Исаева Акерке Адилбековна
ҚМЖ
| Пәні: Сауат ашу | Мектеп: №180 ЖББ | |||
| Тақырып:
Мектебіме саяхат. А а дыбысы мен әрпі |
Мұғалімнің есімі: Исаева Акерке Адилбековна | |||
| Күні: 02.08.2019 ж | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
| Сынып: 1 | ||||
| Оқу мақсаттары | 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шаған әңгіме құрап айту.
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және дыбыспен сәйкестендіру. 1.3.8.1 жазу жолын жоларалық кеңістікті жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін талаптарға сәйкес жазу. |
|||
| Сабақ мақсаты | Сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады және дұрыс дыбыстайды, сөздерге дыбыстық талдау жасайды, әріп элементтерін каллиграфиялық талапқа сай жазады. | |||
| Ойлау деңгейі | Білу, түсіну, қолдану | |||
| Бағалау критерийлері | Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын болжап әңгімелейді.
Әріпті, дыбысыты ажыратады. Әріп таңбасын жазады. |
|||
| Тілдік мақсат | Тірек сөздер жаңа ұғымдар:
Әріп таңбасы, дыбыс, дауысты, дауыссыз дыбыстар. Қалам, тақта, кітап. |
|||
| Ашық сұрақтар:
-А дыбысы қандай дыбыс? -Сынып ішінде А әрпінен басталатын адамның есімі бар ма? -Ара сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз. |
||||
| Жазылым тапсырмасы
–А әрпінің жазбаша түрін каллиграфиялық талапқа сай жазу. ( №2 жазу дәптері 3-бет) |
||||
| Алдыңғы оқу | Суреттің көмегімен әңгіме құрастыр. | |||
| Жоспар | ||||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | ||
| Басталуы
Тыңдалым, айтылым |
(ҰЖ) Психологиялық ахуал
Қуан шаттан алақай Қуанатын күн келді Күліп шықты күн бүгін Қайырлы таң! Қайырлы күн! «Топтастыру» стратегиясы. Сынып ішіндегі заттардың жеке атауларын ататып, қалам, тақта.кітап арқылы үш топқа бөлемін. |
|||
| Ортасы
Оқылым |
(МТ)
-Біз бүгін А әрпі мен танысамыз. А әрпі әліпбиде бірінші тұрады. А дыбысы жуан, дауысты дыбыс. 1-тапсырма. (Ж) «Елестету көрінісі» әдісі. Мектебіңді суреттегі мектеппен салыстырып көр. Көздеріңді жұмып өз мектеперіңді көз алдыларыңа елестетіңдер. Дескриптор: 1.Өз мектебін суреттейді. 2.Басқа мектеппен салыстырады. Нәтиже немесе жауап бойынша саралау. «Өзіңді тексер, бағала» әдісі тапсырма бойынша жеке жұмыс жасау барысында қабілеті төмен оқушыға қолдау көрсетуге бағыттайды. (Қб) «Басбармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. 2-тапсырма (Т) «Бірге ойлаймыз» әдісі. Берілген мәтінді төиендегі суреттерді көре отырып, мәтінді болжау арқылы аяқтау. Тыңда. -Мерей, мектеп алдындағы ағаш жаққа қарашы! Біздің сыныптағы Марғұлан: «А-а-а!» -деп қашып келеді. Не болды екен? -Оны төмендегі суреттен көре аламыз. Дескриптор: 1.Оқиғаны әңгімелеп береді. 2.Әңгімедегі А дыбысы бар сөздерді табады. Тапсырма бойынша саралау. Топтық жұмыс барысында оқушыларға түрлі деңгейдегі шығармашылық жұмыстар беру арқылы оқушылардың қабілет деңгейін анықтау жүзеге асады. (Қб) «Смайлик» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. |
|||
| Аяқталуы
5 мин Жазылым |
3-тапсырма. Дәптермен жұмыс
(МТ)1. Әріп таңбасын тақтада көрсетіп, әріпті ауада жазамын. 2. Оқушылар дәптердегі әріп таңбасын жазады. Дескриптор: А әрпінің таңбасын жазады. Каллиграфиялық талапқа сай жаза алады. Бағалау «Смайлик» әдісі арқылы бағалаймын. Рефлексия «Өрмекші торы» әдісі арқылы сабақты бекіту. |
|||
| Қосымша ақпарат | ||||
| Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс- Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.
АКТ мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||
| Саралау әдісі бойынша
№2 тапсырма кезінде оқушыларға суретті күрделендіріп беріп, әңгіме құрастыруды тапсырдым. |
«Елестету көрінісі» әдісі
«Бірге ойлаймыз» әдісі «Смайлик» әдісі «Басбармақ» әдісі «Өрмекші торы» әдісі |
-Сергіту жаттығуы | ||
| Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары дұрыс болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
-оқу мақсаттары дұрыс құрылған
-А а әрпі мен дыбысын таныды -Қанағаттанарлық -Саралау шаралары дұрыс құрылған -уақытты тиімді пайдаландым -әдіс-тәсілдерді қолдандым, дидактикалық материалдар қолданылды |
|||
| Қорытынды бағамдау | Қандай екі нәрсе табысты болды?
1.Білім алушылар жаңа материалды меңгерді. 2. Сөздерді буынға бөлу мен дыбыстық талдау жасау. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? 1. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы. 2. Әдіс-тәсілдердің көмегімен. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылыр туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Жекеленген жұмыс |
|||
