Нөкерова Құндызай Қадірбекқызы
| Мектеп | №157 жалпы білім беретін мектеп | |||||||||||||||
| Күні | ||||||||||||||||
| Мұғалімнің аты-жөні: | Нөкерова Құндызай Қадірбекқызы | |||||||||||||||
| Сынып 9 | Барлығы – 16 Қатысқандар – Қатыспағандар – | |||||||||||||||
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: | Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары | |||||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы: | Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары және резус-факторы | |||||||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.2.4.8. адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру | |||||||||||||||
| Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: Адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру | |||||||||||||||
| Оқушылардың басым бөлігі: Резус-конфликттің дамуын кезеңдерін түсіндіру | ||||||||||||||||
| Кейбір оқушылар: Адамның қан тобының тұқымқуалау заңдылығын дәлелдеу | ||||||||||||||||
| Бағалау критерийі | Адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіреді | |||||||||||||||
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар … істей алады
Қан тобының тұқым қуалау механизмін анықтайды, түсіндіреді, көрсетеді. (оқылым, айтылым,тыңдалым, жазылым); |
|||||||||||||||
| Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері
Қан топтары, кодоминирлеу, антидене, антиген, агглютинация, резус-фактор, резус конфликт, донор, реципент. |
||||||||||||||||
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер | ||||||||||||||||
| Талқылауға арналған тармақтар:
Қан топтарының тұқымқуалауын зерттеу нәтижелері баланың қан тобы ата-ананың қан топтарына байланысты қалыптасатынын және ол қатаң түрде генетикалық тұқым қуалау заңдарына сәйкес жүретінін көрсетті, өйткені …. |
||||||||||||||||
| Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?
Әйелінің резус-факторы (-) теріс, ал күйеуінің резус-факторы (+) оң, болған жағдайда ана ішіндегі баланың резус-факторы (+) оң болады. Ана үшін ішіндегі баланың оң резусты қаны қауіпті жағдай туғызады ма? Неліктен … |
||||||||||||||||
| Жазылым бойынша ұсыныстар:
Қан топтарының тұқымқуалау механизмі бойынша негізгі ұғымдарға анықтама беріңіз. |
||||||||||||||||
| Құндылықтарға баулу | МЕ жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығы негізінде оқушыларды – өмір бойы білім алуға, құрмет көрсетуге, ынтымақтастыққа, ашықтыққа баулу. | |||||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Химия, 9 сынып. 9.4.3.2 нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру | |||||||||||||||
| Алдыңғы білім | 9.2.4.4 толық және толымсыз доминаттылықты салыстыру | |||||||||||||||
| Сабақтың барысы | ||||||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||
| Сабақтың басы
1минут 6 минут |
Жағымды психологиялық ахуал туғызу және шағын топтарға топтастыру.
«Селфи» әдісібойыншаоқушыларды аттары жазылған стикерлердегі сандар арқылы 1,2,3,4 ретімен топ құрып, селфи жасайды. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнайды және оқушылар сандар бойынша құрылымдалған топтарға топтасады. Үй тапсырмасын тексеру. Тапсырма 1. Жынысты анықтау терриясын сипаттаңыздар. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Пирамида» әдісі«Сөз – сөз тіркесі- сөйлем – мәтін» ҚБ: «…сияқты…, …бірақ…», топтық бағалау |
Қосымша 1,
смартфон, |
||||||||||||||
| Сабақтың ортасы
8-18 минут 19-28 минут 29-32 минут 33-38 минут |
Тапсырма 2.
«Адам қан топтарының тұқымқуалау заңдылықтары және резус-факторы» тақырыбын инсерт әдісімен оқып шығып, қан топтарының тұқымқуалау механизмін көрсетіңіз. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Инсерт» әдісі Дескриптор: ¾ Қан топтарының тұқымқуалау механизмі бойынша негізгі ұғымдарды анықтайды; ¾ Қан топтарының тұқымқуалау механизмінің қалай жүретіндігін түсінеді; ¾ Қан топтарының тұқымқуалау механизмін көрсетеді; ҚБ: «Плюс-минус-керемет» әдісі, өзін-өзі бағалау. (мұғалім ұсынған дұрыс жауап бойынша) Тапсырма 3. «DEAL» әдісі бойынша резусы әртүрлі ата-аналар жынысы арасындағы байланысты және резус-конфликттің даму болашағы туралы анықтаңыздар. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «DEAL» әдісі Дескриптор: ¾ резусы әртүрлі ата-аналар жынысы арасындағы байланысы жайлы баяндайды; ¾ резус-конфликттің дамуын түсіндіреді; ¾ резус-конфликттің дамуы барысында туындайтын қауіпті анықтайды; ¾ резус-конфликттің даму нәтижесін баяндайды; ҚБ: «…сияқты…, …бірақ…», әдісі, топтық бағалау Тапсырма 4. Берілген қан топтарының тұқымқуалау үдерісін сызба түрінде бейнелеңіздер және F1 –дің мүмкін қан топтарын анықтаңыздар. (жеке жұмыс) 1. Р – ♀ І * ♂ ІІ гомозиготалы 2. Р – ♀ І * ♂ ІІІ гетерозиготалы 3. Р -♀ ІІ гетерозиготалы * ♂ ІІІ гомозиготалы 4. Р – ♀ ІV * ♂ ІІІ гетерозиготалы 5. Р -♀ІІ гетерозиготалы * ♂ ІІІ гетерозиготалы Қолданылатын әдіс-тәсіл: Биологиялық есеп Дескриптор: ¾ Қан топтарының тұқымқуалау механизмін көрсетеді. ¾ Ұрпақтың қан тобын анықтайды Бағалау критерий:
ҚБ. «Плюс-минус-керемет» әдісі,өзін-өзі бағалау. Тапсырма 5. Қан топтарының тұқым қуалау механизміне берілген проблемалық мәтінді оқып шығып, мәселені шешіңіздер. Қолданылатын әдіс-тәсіл: «6 неліктен» әдісі ҚБ: «…сияқты…, …бірақ…», мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы |
Слайд 3
Үлестірме қағаздар Қосымша 2 Қосымша 3 |
||||||||||||||
| Сабақтың соңы
39-40 минут |
Үй тапсырмасы
Тапсырма 6. Шынайы жағдайдағы қан топтарының тұқымқуалау механизмін бағалаңыздар. Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі ü Түсіндім – жасыл түс. ü Толық түсінбедім. Сұрағым бар – сары түс. ü Мүлде түсінбедім – қызыл. Сұрағы бар оқушылар сұрақтарын қояды. Сұрақтар талқыланып жауап беріледі. Түсінбедім деген оқушылармен де қосымша талқылаулар жүргізіледі. |
Қосымша 4
Қызыл, жасыл, сары түсті стикерлер |
||||||||||||||
| Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
| Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Мақсат бойынша саралау – оқу мақсаты Блум таксаномиясы негізінде жоспарланып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі және кейбір оқушылар үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталған. Диалог негізінде саралау менің сабақ жоспарымның өн бойында жүреді. Мұғалімнің оқушыларға тапсырмаларды түсіндіріу барысында әр оқушының қабылдау деңгейіне сай ақпартатты қарапайым не күрделі диалогті талап етеді. Сондай-ақ, ҚБ «Плюс-минус», «…сияқты…,…бірақ…», әдістері бойынша топтардың бірін-бірі және мұғалімнің оқушыларға берген бағалауында көрінеді. Барлық оқушыға диалог аясында сындарлы кері байланыс берілуі керек және берілген әрбір кері байланыс оқушының оқу дағдыларының дамуына және оқу мақсатына қол жеткізуге жұмыс жасауы қажет. Оқыту бойынша саралау сабақ жоспарым бойыншасыныпта «Селфи» әдісі арқылы психологиялық жағдай орната отырып, оқушылардың қабілеттілігіне қарай құрылымдалған топ құрымда көрініс береді. №1-3 тапсырмаларда оқушылардың рөлдерді таңдап, бөліп алуынан таңдау бойынша саралау, ал алған рөлінің күрделілігіне қарай тапсырма бойынша саралау және қабілеті жоғары оқушының орташа қабілетті оқушыға көмек беруінен қарым-қатынас формалары бойынша саралау көрініс табады.. Сонымен қатар, №4 және №6 тапсырмаларында қарапайымнан күрделіге қарай берілген биологиялық есептерді орындау арқылы әр оқушыда тапсырма бойынша өзін-өзі саралау жүреді. №3 тапсырмада қойылатын сұрақ барлық топта бірдей, бірақ оқушылардың ресурстарды пайдалану мүмкіндігіне қарай күтелетін нәтиже әртүрлі болады, осы арада ресурс немесе мәтін бойынша саралау көрінеді. Сабақтағы жылдамдық бойынша саралау №4 тапсырмада көрініс табады. Биологиялық есепті шығару барысында қабілеті жоғары оқушы оқу мүмкіндіктерін көрсете алады. |
Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?
Мен сабағымда оқу мақсатына қол жеткізу үшін қалыптастырушы тапсырмаларды қолдандым және тапсырмаларды орындауда дескрипторлар құрдым. Дескриптор деген оқушының тапсырманы дұрыс алып шығуы үшін берілетін бағыт- бағдар. . Оқушылардың тапсырмаларын бағалау үшін қалыптастырушы бағалаулар жүргіздім. Қалыптастырушы бағалау менің сабағымның өн бойында жүреді және мұғалімнің қалыптастырушы бағылауы, жұптық бағалау, топтық бағалау, өзін-өзі бағалау формаларында мынадай «Плюс-минус», «…сияқты…,…бірақ…», белсенді әдіс-тәсілдер арқылы көрініс тапты. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бутерброд» әдістері арқылы топтық және мұғалімнің бағалауы жүргізілді. Қалыптастырушы бағалауда берілген әрбір кері байланыс оқушының оқу дағдыларының дамуына және оқу мақсатына қол жеткізуге өз септігін тигізеді. «Плюс-минус», «Бір түсті маркер» әдістері арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауы және жұптық бағалау жүргіздім. Бұл әдістер оқушының өз деңгейін бағалауға жұмыс жасайды. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
– топтық ереже – биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі |
||||||||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
||||||||||||||||
| Жалпы бағалау | ||||||||||||||||
| Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)
1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты) 1. 2. Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||||||||||||
