Шактаева Самал Базыловна

Пәні: әдебиеттік оқу Мектеп: Қарағанды қаласы «№ 21 негізгі мектеп» КММ Бастауыш сынып мұғалімі
Күні:16.11.2019 ж Мұғалімнің аты-жөн: Шактаева Самал Базыловна
Сынып: 2 «А» Қатысқандар саны:17. Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Мектептегі бір күнім

Мәтін : О. Әубәкіров Жеті шал

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 2.1.2.1*- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау

2.2.3.1- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, сұрақ – жауапқа түседі, топта жұмыс жасайды. Шығарманы өз сөздерімен мазмұндайды, сахналайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырыпты болжайды, сөздердің мағнасын түсіндіреді, бір күні жайлы әңгіме жазады. Шығарманы іштей оқып, бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
Кейбір оқушылар:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастырады.
Бағалау критерийлері 1. Берілген сұрақтарды түсінеді;

2. Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

3. Тірек сөздерді қолданады;
4. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.;
5.Ортақ ой, шешім шығара алады;
6. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсат Ата – дедушка –
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Тірек сөздердің айтылуын ,есте сақтау дағдысын қалыптастыру; тірек сөздерді сабақ барысында қайталату.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті……деп ойлайсыз

1.Жеті саны қандай сан?
2. «Әдебиеттік оқу» қай күндері болады?

3. Сен қай күні демаласың?
4. Аптаның қай күні қасиетті күн?
5. Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

Алдынғы оқу Аламын білім кітаптан
Ишара Жасыл-түсіндім; қызыл-сыныптасымның көмегімен түсіндім;
сары-көмек қажет түсінбедім;
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) Ресурстар
«Шаттық шеңбер»

Балалар бір-бірімен амандасып, танысады, жылы тілек тілейді.

Балаларды бейджиктеріндегі суреттің ретімен үш топқа бөлемін.
1 тапсырма: ҰЖ
Жұмбақты шеш.

Бір ұяда – жеті жұмыртқа. (аптаның жеті күні)

Сары ,қызыл ,
жасыл , житондар
Басы

Ортасы

Дескриптор:
1. Жұмбақты мұқият тыңдайды;
2.Жұмбақтың шешуін табады;
3.Апта күндерін атайды;

Кері байланыс: «Житондар»

ҚБ « Жұлдызшалар»

2 тапсырма: ӨЖ
Мәтінді түсініп оқы.
«Жеті шал»
Автор: Оспанхан Әубәкіров
Дескриптор:

1. Мәттінің мазмұны не туралы екенін анықтайды;

2. Мәтінді жоспардың бөлігіне сәйкес мазмұндайды
3. Мәтіннің авторын атайды;
Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»

Сергіту сәті

3 тапсырма: ЖЖ

Сызбаға сүйеніп әңгімеле.
(Автор туралы мәлімет жинақтау)

Оспанхан Әубәкіров – 1934 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Балалар жазушысы. «Қоңырау», «Күлкіңіз келе ме?» т.б. жинақтары бар.

Дескриптор:

1. Автор жайлы мәліметтер айтады;
2. Бір-бірін толықтырады;
Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»

4 тапсырма: ТЖ

«Сөздің қабығын ашу» дегенді қалай түсінесің?

Дескриптор:

1. Сұраққа жауап береді;

2. Сөздің қабығын ашу сөзіне өз ойын айтады;
Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»

5 тапсырма:ТЖ

Аптаның бір күнін таңдап ал. Сол күнгі сабақтарың жайлы әңгімеле.

1.Апта күндерін атайды;

2. Апта күндерінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді;

3. Сабақтары жайлы әңгімелейді,

Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»

6 тапсырма:ӨЖ

Бір-біріңмен мына үлгі бойынша әңгімелесіңдер:

-Сен қай күні демаласың?
-«Әдебиеттік оқу» қай күндері болады?
-Аптаның қай күні – қасиетті күн?

Дескриптор:

1.Сұраққа жауап береді;

2. Апта күндерінің ерекшеліктерін атайды ;

Кері байланыс: «житондар»
ҚБ «жұлдызшалар»

іс-қимылмен көрсетеді.

түрлі-түсті маркерлер

Сабақтың соңы Ой қорыту

Ауызша оқушыларға кері байланыс беру.

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай?

Сіздерге сабақ несімен ұнады?

Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіздер?

Үй тапсырмасы:
Хрестоматиядан М.Жаманбалдиновтың «Бір аптада» өлеңін оқы.
Дәптермен жұмыс.

Кері байланыс: «Білім ағашы»

Білім ағашы парақ

шасы стикер

Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз? Қабілетті оқушыға қосымша карточкалар беремін.

Барлық оқушылар орындай алады:

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейбір оқушылар орындай алады:

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Жұптық, топтық, өздік жұмыста жұлдызша,житондар арқылы бағалаймын. Мадақтау, марапаттау арқылы бағалауды жүзеге асырамын. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Ауызбіршілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше