Аяшева Асия Кусаинова
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: № 22 орта мектеп
Мерзімі: 11.11.2019ж.
Мұғалім: Аяшева А.К..
Сынып:3 «а» Оқушы саны:13 (1-топ)
Тақырып: Отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті (9 сабақ )
Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер:сыйластық, адамгершілік, сүйіспеншілік.
| Мақсаты:оқушыларға отбасындағы қарым – қатынас мәдениетінің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеті: – оқушыларды қарым – қатынас мәдениеті туралы білім бере отырып, әдептілік қасиеті туралы түсінік беру. – оқушыларды отбасы мүшелері арасындағы дұрыс қарым – қатынасқа үйрету арқылы сыпайылық қасиетіне баулу. – оқушыларды сыйластыққа, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. |
Ресурстар
Оқулық, дәптер, мақал –мәтел, дәйексөз, жағдаят. |
| Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 1.Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН. Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1- минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында. |
| 2.Үй тапсырмасын тексеру: | |
| 3.Дәйек сөз:
«Ата- ана бас ұзтаз» Мақал Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады |
Мағынасын түсіндіру. |
| 4.Әңгімелеу (Мұғалім сыйы)
Ата Әже Айтады ертек жан атам, Мейірімді жел жібек, Ақ сақалын салалап, Күндей ыстық құшағы Құмарымды таратам, Ет жүрегі елжіреп, Жер мен көкті аралап. «Құлыным» деп құшады. Ертегілер еліне Жан жуытпай маңына, Бір шегетін сапарды. Ас сақтайды кәрі әжем. Ардақтаймын өмірде «Бес» ап келсем, алдына Асқар таудай атамды. Биіктейді дәрежем. Әке Апа Атам айтса «Ұлым!» деп, Апам ыдыс жуады, Әжем айтар «Күнім!» деп, Мінезі оңды, биязы. Екеуінен қаймығып, Ол барында тұрады, Айтады әкем «Інім!» деп. Жайнап үйдің жиһазы. Ықыласы бір менде, Желдеткішті ашады, Бір қабағын шытпайды. Мөлдір ауа кіргізіп. Үйде, түзде жүргенде, Шұғыласын шашады Соған ұқсап бағамын. Үйімізде күн жүзіп. Қарындасым Қарындасым Қарлығаш Тал шыбықтай талдырмаш. Қанатымен су сепкен Секілді ол қарлығаш. Шілде күні шыжыған Су тасиды гүлдерге. Сырттан қарап қызығам Қуыршақтай жүргенде. – Ата-әженің мейірімі қандай әсерге бөлейді? – Әке мен ананың жылылығы деп нені айтамыз? – Отбасында қалайша татулық орнатуға болады? – Бауырмалдық дегенді қалай түсінесіңдер? – Өзің туғандарыңа сүйіспеншілігіңді қалай білдіріп жүрсің? |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
| 5.Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс
1 – тапсырма. Жұмбақтардың шешуін табыңдар. Жұмбақтардың шешуінің бірінші әріптерін пайдаланып, сөз құрастырыңдар. 2 – тапсырма. Диалогты жалғастырып айтыңдар. Әжесі мен немересі Әжесін құшақтап отырған Айдана: – Әже, ертегі айтып беріңізші, – деді. Әжесі: – … Әкесі мен баласы Әкесі Әлиге шахмат ойнауды үйретпекші болды. Әкесі: – Балам, шахмат ойыны – ой – өрісті дамытады, – деді. Әли: – … Анасы мен қызы Анасы қызы Әсемге дастарқан даярлауды үйретіп жатыр. Анасы: – Қызым, дастарқан жаю – халқымыздың қонақжай пейілін білдіреді. Әсем: -… Ағасы мен інісі Ағасы Мұрат пен інісі Қуат екеуі күнде таңертең жүгірмекші болып келісті. Ағасы Мұрат: – Қуат, сен жүгірудің қандай пайдасы барын білесің бе? Қуат: -… |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды. |
| 6.Топпен ән айту
Жан ана Сөзі мен әнін жазған: Алтынбек Қоразбаев. Өз балаңнан, артық бала, бар ма ана?! Мәз боласың жарай қалса шаруана. Теңіздіде кешіп өтіп жетпей ме, Жан ботасын сағынғанда ару ана. Ару анасың тек балаңа жан ана Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма?! Сенсіз менің айым туып алдымнан, Атым шауып бас бәйгені ала ма! Асыл ана, сенен қуат алайын Алдым сенен атар таның арайын Сененің ғана жанарыңда тұратын Мейірімді кайдан ғана табайын |
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді. |
| 7.Үй тапсырмасы:
3 тапсырма. Ата – ана алдындағы баланың парызын жалғастырып жазыңдар. |
Күнделіктеріне жазады. |
| 8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті
Енді көзімізді жұмайық. Сабақта айтылған барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналасайық. Ол сендере үнемі қуаныш сыйлап, жүректеріңді нұрға толтырсын! Көздеріңді аша қойыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Тексерген: оқу ісінің меңгерушісі:
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: № 22 орта мектеп
Мерзімі: 18.11.2019ж.
Мұғалім: Аяшева А.К.
Сынып:3 «а» Оқушы саны:14 ( 2-топ)
Тақырып:Отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті (10 сабақ)
Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер:сыйластық, адамгершілік, сүйіспеншілік.
| Мақсаты: оқушыларға отбасындағы қарым – қатынас мәдениетінің маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеті: – оқушыларды қарым – қатынас мәдениеті туралы білім бере отырып, әдептілік қасиеті туралы түсінік беру. – оқушыларды отбасы мүшелері арасындағы дұрыс қарым – қатынасқа үйрету арқылы сыпайылық қасиетіне баулу. – оқушыларды сыйластыққа, адамгершілікке, сүүйіспеншілікке тәрбиелеу. |
Ресурстар
Оқулық, дәптер, мақал –мәтел, дәйексөз, жағдаят. |
| Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 1.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында. |
| 2.Үй тапсырмасын тексеру:
3 тапсырма. Ата – ана алдындағы баланың парызын жалғастырып жазыңдар. |
|
| 3.Дәйексөз:
Ата – баланың қорғаны. Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? (оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады) |
Мағынасын түсіндіру. |
| 4.Әңгімелеу (Мұғалім сыйы) Мейірім
Нұрғали Қадірбаев Айнұр көпшіл. Үнемі өзі қатарлы қыздар мен ұл балалар арасында ойнап жүреді. Олар да Айнұрдың соңынан бір елі қалмайды. Енді, міне атасы мен әжесінің ауылымен қош айтысатын мезгіл де жетті. Әкесі – әскери қызметкер. Кезекті демалысы бітті. Жауынгерлік жаттығуларына қайта оралмақ. Атасы мен әжесі: – Балам, қайда жүсең де аман бол! Еліңді, жеріңді сүй, қорға! – деді. Айнұр қоштасар сәтте ерекше мінез көрсетті. – Ата, әже, әке, ана, бәріміз бірге тұрайық, – деді. – Кәнеки, ондай болса. Бірақ әкеңнің жұмысы бар. Ата мен әжең ауылда. Мүмкін емес қой, жаным, – деді әжесі бауырмал Айнұрды кеудесіне қысып. – Онда мен атам мен әжемнің қасында қаламын. Кетпеймін. Кім қарайды оларға? – деді төрт жасар Айнұр көзі жасаурап. – Ендігі демалыста тағы келеміз, – деді анасы. – Жоқ. Мен осы жерде қаламын. – Айнұр әкесімен, анасымен беймарал қоштасты. Қолын бұлғап қалды. Әкесі мен анасы Айнұрдың бүгінгі мінезіне қайран қалды. Әйтсе де қимай қоштасқандары жүздерінен байқалады. Ал атасы мен әжесінің кішкентай бүйрегінің бұрып тұрғанына әбден риза болды. – Кішкетай Айнұрдың бойында қандай қасиеттер бар? – Айнұрдың атасы мен әжесінің қасында қалғысы келуінің сыры неде? – Жақын адамдардың арасында қандай сезім болады? – Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі дегенді қалай түсінесіңдер? – Өзің отбасындағы жауапкершілікті қалай атқарып жүрсің? |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
| 5.Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс
4 – тапсырма. «Отбасы» тақырыбында «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар. 6 – тапсырма. Мәтінді оқып, сахналап көрсетіңдер. (Сыйласым) |
Оқушылар тапсырмаларды орындайды. |
| 6.Топпен ән айту
Жан ана Сөзі мен әнін жазған: Алтынбек Қоразбаев. Өз балаңнан, артық бала, бар ма ана?! Мәз боласың жарай қалса шаруана. Теңіздіде кешіп өтіп жетпей ме, Жан ботасын сағынғанда ару ана. Ару анасың тек балаңа жан ана Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма?! Сенсіз менің айым туып алдымнан, Атым шауып бас бәйгені ала ма! Асыл ана, сенен қуат алайын Алдым сенен атар таның арайын Сененің ғана жанарыңда тұратын Мейірімді кайдан ғана табайын |
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді. |
| 7.Үй тапсырмасы:
5 тапсырма. Ата – аналарыңа арнап ашық хатқа алғыс жазыңдар. Ашық хатты безендіріңдер. |
Күнделіктеріне жазады. |
| 8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті
Енді көзімізді жұмайық. Сабақта айтылған барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналасайық. Ол сендере үнемі қуаныш сыйлап, жүректеріңді нұрға толтырсын! Көздеріңді ашақойыңдар. |
Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Тексерген: оқу ісінің меңгерушісі:
