Есембаева Умит Камаловна

«Р» дыбысымен саяхат

Аяқ-қолы кемтар балаларға арналған

№2 арнайы (түзету) мектеп-интернатының

логопед мұғалімі

Есембаева Умит Камаловна

Сабақ түрі: саяхат сабағы.

Сабақ мақсаты:

  • Фонематикалық есту қабілетін, көріп қабылдауын, зейіннің шоғырлануын дамыту.
  • Сөйлеу тынысын жетілдіру, сөйлеу белсенділігін ынталандыру, артикуляциялық аппараттың қимыл қозғалысын дамыту, сөйлеу тілін, сөздік қорын толықтыру.

  • Эмоционалдық қызығушылығын тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Р дыбысының профилі, жеке суреттер, сөзжұмбақтар, суреттер.

Сабақ барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагогикалық-психологиялық дайындық.

  • Қанеки, қолымыздан ұстап, арайлап атқан күнмен амандасайық.
  • Армысың мейірімді Жер-Ана!

  • Қар мұз еріп,

  • Су көбейіп, сай салаға ағады.

    Бүршік шашып, жапырақ ашып

    Гүл бәйшешек басады.

    • Кәне балалар айтыңдаршы бұл қай кеде болады? (көктем)
  • Қазір далада қандай мезгіл?

  • Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • (Күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді, гүлдер шығады)

    • Олай болса көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?

    (Бәйшешек)

    Тақтадан бәйшешекті тапқызу.

    2. Тыныс алу жаттығуы.

    • Көз алдымызға бәйшешекті елестете отырып иіскеу арқылы тыныс алу жаттығуын орындау.

    3. Психогимнастика «Өзгеріс» ойыны

    Көктемде сонымен қатар аңдар ұйқыдан оянып, құстар жылы жақтан ұшып келеді екен ия. Мысалы аю қыс бойы ұйықтап көктемде ұйқысынан оянады екен. Әр жануардың өзінің тіршілігі басталады екен.

    • ендеше балалар біз сендермен «өзгеріс» ойынын ойнайық. Бәріміз артқа қарап тұрамыз.

    Логопед: бір, екі, үш бұрыламыз да, жануарға айналамыз.

    • Маған ашулы жолбарысты көрсетіңдер, ол бізді қалай қорқытып ырылдайды? (р р р)
  • Ал енді еркелеп отырған мысық қалай пырылдайды? (пр р р)

  • Кім қарғаның дауысын салып береді? (қарқ қарқ)

  • Енді, ағашта отырған тоқылдақты көрсетіңдерші? (тр р р )

  • Сонымен балалар бүгін қөандай дыбысты қайталайтынымзыды білдіңдерме? (РРР)

  • Ал енді мынау не? (Қасқар)

  • Ол тісін ақситып қалай ырылдайды? (Рррр)

  • «Р» дыбысын айтқанда аузымыз (Р дыбысының артикуляциясын түсіндіру, профилін көрсету).

    • «Р» дыбысын айтқанда ерніміз қандай қалыпта болады?

    Ерніміз ашылып, тісіміз көрініп тұрады. Тілдің ұшы жоғары көтеріледі. Тіл жалпақтанады. Тілдің ұшы дірілдейді. Тағы да айтып көрейікші.

    4. Артикуляциялық жаттығу

    Тіл туралы ертегі. Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде бір кішкентай үйшіктің ішінде Тіл өмір сүріпті. (еріндерін үйшік қылып көрсету)

    Арайлап таң атқанда,

    Ұйқысынан оянып тіл тұрады.

    Есігін ашып көзін ұқалап,

    Оңға солға қарайды. (Сағат)

    Далаға шығып таза ауада

    Таңғы жаттығуын жасайды. (Алтыбақан)

    Жаттығудан кейін таңғы асын ішеді. (Тәтті шырын)

    Астан соң Тіл атпен шауып ойнайды.

    Тілдің көңіл күйі өте көңілді екен. (Ат шауып келеді)

    «Құймақ» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15 сек.ұстап тұру керек.

    «Кесе» ауыз кең ашылып, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, 10-15 сек.ұстап тұру керек.

    «Саңырауқұлақ» ауызды кең ашып, тіл ұшын таңдайға жапсырып ұстап тұру керек.

    «Алтыбақан» тілді жіңішкертіп ұстап, кезекпен мұрынға, иекке қарай созу. Бірақ ауызды ашып ұстап тұру керек.

    «Тәтті тосап» жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалау, ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау.

    «Р» дыбысына сипатттама

    «Р» дыбысы қандай? Көңілді ме? Мұңдыма?

    Дауысты ма? Дауыссыз ба?

    Қандай текшемен белгілейміз?

    Тапсырма

    Р дыбысын дұрыс, анық айт.

    Алмұрт, Қасқыр, Кірпі, Марал, Ракета, Марс, Раушан,

    Тапсырма

    Р дыбысы бар жемістер мен гүлдердің атын ата?

    Раушан, қалампыр, бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ

    Алмұрт, шие, алма, анар, құлпынай

    Тапсырма

    Шашылып қалған дыбыстардан сөз құрастырыңдар.

    Р дыбысына талдау. Неше буын бар? Неше әріп бар? Неше дауыты дыбыс бар? Р дыбысы сөздің қай бөлігінде орналасқан?

    Тапсырма

    Буындары шатасып кеткен сөздерден жануарлардың аттарын құрастырыңдар.

    Тапсырма

    Мына сандардың ішінен Р дыбысы бар сандарды дөңгелекте.

    Тапсырма

    Төртінші артықты тап.

    Тапсырма

    Буын ұйқас.

    Ра ра ра бал жинады ара Ар ар ар жапалақтап қар жауар

    Ра ра ра апам менің Сара Ар ар ар жылқы деген жануар

    Ры ры ры күннің түсі сары Ыр ыр ыр көктем толы жаңбыр

    Ры ры ры тазаладым тары. Ыр ыр ыр жау жау жаңбыр.

    Ра ра ра ұшып кеді ара

    Ар ар ар тауға жауды қар

    Ыр ыр ыр шаршап қалсаң отыр.

    Мына суреттердің бірінші әріптерін қосып оқысаң ұлдың аты шығады.

    Мынасуреттердіңсоңғыәріптерінқосыпоқысаңқыздыңатышығады.

    Жасырынған қалаларды тап?

    О Р
    Т Р
    А Р
    Қ Р

    Сергіту сәті.

    Ақ қағазды мыжамыз екі қолымызбен. (логопед бірге істеп отыру керек) Сосын мыжылған ақ қағазды екі алақанымызбен жаймалаймыз. Қыртысы сәл жазылған қағазды сол қолымыздың жұдырығымен басып ұстап, оң қолымыздың жұдырығымен әр түрлі бағытта жаймалаймыз. Сосын сол қолымыздың жұдырығымен басып ұстап, оң қолымыздың жұдырығымен әр түрлі бағытта жаймалаймыз. Екі қолымызды жайып ұстап қолдың үстіңгі жағымен қағаздың ортасына дейін жайып, қалған шетін алақанымен ауыстырып жаямыз. Бес саусақты қағаздың ортасына қойып екі жаққа тараймыз. Әр жаттығу 2-3 рет қайталанады.

    Дәптермен жұмыс

    Әр дыбыстың өзінің таңбалануы болады екен. Оны біз әріп деп атайды екенбіз.

    Мынау «Р» әріпі (баспа түрі және жазбаша түрі)

    Дыбысты біз естиміз және айтамыз ал, әріпті көреміз және жазамыз.

    Қанеки осы !Р»әріпін әр қайсысымыз әр түрлі әдіспен жазып көрсетеміз.

    Фасольмен, жіппен, ауада жазу, ермексазбен жазу.

    Тапсырма

    Сурет жұмбақ шешейік.

    тыр ару ра шыға

    Тапсырма

    Жұмбақтардың жауаптарын сурет салып көрсетіңдер

    Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,

    Әр үйде бар тапқышым, кәні білші? радио

    Айдалада ақ отау

    Аузы мұрны жоқ отау. жұмыртқа

    Ұшып жүрген ақ шіркей

    Ызыңдамайды шақпайды. қар

    Өз қалпағын жасынана

    Тастамайды басынан. Саңырауқұлақ

    Тілі былдыр

    Үні сылдыр. Жаңбыр

    Құйқылжыған дала күйін

    Үй ішіне салады үйін. Қарлығаш

    Сарғыш түсті дөңгелек

    Ортасында дәні бар.

    Көрсең егер оны жеп

    Балдай тәтті дәмі бар. Өрік

    Ұшымен қазық

    Тор көзді жазық.

    Үстіне өттім

    Асыл сөз жазып. Дәптер

    Cонымен балалар біз бүгін қай дыбысты бекіттік?

    Р дыбысы дауысты ма? Дауыссыз ба?

    Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін, сендерге адемі көктемнің күнін сыйлағым келеді. Осы күндей жарқырап жүріңдер.

    Төртінші артықты тап.

    Мынасуреттердіңбіріншіәріптерінқосыпоқысаңұлдыңатышығады.

    Мынасуреттердіңсоңғыәріптерінқосыпоқысаңқыздыңатышығады.

    Жасырынған қалаларды тап?

    О Р
    Т Р
    А Р
    Қ Р

    Сурет жұмбақ шешейік.

    тыр ару ра шыға

    Бекіту.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше