Жаңа сабақтар

Мукашева Роза Избасарова

Алматы облысы Қарасай ауданы«Кемертоған орта мектебі»

Мукашева Роза Избасарова

Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: «Біз мектепке барамыз»

Салеметсіздерме құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бір жыл бойы мектепалды тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң мен солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасуына қош келдіңіздер! «Біз мектепке барамыз» атты тарбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеттіңдер. Барасындар мектепке, Бір белестен өттіңдер.

Бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік:

1. Қуанамыз сыйлаймыз, Қуаныштың мың гүлін, 0 «А» сыныпты қимай біз Қоштасатын күн бүгін. Ғани

2. Бізге тәртіп үйреткен, Ән салдырып билеткен. Әріптермен, суретпен Таныстырған ең алғаш, Ұстазыма мың алғыс Назерке

3. Оқимыз, білім аламыз, Болашақ жолын саламыз. Мектепалды даярлықпен қоштасып, Біз мектепке барамыз. Бекарыс

4.Бес болсын алған бағамыз, Білімнен бақыт табамыз. Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз. Дайана

5.Елдің атын жазамын, Жердің атын жазамын. Туған тілге тазамын, Батаңды бер қазағым, Мен мектепке барамын. Сағи

Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті ақыл ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың.

6. Күннің нұры шуақты, Өтті сәби күндерім. Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді. Тоқтар Айару

7. Биыл алты жастамын, Кітапты оқи бастадым. Әріптерді танып мен, Енді жазада аламын. Сағынбай Қанат

8. Мектеп қамқор анамыз, Оқу білім аламыз. Өнерпаз болып өсетін, Біріншіге барамыз. Тоқтыбай Айару

9.Биыл күзде мектепке Біріншіге барамын Мақтанбаймын мен текке Дайын дәптер қаламым. Сағынбай Абдуррохман

10. Жеті жасқа толамыз, Әдепті бала боламыз. Ата-ананы қуантып, Кілең бестік аламыз. Қасен Аяжан

Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Есік қағылып, жыл атамен оның балалары келеді:

Жыл Атаның сөзі: Салеметсіңдерма балалар! Бізді сендерге Білім ханшайымы балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер деп біздерді жіберді. Менің мінездері әр түрлі 4 балаларым бар.

1.Бірінші ұлым – Қыс. Оның мінезі өте қатал ашуланса бүкіл әлемді өзінің суық ызғарымен тондырып тастайды.

Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды. Қарға обығып, Сырғанап жастар ойнайды, Мен боламын қыс мезгілі.

2. Екінші балам — Көктем қызым. Өте көңілді жайдары жан-жағына нұрын шашып жүреді.

Қар еріп, су көбейіп, Сай салаға толады. Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек болады, Мен боламын көктем мезгілі.

3. Үшінші балам екінші қызым – Жаз. Ең жайдары, ең мейірімді, бүкіл жербетіне өзінің ыстық шуағын төгіп жүреді.

Өрік, алма, жидек жүзім піседі, Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз, Дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады, Мен боламын жаз мезгілі.

4. Төртінші ұлым – Күз. Үнемі мұңайып, томсырайып жүреді, кейде қуанышты сәттеріде болады.

Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл думан басады. Шөп сарғайып өңі тайып, дала нұры қашады. Ойнай алмай, денең мұздап тоңады, Мен боламын күз мезгілі.

Жыл Атаның сөзі: Балаларымның қолында «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауыңды тарап етемін. Мен сендердің жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.

Мұғалімнің сөзі: І тапсырма: Сауат ашу сабағынан: ІІ тапсырма: Жыл мезгіліне байланысты тапсырма. ІІІ тапсырма: Математика сабағынан: ІV Тапсырма: Дайындап келген өз өнерлерін көрсету

Еркелей біл балалық ән: Орындайтын 0 «А» сынып окушылары

1. Қыс мезгілінің тапсырмасы:

І. Әріптермен сөз құрау: А Л Б А, К Е Ә, А А Н, У А А, Ш Ш А Н;

ІІ. Салфеткамен қар жасап үйрену:

ІІІ. 1-20 дейін тура және кері кім санап көрсету.

Қос етегі бүрмелі, Аппақ көйлек киемін. Білегім мың бұралып, Қамажайды билеймін. – дей отырып

Қыздардың орындауында қамажай биін қарсы алайық:

11. Құшағыңда жарқылдап, Өтті сәби күндерім. Би биледім ән тыңдап, Алаңдауды білмедім. Бекет Арнүр

12. Біз мектепке барамыз, Қолға қалам аламыз. Кітаптыда оқимыз, суреттіда саламыз. Кадесова Аружан

13. Ән, салайық бас қоса, Даярлықпен қоштаса. Қалам, дәптер өшіргіш, Кітаптармен достаса. Махмуджан Жандаулет

14. Менде кітап аламын, Менде оқуға барамын. Жаман бала дегізбей, Жақсы оқитын боламын. Әділбек Кәусар

15. Ана тілін ардақтап, Ана салтын біз көрдік. Сурет салып, ән жаттап, Оқып жазып үйрендік. Уалихан Нұрлыхан

Ән Ұстазым: Орындайтын Жұмағали Аяжан

2. Көктем мезгілінің тапсырмасы:

І. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды ажырату.

ІІ. Постер қорғау

ІІІ. Сандарды ретімен орналастыр. 3 2 7 5 6 4 9 10 8 1

16. Міне, менде үлкен болдым, Жасым толды жетіге. Кітаптағы ертектерді, Енді оқимын өзімде. Санатұлы Әділет

17. Алтыдан өтті жасымыз, Сәбиліктен астық біз. Мектеп бізді шақырды, Қош даярлық тобымыз. Қалдыбек Кәусар

18. Даярлығым бесігім, Тағы бір той жасайық. Ашып мектеп есігін, Өзіңмен қоштасайық. Кәрімберді Асылан

19. Сезімді туған баламыз, Оянды ақыл санамыз. Адамдықтың бастауын, Өзіңнен алып барамыз. Нұрғали Айару

20. Сен үйреттің сөйлеуді, Сенде ойым есейді. Мектепке барам мен енді, Даярлық тобым қош енді. Манарбек Шыңғыс

3. Жаз мезгілінің тапсырмасы:

І. Сөздерді буынға бөліп оқып бер: (БОТА, ҚАЛА, ДАЛА, АЙНА, БАЛА)

ІІ. Салфеткадан гүл жасап үйренейік

ІІІ. Бес саусақты айту: Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

21. Ойыншықты жинаймыз, Бөбектерге сыйлаймыз. Өнер білім үйреткен, Өзіңді қимаймыз. Анарбек Іңкәр

22. Үлкендердей тап таза, Жазамыз бормен тақтаға. Үлгілі бала боламыз, Жүретіндей мақтана. Асқар Бағдәулет

23. Өзіңнен көп дос таптым, Бауыр баса бастаппын. Мұғалімім мейірбан, Келмей тұр енді қоштасқым. Рахметтолла Балкерім

24. Даярлығым қош енді, Әр кез аман бол деймін. Әкем менен шешемді, Ертіп енді келмеймін. Алматұлы Шайзар

Би: Біз мектепке барамыз.

4. Күз мезгілінің тапсырмасы:

І. Дыбыстық талдау жаса: Ана, Гүл, Сүт, Жіп, Бал, Дән, Көз, Лақ ІІ. Жеміс-жидектер мен көкеністерді ажырату: ІІІ. Есептерді шығар: 2+5= 6-3= 2+2= 8-4= 8+2=

Жарайсыңдар балалар сендер өте білімді, дарынды талатты балалар екесіңдер.

Ортаға жас бүлдіршіндерді шақырып, мақтау қағаздармен мараппаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.