдіршінге және оқушыға не керек?

Дескриптор:

Қажетті құралдармен сәйкестендіреді

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Есте сақта!

Бала сәбилік, балалық шақта және жасөспірімдік кезеңде тез өседі. Жастық шақта өсіп-жетіледі. Кемелденген және қартайған шағында адамның өсуі тежеледі.

Бейнежазба көрсету

2) «Баспалдақ» әдісі

Адамдарды өсу ретімен және жас кезеңдерімен орналастыр.

Дескриптор:

Реттілігін сақтап өсу ретімен орналастырады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

3) Топтық жұмыс. «Атасы мен немересі» ойыны

Бастапқыда мұғалім сұрақ қояды, топ мүшелері ақылдасып, дәлелмен жауап береді. Әр топқа атасын немесе әжесін қосуға болады.

Сұрақтар:

— Кім жүз метрлік арақашықтықты тез жүгіріп өтеді: атасы ма әлде немересі ме?

— Адамдар кімнен ақыл сұрайды: әжесінен бе әлде немересінен бе?

— Кім тауға тез көтеріледі: атасы ма әлде немересі ме? Адам өмірі көптеген кезеңдерден тұрады.

Тапсырма. Атанасы мен немересі орындай алатын қимыл-қозғалыстарды боя.

Дескриптор:

Адамның есеюі арқылы өзгеретінін біледі, салыстырады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

https://youtu.be/CSVcRi5jJgE
Сабақтың соңы Рефлексия

«Білім кемесі» әдісі

Егер сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя;

Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя;

Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болсае, желкенді қызыл түске боя.

Саралау Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралаудың «Дереккөздер» тәсілі. Кейбір оқушылар басқа сыныптастары қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

«Баспалдақ» әдісі барысында кейбір оқушылар ғаламтор желісінен қосымша ақпарттар іздейді.

https://www.zharar.com/kz/1579-jas.html

«Бағдаршам» әдісі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.