Сарман М.П.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК САПАЛЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Сарман М.П. –Педагогика кафедрасының магистр оқытушысы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент

Резюме

В статье рассматривается значимость гуманизма в образовании.

Summary

The article examines the significance of humanism in education.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында,ал жас
ұрпақтың тағдыры
ұстаздардын қолында»
Н.Ә.Назарбаев

Педагогикалық рухани-адамгершілік сезімі балаға қатысты қажеттілігімен көрінеді. Бұл нысан – бұл өмірдің мағынасы басқа адамдармен, олардың өмір сүруін, жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ете алатын адамдармен қарым-қатынас жасаудан тұрады. Адамға деген сүйіспеншілік, оны түсіну ұғына білу – рухани адамгершіліктің мәні.

Орыс ғалымы Владимир Дали (1801-1872) педагогикалық рухани адамгершілік принципіне негізделген жеке тұлғаны қалыптастыруға шақырылған білімді адамға және мұғалімге тән екенін атап өтті. Балаға деген қамқорлық, оның денсаулығы, ішкі әлемі, өмірлік жағдайлары мұғалімнің оқушыға деген сүйіспеншілігінің нақты көрінісі болып табылады.

Адамгершілікке негізделген сүйіспеншілік баланың рухани табиғатын түсінуге мүмкіндік береді, кейде оны анықтау дегенді де түсіндіреді деседі. В.Сухомлинский былай дейді: «Балаға адамгершіліксіз, мейірімсіз қараған мұғалім дауыссыз әнші, үнсіз музыкант, түссіз суретші сияқты.» [1]

Педагогикалық рухани адамгершілік баланың жүрегін білуге, мінез-құлқына баға беруге, оған әсер ету әдістерін анықтауға мүмкіндік беретін құрылым десек артық айтқандық болмас. Баланы сүю сөзсіз адамгершілік келбетінен, оқуға қабілетсіздігінен, кемшіліктерінен, мінез-құлқынан және үміттерінен тәуелді. Бұл сүйіспеншілікті, баланың жетілуіне деген сенімін, оның адамгершілік сұлулығын қалыптастыруды маңызды деп білу кез келген рухани тұрғыда дамыған педагог үшін аса маңызды. Бұл көңіл-күй, қуаныш пен үміт атмосферасын қалыптастырады, жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыда дамуға маңызды рөл атқарады.

Моральдық және физикалық жазалаудан қорқу мұғалімге деген екіжүзді сүйіспеншілік тудыруы мүмкін. Негізінен, балаға шектеусіз еркіндік берілмеуі керек. Француз философы және жазушысы Жан-Жак Руссоның пікірінше (1712-1778), рухани адамгершілігі шынайы педагог әрекетіне ең қарама қарсы келетін жайт ол тапсырманы беріп одан оның орындалуын талап етпеу деседі. [2]

Педагогикалық рухани адамгершілік принципі баланың «сыртқы бостандығын» және оның құқықтарын танумен шектелмейді. Бұл адамның ішкі еркіндігін, адамның өзіндік еркіндігін түсінуін болжайды. Моральдық еркіндік оны мінсіз формула және күшті етеді, азғындық әрекеттерін, рухани сипатқа деген құштарлығын, тәуелсіздікті және өзін-өзі анықтауды жояды.Жеке тұлғаның ой еркіндігі бостандығы, болашақта тәуелсіз дамыған білімді ұрпақ тәрбиелегісі келген ұстаз үшін алдыңғы қатарда болуы керек.

Сондай атын алтынмен жазуға болатын асыл ұстаздардың қатарына Антон Семенович Макаренконы жазуға болады. А.С.Макаренко педагогикалық қызмет үшін ең алдымен тәрбие жүйесі тиісінше дұрыс атқарылуы керек деп есептеді себебі тәрбиесіз педагогиканың қыр-сырын меңгеру әсте мүмкін емес деседі.

Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың” ойлап тапқандары, себебі еш бала туа салысымен қылмыскер яки бұзық болып туылмайды, бойында ата анасынан берілген осы іспеттес сапалар болғанымен, ол жөндеуге болмайды деген сөз емес деді.

Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, Отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеді. Макаренконың айтуынша, мұғалім оптимист болуы тиіс, алдағы бақытты болашақты көре білуі керек, оқушыға оптимизммен қарау керек. Антон Семенович баланың жеке басын жанжып оқыту жүйесіне түбегейлі қарсы болды. Бұл жүйе «еркін тәрбие» деп аталды. Ол кісінің пайымдауынша, онсыз да әділетсіздігі мол қазіргі заман ауанында балаға түсінісушілік пен мейірім шапағатын төгіп, жүректі жібітуге үйрететін орта болуы керек деп есептеді. Оның түп тамыры мектеп және ұстаз екені айтпасақ та белгілі.

Макаренко жұмыс бастаған жылдары Горький атындағы колонияда көптеген педагогтар “еркін тәрбие” теориясының рухында тәрбиеленген болатын-ды. Ұсақ буржуазиялық “еркін тәрбие” теориясын жақтау балаларда эгоизмді, тәртіпсіздікті және басқа да қоғамдағы ұнамсыз қылықтарды тәрбиелейді.

Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талапты да қоя білген жөн. Макаренко адамның шығармашылық күштеріне, оның үлкен мүмкіншіліктеріне терең сенді. Макаренконың гуманизмдік қасиеті оптимизмдік қасиетпен тығыз ұштасады, әрбір тәрбиеленушінің жағымды жақтарын көре білді.

Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко оқушылардың бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды. Макаренко кейбір педагогтардың сол кездегі америка прагматистік педагогикасымен алынған “Еңбек – бүкіл мектеп жұмысының орталығы” деп аталатын дұрыс емес ұранға қарсы болды. Бұл ұран бойынша, мектеп өмірінде еңбек дағдыларына ерекше мән берілді, біржүйелі жалпы білім алуға зиян келтірді.

А.С.Макаренконың ұжым туралы еңбектері сол кездегі әрі бүгінге дейінгі көптеген білім беру ошақтарында аса бір маңызға ие «ұжым туралы ой пікірлері» бар.

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады.
“Біздің тәрбиенің міндеті – ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады”,-деп жазды А.С.Макаренко өзінің “Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары” атты мақаласында.

Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы.

Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге болады. Ұжымның негізгі заңдарының бірі “ұжымның қозғалыс заңы” деп атады Макаренко. Егер ұжым алдына қойған мақсатты орындаса, бірақ ол болашаққа жаңа мақсаттар қоймайтын болса, онда ұжым мүшелерін жігерлендіретін ұмтылыс болмайды. Ондай жағдайда ұжымның дамуы тоқталады. Ұжым әруақытта да қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет. “Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш”,-деп жазды Макаренко.

Балалар ұжымының дамуы, Макаренко бойынша, әруақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді.

Ұжымның өмір сүруінің ең негізгі заңын Макаренко ұжымның қозғалысы, өсуі және дамуы деп атады. Сол себепті балалардың бақытты болашағы мен олармен жұмыс жасайтын ұжымның байланысы айтарлықтай зор. Бұл екеуі үндесе селбесе жұмыс істегенде ғана, қоғамды оң жаққа дамыта аламыз.[3]

Қорыта келе, қазіргі ақпаратқа толы алмағайып заманда өз елінің адал ұлы болып қалу, ұлтының ұлылығын өзгелерге таныта білу – күрделі де қиын құбылыс .ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық».[2]Алексей Максимович Горькийдің « Сіз Барша Русь халқы қажет ететіндей ұлы тұлғасыз» деген Антон Семенович Макаренкоға айтқан сөзіне қарап біз ұстаздың тек оқушы емес барша ұлт, қоғам өмірінде алар орны зор екенін көре аламыз. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері дамыған осынау заманда қайталанбас кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі.

Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры–бүгінгі ұстаздардың қолында.

Мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне
еркін пайдалана білуі үшін және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызды. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуға және өздігінен білім алуға мүмкіндік алады. Себебі ұстаздың салған сара жолы ешқашан да аталмыш «сәннен» шықпайтын жүйе болып табылады.

Соған бір айта кетер нәрсе:«Антон Семеновичке педагогика ғылымы жөнінде кітап жазуға бірлескен түрде автор болуды ұсынған кезде оның қойған ең алғашқы сауалы, біз педагогиканы бүгінгі күнге жазамыз ба, болашаққа ма деген екен. Сонда бүгінгі күнге деген жауапты естігенде, оған қарсы екендігін педагогиканың бүгін ертеңі жоқ екені, педагогиканың мәңгілік әрі болашаққа бағытталған екенін түсіндірді.»[3] Сайып келгенде, біз, жарқын болашақтың кірпішін қалаушы, болашақ ұстаздар, әркез кешегіні ұмыт қалдырмай, бүгінгімен селбесіп, болашаққа даяр болып жұмыс жасай білуіміз қажет. Сонда ғана Елбасымыз айтқан «Мәңгілік Елдің» байрағын берік ұстай аламыз!

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. В.Сухомлинский «Сто советов учителю»; Киев. «Радянска школа»1984;

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2005 жылғы 16 ақпан;

  3. А.С. Макаренко «Воспитание гражданина»; Москва. «Просвещение» 1988;

Өтініш
1 Баяндамашыныңтегі, аты-жөні (толығымен) Сарман Мәншүк Пердебайқызы
2 Жұмыс орны ОҚМПУ
3 Қызметі, лауазымы Магистр оқытушы
4 Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы –
5 Баяндаманың тақырыбы ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК САПАЛЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
6 Секцияныңатауы Биология
7 Керектітехникалыққұралдар –
8 Мемлекет, қала Шымкент қаласы
9 Оқу орны, кафедра аты ОҚМПУ, Педагогика кафедрасы
10 Мекенжайы (индексікөрсетілуіміндетті) Байтұрсынов 13
11 e-mail Manshuk.sarman
12 Байланыс телефоны, факс (халықаралықбайланыскодымен) 87785891995
13 Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ) жоқ

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше