Ишанбекова Гүлжайна Мешітбекқызы

«Алматы » күніне арналған ашық сабақтың өткізілу жоспары

№4 Бөлімше

27.09.2019 ж.

Тақырыбы: Алматы – арман қала
Өткізілетін уақыты: 10:00-10:50
Өткізілтен орны: «ЛФК» кабинеті
Жауапты мамандар: Психолог: Ишанбекова Г.М.

Тақырыбы: Алматы – арман қала.

Мақсаты:Қызмет алушыларға Алматы қаласы туралы түсінік беру. Атамекенін сүю , мақтаныш сезімдерін ояту. Топта еңбек етіп, бір – біріне деген достық ықыластарын ояту.

Сабақтың көрнекілігі мен құралдары: сурет, слайдтар, видео.

Бүгінгі сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да, дауыстап айт, ең бастысы – үнсіз қалма.»

1.«Амандасу» жаттығуы. (4 мин.)

Жүргізуші қолдарымен амандасуды ұсынады, бірақ ерекше түрде.

2. Топқа бөлу. (2 мин.)

  1. Кәусар тобы
  2. Байтерек тобы

3.Жаңа сабаққа кіріспе бөлімі: (5 мин.)

Жаңа сабақ тақырыбын тақтада көрсетілген суреттер арқылы табайық.

4.Жаңа сабақ: (5 мин.)

— видео ( өлең Алматы – ең алғашқы махаббатым)

— видео жүру барысында, балаларға баяндау:

5. Мозайка құрау.(8 мин.)

Мақсаты:Балалардың зейінін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін артырып,байқампаздыққа үйрету.

6. «Түрлі-түсті көліктер» – ойыны (5 мин.)

Мақсаты: Балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын дамыту.

Балалар бөлменің қабырғасының жаңында тұрады. Олар -гараждағы көліктер. Әр ойнаушы қолдарына жалау немесе картоннан жасалған түрлі-түсті диск ұстап жүреді.Тәрбиеші бөлменің ортасында тұрып, ойынаушыларға қарап тұрады, оның қолында 1 жалауша /2 немесе 3 бірге/, біреуін көтерген кезде сол түсті көліктердің жүрісін, дауысын келтіріп жүреді. Тәрбиеші жалауын түсірген кезде, көліктер тоқтап, бұрылып, гаражға барады. Ойын 4-6 рет қайталанады.

Ұсыныс: қызыл түсті жалау болуы мүмкін. Байқаусызда ол жалауды көтереді- белгі бойынша барлық көліктер тоқталуы қажет,

7. Өз өнері. Балалар жаттап келген өлең шумақтарын сұрау. (5 мин.)

8. Сергіту сәті. Бала, бала, балапан. (3 мин.)

9. Көрнекілік жасау. (бисер, моншақтар арқылы) (15 мин.)

Мақсаты: Қызмет алушылардың іскерлік, икемділік, төзімділік, шыдамды-лық қабілеттерін арттыру.

10.Рефлексия: (2 мин.)

11.Бағалау(1 мин.)

Тақпақ:

Ернұр:

Табиғат біздің анамыз,

Жер–Ана біздің панамыз.

Таза болса табиғат

Біз де аман боламыз.

Олжас:

Мен жерімді сүйемін,

Жеріме дән себемін.

Ауа таза болсын деп,

Жылда ағаш егемін.

Мөлдір:

Алматы астанам

Алматы бас қалам

Ардақтап атыңды

Аузымнан тастаман.

Аңсар:

Күмбездей көгінен,

Күн нұры төгілген.

Тауың бар айшылық

Жерлерден көрінген.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше