Жаңа сабақтар

Беркимбекова Роза Мальтаевна

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы «Ақтоған шағын орталықты орта мектебі»

Беркимбекова Роза Мальтаевна

Мектепалды даярлық тәрбиешісі

ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕЛІК ЕРТЕҢГІЛІГІНІҢ СЦЕНАРИІ

Дыбыс тыс жерден шығады.

Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңыздар!
Балалар музыка әуенімен залға қол соғып кіріп келеді.

Жүргізуші: Балалар, біз барлығымыз жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін біздің мерекемізге кім келеді?
Балалар : Аяз ата!
Жүргізуші: Дұрыс балалар, ал Аяз ата не әкеледі?
Балалар: Сыйлықтар.

Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде жақсы көңіл күймен ән шырқайық

Ән: «Аяз ата»
(Музыка. Қоян секіріп келеді.)
Қоян: Ой, балалар, мені құтқарыңдаршы. Ол мені жеп қоямын дейді.
Жүргізуші: Кім сені ренжітті, сен кімнен қорқып отырсың?
Қоян: Кім болушы еді – қасқыр! Мен естігенмін, ол жаңа жыл мерекесінде мені қуырып жеймін дейді.
Жүргізуші: Сен бізбен бірге жүр, ешкімнен қорықпа, біз барлығымыз қосылып қасқырдан сені құтқарамыз. Ал қазір бізге қыздар тамаша би дайындады. Бәріміз бірге билейік.
Қоян: Менің де билегім келіп тұр, билесек билейік,
Би « Үнді биі».

Тақпақтар
Би біткен соң қасқыр келеді. Барлық жерді иіскеп, тістеп.
Жүргізуші: Мынау кім екен?
Қасқыр: Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыр, ең мықты, ең шапшаң, ол мен –қасқыр.
Жүргізуші: А…..солай ма? Осында қалай келіп қалдың?
Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріне әдейлеп келдім. Ал сендер қоянды көрген жоқсыңдар ма?
Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?
Қасқыр: Жай, менің қарным ашты (қарнын сипайды), ой айтып қойдым ғой.
Жүргізуші: Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны жейін деп жатсың?
Қасқыр: Мен бәрібір оны жеймін.
Қоян: Қасеке, сен мені жеме, менің саған деген мерекеге арналған сыйлығым бар. Кәне, балалар өнерлеріңді көрсетіңдер!
Ән: «Жаңа жыл мереке»
Қасқыр: Ой, қоян, сыйлығыңа рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен саған енді тиіспеймін. Жүр бірге дос болып жаңа жыл тойын тойлайық. Сау болыңдар балалар.

Шығып кетеді
Жүргізуші: Балалар, енді Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Барлығы бірге: Аяз ата, Ақшақар!

Музыка.Мыстан кіріп келеді.

Мыстан: Ха-ха-ха, ешқандай мереке болмайды. Сендердің көңілді отырғандарыңды көріп, сендердің мерекелеріңді бұзғалы келдім. Мен Аяз ата мен Ақшақарды жолдан адастырып жібердім. Олар енді келмейді. Ха-ха-ха!

Жүргізуші: Мыстан әже, олай демеңіз! Балалар Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отыр. Оларсыз жаңа жыл өтпейді ғой. Әже біз сізге би билеп берейік.

Би: «Қаршалар»

Мыстан: Ой, бәрі бір менің көңіл күйім көтерілмеді. Кетіңдер ешқандай мереке болмайды.

Жүргізуші: Жоқ Мыстан олай болмайды. Балалар бәріміз бірге Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар 2 рет
Музыка. Аяз ата мен Ақшақар кіреді. (Мыстан шыршаның артына тығылады)

Аяз ата: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Аяз ата: Мына Мыстан бұл жерде не істеп жүр? (таяғын жерге ұрып жынданады)

Мыстан: Кешіріңіздерші мені. Мен енді жақсы мыстан боламын. Кешіріңдерші мені.(басын төмен қаратады)

Аяз ата: Балалар кешіреміз бе?

Балалар: Иә
Жүргізуші: Аяз ата отырып дем алыңыз, біздің сіздерге дайындаған өнеріміз бар.
Аяз ата: Ау, қызым Ақшақар, тыңдап көрейік пе?
Ақшақар: Иә.

Музыка. Тауық кіріп келеді.

Тауық: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, балалар! Аяз ата сіз сыйлық салынған қапшықты қалдырып кетіпсіз.

Аяз ата: ай қартайған басым ай! Рахмет саған жаңа жыл.

Жүргізуші: Қандай керемет. Бізбен бірге жаңа жылымыз тауықта ән шырқап, би билейді.

Ән: «Шырша жыры»
Тақпақтар:

Аяз ата: Балалар өнерлері жақсы екен. Барлықтарың өнерлі екенсіңдер.
Ақшақар: Аяз ата, балалардың өнерлері қандай тамаша, тағы қандай өнерлерің бар, балалар, біздің көргіміз келіп тұр.
Аяз ата: Иә, Ақшақар, дұрыс айтасың.

Би: «Жігіттер»
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы шыршаның түбінде сыйлық бар сияқты. Ашып көрейік. О, Балалар бұл кім?
Балалар: Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме! Жаңа жыл құтты болсын!Жаңа жылда менімен бірге ойын ойнағыларың келе ме?

Қане, құрметті қонақтар, балалар бірге ойын ойнайық!

Ойын: «Жаңа жылдық хоровод»

Сайқымазақ: Жарайсыңдар! Бәрің керемет ойнадыңдар!

Аяз ата: Жарайсңдар балалар! Бізді басқа жақта балалар тосып қалды. Бізге кету керек. Балалар жүріңдер сендердің топтарыңа барып, сыйлықтарыңды берейін.

Жүргізуші: Жарайды Аяз ата. Құрметті қонақтар!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті болады.

«Ботақан» тобының мерекеге арнаған ертеңгілігі аяқталды. Қош сау болыңыздар. Жаңа жыл құтты болсын!
Балалар ретімен шығып кетеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.