Жаңа сабақтар

Утеева Гулбану Усеновна

Алматы облысы,Қарасай ауданы«Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» КММ
Утеева Гүлбану

Пән: Жаратылыстану Мектеп:«Л.Н.Толстой атындағы орта

мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Жанды табиғат

Бөлімше: Адам Мұғалімнің аты-жөні:Утеева Гүлбану

Сынып:2 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Қаңқа құпиясы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 2.2.3.1 — адамның тірекқимыл жүйесінің қызметін анықтау;
Сабақ мақсаттары Барлық оқушы: адамның тірек қимыл жүйесінің қызметін білу
Оқушының көпшілігі:қаңқаның не үшін қажет екенін түсіну
Оқушылардың кейбірі:қаңқа бөліктері мен атауларын қолдану
Ойлау деңгейлері Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері -Адам денесінің дұрыс қалыптасуын түсіндіреді

-Адамның тірек қимыл жүйесінің қызметін анықтайды;

Тілдік мақсат

(тілдік емес пәнге)

Пәнге тән лексика мен терминология:

адам қаңқасының негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін сипаттайды

Пәндік лексика және терминдер Бассүйек, омыртқа жотасы, қабырға, жауырын, бұғана, сан және аяқ-қол сүйектері, қаңқа,
Талқы лауға арналған сұрақтар: -Қаңқа не үшін керек?

-Қаңқа сүйектері өсе ме?

Құндылықтарды дарыту Дене сымбатын дұрыс қалыптастыруға дағдылау
Пәнаралық байланыстар Бөлім «Менің мектебім» ортақ тақырыбы аясында, осы бөлім бойынша оқушылардың бірінші сыныпта алған білімі негізінде өз дене мүшелерін тануға, оқушының өмірлік тәжірибесін, өзін өзі бақылау тәсілдерін қолдануға бағытталған.
АКТ қолдану дағдылары Қаңқа туралы бейнежазба
Бастапқы білім Жануарлардың тіршілік үшін күресі
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер Дереккөздер/

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Кел балалар,күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

Топқа бөлу .

Стикер әкелу.Оқушыларға стикер алуларын сұраймын.Стикердің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

.1-топ «Қаңқа»

2-топ « бұлшық ет»

3-топ «сүйектер»

Жаңа тақырыпты ашу үшін бейнежазба көрсетемін.

Оқушыларға «Қайтала» деген ойын ойнатамын.

-Орындарыңнан тұрыңдар.

-Бастарыңнан сипаңдар.

-Мойныңды көрсет.

-Кеудеңді қағып қой, арқаңды көрсет.

-Ішіңді сипа.

-Қолдарыңды жоғары көтер.

-Алақандарыңды соқ.

-Аяқтарыңмен тарсылдат.

-Біз денеміздің қандай негізгі бөліктерін атадық?

-Біз неге тік жүреміз?

Психологиялық дайындық

https://www.youtube.com/watch?v=FgmHoWbuCNc

Сабақтың ортасы

25 минут

1-тапсырма Зерттеу

Белсенді оқытудың «Зерделеу мен зерттеу»кезеңі

Топтық жұмыс

«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі

Суретке карап дене сымбатыңыз дұрыс қалыптасып келе ме?

оны қалай білуге болады?

Бағалау критерийі Дескриптор:
Адам денесінің дұрыс қалыптасуын түсіндіреді; -Суреттен адам денесінің дұрыс қалыптасуын түсіндіреді

-зерттеп дәлелдер келтіреді

Тапсырма орындалғаннан кейін мақсатқа оралып, сұрақтарға түсініп жауап беріп отыруына байланысты топтарды «Бас бармақ» әдісі арқылы ынталандырып отырамын .

2.тапсырма Саралаудың «Қорытынды»кезеңі

Жеке жұмыс

«Кім жылдам»әдісі арқылы

Оқушыларға адам қаңқасының бөліктері бейнеленген суреттер мен қаңқа қызметтері жазылған карточкалар жинақтарын таратып беремін. Оқушыларға қаңқа бөліктерінің суреттері мен қызметтерін сәйкестендіруді тапсырамын

Бағалау критерийі Дескриптор:
Адамның тірек қимыл жүйесінің қызметін анықтайды; адамның қаңқа сүйектерін суретпен сәйкестендіреді

адамның тірек қимыл жүйесінің қызметтерін айтады

Қ.Б «Бас бармақ» әдісі арқылы ынталандыру .

— тамаша

— жақсы

— талпын

— тамаша

— жақсы

— талпын

Сабақтың соңы

5 минут

Қорыту

-Бүгінгі сабақтан нені білдік?

— Сабақ барысы бойынша не үйрендік?

-Сабақ мақсатына жеттік пе?

— Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасаймыз

Кері байланыс

Қызыл түсті алма-мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл-күйім көтеріңкі.

Сары түсті алма-мен тапсырманы орындай алмадым,көңіл-күйім жоқ.

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Осы сабақты жоспарлауда ең алдымен оқушылардың қажеттіліктерін қанғаттандыру мақсатында тыңдалым, айтылым, оқылым дағдыландыруды басты мақсатқа алдым.

Оқу жоспарынан алынған мақсат боынша бағалау критерийлерін құрастырып соған сай тапсырмалар таңдап, сол тапсырмаға дескрипторлар шығардым.

Оқушыларды алдымен үш топқа бөліп оларға ат бердім. Топтағы тыңдаушылардың назарын өзіме аудару мақсатында «қайтала» ойыны арқылы бірнеше сұрақтар қойдым. Жаңа сабақты ашу мақсатымен оқушыларға бейнежазбаны интербелсенді тақтада көрсеттім.

Жаңа сабақтағы 1- тапсырмада белсенді оқудың «зерделеу және зерттеу» тәсілін пайдаландым.

«Ойлан, топтас, бөліс» әдісімен тапсырманы мен топтық жұмыста ұйымдастырдым. Берілген екі сурет бойынша партада отырудың адам омыртқасына әсерін анықтау болды. Нәтижесінде оқушылар өздері отырып бір бірін бақылап зерттеу арқылы екінші суреттегі отырыстың дұрыстығын айтты.

тапсырма

2 Саралаудың «Қорытынды» тәсіліне сай

Жеке жұмыс ұйымдастырып тапсырманы

«Кім жылдам»әдісі арқылы түсіндірдім. Бұл тапсырмада оқушыларды үш деңгейде яғни А В С деңгейлі оқушыларды анықтап олармен жақын қарым- қатынас құру мүмкіндігі туды.

А деңгейіндегі оқушылар мұнда пассивті қарқын көрсетті суреттегі адам қаңқасының тек бір-екі қаңқаларын дұрыс атай алды.

В деңгейлі оқушылар адам қаңқаларын дұрыс атай алғанымен олардың қызметіне келгенде шатасулар болды.

С деңгейлі оқушылар болса қаңқа атауларымен қос олардың қандай қызмет атқаратынын атап айта алды.

Әр тапсырмадан соң мен «бас бармақ» әдісімен және ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым.

Осылайша мен мақсатыма жетемін деп ойлаймын.

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Қайтала» ойыны арқылы шығармашылық танымдарын арттыру.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы мұғалімнің бағалауы сабақтың басынан соңғы тапсырмаға дейін жүргізіеді.

— тамаша

— жақсы

— талпын

Ынталандырушы сөздер : «Жарайсың, керемет т.с.с.» арқылы бағалау.

Саралауды бағалауды

«Кім жылдам» әдісімен

ҚБ: Ынталандырушы сөздер «Тамаша, ,ғажап жұмыс жасадың»

Қ.Б. «Басбармақ » арқылы бағалау.

Жарайсыңдар балалар енді барлығымыз өз — өзімізді «басбармақ» әдісі арқылы бағалайық.

— тамаша

— жақсы

— талпын

Рефлексия-қорытынды:

Екі тапсырмада да мен бағалау үшін «Бас бармақ» әдісін алыдым.

Соңғы кері байланыс кезінде «үміт ағашын» пайдаландым. Әр оқушының алдында үш түсті алма болды.

Жасыл алма- «түсіндім»

Сары алма- «сұрағым бар»

Қызыл алма-«түсінбедім»

әр оқушы ағашқа әкеліп алманың біреуін ғана жапсыруылары тиіс.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Осы сабақта қолданылатын АКТ құралдарын рұқсатсыз қозғамауды талап етемін, берілген ақпараттарды, деректерді қажетіне пайдалануды ұстанамын

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.