Әбішева Л.П.

ӘОЖ 371-058.862

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Әбішева Л.П.

ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан

Резюме

В статье рассматривается проблема анализа на основные направления работы социального педагога.

Summary

The article considers the problem of analysis on the main directions work of social pedagogue.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық сана, бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, т.б көптеген мәселелер қарастырылған. Елбасы «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсіну керек… Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген. Әрбір болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби идеалы да осыған сай болуы керек. Күрделі экономикалық және әлеуметтік-мәдени қайта құруды, жалпымәдени кеңістікке енудің белсенді үлгілерін сипаттайтын қазақстандық қоғамның заманауи кезеңі кәсіби іс-әрекеттің барлық салаларындағы мамандарды даярлаудың сапасына талаптарды өзгертумен және арттырумен болды. Соңғы жылдары болашақ әлеуметтік педагогтардың әлеуметтік-құндылық бағдарларынан еңбекке қатынасы, таным мен білім беруге жалпы адамзаттық рухани құндылықтар ретінде қатынастарындағы күрделі өзгерістерді байқауға болады.

Мектептегі әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекше. Әлеуметтік педагог – ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші. Негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – оқушылардың әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмыс нысаны балалар мен жасөспірімдер болып табылады. Ол әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман, жеке тұлға мен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез-құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдай ларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді.

Сонымен бірге жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның, билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; баланың талантын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.

Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы – отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті, отбасындағы немесе тәлім-тәрбие мекемесіндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында, «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарды реттеп отырады.Осы оқиғалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі мүгедек оқушылар және де көп балалы отбасы, жетім, толық емес отбасы, жұмыссыз отбасы назардан тыс қалмауы керек. Білім мекемесіндегі әлеуметтік педагог мұндай балаларға жоспарлы түрде және рухани көмек ұйымдастырады. Оқушылардың отбасылық жағдайын анықтап, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасына көмек көрсетуді ұйымдастырып, баланың жеке дамуындағы ауытқуларының алдын алып түзету жұмыстарын жүргізеді.

Әлеуметтік педагог мамандығының иесі гуманист, биік рухани және жоғары деңгейдегі мәдениетті педагог-психолог, баланың білім алуына, тәрбиесіне, дамуына байланысты, оны қорғауға өзінің белсенді рөл атқаратынын түсіне алуы, тұрақты адамгершілік қағидасы, ұстанымы болуы тиіс. Белгілі бір нәтижеге жету үшін әлеуметтік педагогтың жұмысын жоспарлауды, білім мен іскерлікті орынды пайдалану, педагогтың жаңа интенсивті әдістерін меңгеру, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білу қажет. Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, оларға жеке кеңес беріп, отбасылық мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі.

Жалпы әлеуметтік педагог мынадай функцияларды атқарады:
1. Аналитикалық диагностикалық:

  • әлеуметтік диагноз жеке тұлғалық мүмкіндіктерді және әлеуметтік тұрмыстық өмір қызметін үйренеді;
  • жасөспірімдер мен баланың девиантты мінез-құлқының себептерін қарастырады, сәтсіз отбасылардың әлеуметтік себебін анықтайды.
    2. Жобалау:

  • бала тәрбиесіне және тұлғаның дамуына әлеуметтік-педагогикалық оқиға процесіне бағдарлау және жобалау;

  • тұлғаның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу процесіндегі болашағын анықтау;

  • өзінің әлеуметтік-педагогикалық жұмысын уақытылы және кезекті етіп жоспарлау.
    3. Ұйымдастырушы-қатынастық:

  • мектеп оқушыларына әлеуметтік тәрбие беру процесінде мүмкіндіктерді пайдалану, мөлтек аудан тұрғындарымен әлеуметтік тәрбие процесін жүргізу;

  • жеке және ресми қарым-қатынасты ұстау;

  • әлеумет пен оқушылар арасындағы оң және теріс іс-әрекеттерінен хабардар болу;

  • жасөспірімдер мен балалар арасындағы демократиялы, жүйелі өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, сонымен бірге жеке тұлғалық және олардың үлкендермен әрекеттеріне көмектесу.

4. Коррекциялы:

  • балалар мен жасөспірімге жанұя жағынан және әлеуметтік орта жағынан әсер ететін тәрбиенің барлық түрінде түзету жұмысын жүргізіп отыру.

Әлеуметтік педагог белгілі бір нәтижеге жетуі үшін әлеуметтік- педагогикалық жұмысты жоспарлауды, білім мен іскерлікті орынды пайдалану, педагогиканың жаңа интенсивті әдістерін меңгеруі, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білуі қажет. Әлеуметтік педагог жұмысының ең басты кезеңі мектеп оқушылары өмірінің шынайы болмысын зерттеу болса, осы зерттеу барысында алғашқы мәліметтер алу үшін сынып жетекшілерімен бірлескен жұмыстар жүргізіліп, зерттеу қорытындысы бойынша мектептің төлқұжаты жасалады. Бұл жұмыстар тәжірибеде қолданып жүрген әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі: баланың үйіне бару, бақылау, сұқбаттасу, сауалнама, анкета, жеке әңгімелесу т.б.

Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланысты жұмыс жүргізіп, ата-аналарға жеке кеңес беріп, отбасылық мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі. Бұл жұмыстар сынып жетекшісі, мектеп психологы, логопед, дефектолог маманы, тәрбие ісі меңгерушісі, жалпы мектеп әкімшілігімен тығыз жүргізіледі. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау барысында әлеуметтік педагог көбінесе психолог, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, логопед, дефектолог мамандарымен бірігеді, қиын балалармен, мектепішілік есепте тұрған балалармен, қолайсыз отбасылармен, өмірде қиын жағдайға тап болған балалармен, отбасыларымен жұмыс жасау барысында сынып жетекшілер, психолог, тәрбие ісі меңгерушісінің араласуы қажет етіледі.

Әлеуметтік педагогтың мектептегі негізгі жұмыс бағыттарының ішінде педагогикалық ұжыммен жұмыс, оның ішінде сынып жетекшілері, медициналық қызметкер, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасты үйлестіру қарастырылған.

Сонымен қатар қызмет барысындағы әлеуметтік педагог пен педагог-психологтың өзара әрекеттесудегі негізгі жұмыс бағыттарына – құқық бұзушылықтың алдын-алу; қараусыз, қадағалаусыз қалған оқушы; жаман әрекеттердің алдын-алу; салауатты өмірге баулу, денсаулыққа мән беру, ата-ана, оқушы, мұғалімдермен ағартушылық қолдау жұмыстары, «қиын» балалармен жұмыс жасау қарастырлып, біріккен жұмыс жоспары жасалынады.

Әлеуметтік-педагог оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге ақпарат тық және құқықтық көмек көрсетеді.

Әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілерінің бірлескен жұмысына жартылай жетім балалар мен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың жеке іс-қағаздарын реттеу, оқушылардың жеке қызығушылығын бақылау, есепке алу, сынып жетекшілерімен бірлесе жартылай жетім балалардың ата-аналарынан мәлімет алу, сонымен қатар әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ата-аналарының материалдық жағдайын анықтау жұмыстары жатады. Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың кітаппен және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағалау, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың әлеуметтік тұрмыс үй жағдайымен танысу, тұрғын-жай актісін жүргізу сияқты алғашқы диагностика-зерттеу жұмыстары атқарылады.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың отбасыларына, қолайсыз отбасыларда балалардың құқықтарының қорғалуы жөнінде жұмыстар жүргізу, баланың құқығының қорғалуын қадағалау тәрізді жұмыстар атқаруда тәрбие ісі меңгерушісімен біріккен жұмыстар жүргізу тиімді болып отыр.

Әдебиеттер

  1. Н.Ә.Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.12 сәуір 2017 жыл.

  2. ХалитоваІ.Р. Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері. Алматы 2006жыл

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше