Адамбай Назерке Ержанқызы

Мектеп: № 157 Жалпы білім беретін мектеп
Сабақ тақырыбы: Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары.

Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы

Күні Мұғалімнің есімі: Адамбай Назерке
Сынып: 9 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 9.2.5.2.Эволюциялық ілімнің қалыптасуындағы Ч.Дарвин

еңбектерінің рөлін түсіндіреді.

Сабақ мақсаты: 1)Эволюция ғылымы туралы білімдерін арттыру.

2)Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары мен еңбектерінің рөлін және қазіргі заман теориясының пайда болуы туралы түсіну.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Барлық оқушылар: Эволюция ілімінің қалыптасуындағы

Ч.Дарвиннің еңбектерінің рөлін түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Ч.Дарвин еңбегінің

эволюциядағы рөлі туралы ойларын тұжырымдап толық

жеткізеді.

Кейбір оқушылар: Қосымша ақпараттарды пайдалана

отырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

Білім деңгейлері қолдану, талдау, жинақтау, бағалау
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар: Оқылым-айтылым, оқылым- тыңдалым,

оқылым-жазылым. Сабақтағы жаңа берілген

ғалымдардың ( Чарльз

Лайель,Т. Мальтустың,Альфред Уоллес, Г.Гукер,

В.О. Ковалевский, С.С. Четвериков,

Г. Мендель, Н.В.Тимофеев- Резовский,

Ф.Г. Добржанский, Р.Фишер, Дж.Холдейн, С.Райт,Э.Майр,

Дж. Хаксли, И.И. Шмальгаузен)

есімдері мен термин сөздерді нақты барынша

пайдалана отырып, тілге ынталандыру.

Термин сөздерді жазудағы орфографиялық,фонетикалық

принцип дағдысын қалыптастыру.

Терминология: Табиғи сұрыпталу
Сөз тіркестері: тұқым қуалайтын өзгергіштік,

тіршілік үшін күрес.табиғи сұрыпталу, тұқымқуалаушылық

дискретті.

Құндылықтарды дамыту Мәңгілік ел- тарихтың мәдениетпен тілдің біртұтастығы.

Сын тұрғысынан ойлау, топ болып жұмыс істеп, бір- бірімен

қарым- қатас жасау мәдениеті, бір- біріне құрмет жасау,

сыныптасын тыңдай білу, ой-пікірлерімен санасу, өз ісіне

жауапкершілікпен қарау, шығармашылық қабілетін арттыру.

Пәнаралық байланыстар География- Оңтүстік Америка материгінің бойымен

жылжу барысында байқаған туыстығы жақын

жануар түрлері. Галапагосс аралдарындағы жақын туыстың

түрлері бір-бірінен болмашы ғана ажыратылған.

АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуын түсінді.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы

12 мин

1.Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3.Шаттық шеңберін ұйымдастырамын.

Барлық оқушылар тақтаның алдына шығып, шеңбер құрып,

бір-біріне жақсы тілектер айтып, сыныпта ынтымақтастық

атмосферасын құрады.

4.Суреттер арқылы топқа бөлу. Оқушыларға түрлі

суреттер таратып беремін (жануарлар, жеміс- жидектер,

құстар.).Суреттердің біркелкілігіне қарап

оқушыдан топқа бөлінеді.

«Ыстық орындық» әдісін қолдана отырып үй

тапсырмасын сұраймын.Әр топтан бір оқушы шығып

тақтаның алдындағы орындыққа отырып, өткен тақырып

бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Орындық,

суреттер

Ортасы

20 мин

Жаңа тақырыпқа байланысты презентация көрсетемін.

Мәтінмен жұмыс

«Ойлан,бірік, бөліс» әдісі арқылы Ч.Дарвиннің

эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары.Эволюцияның

қазіргі заман теориясының пайда болуы тақырыбының

мазмұнын түсіндіру мақсатында әр топқа тапсырма беру.

I- топ Ч.Дарвиннің өмірі мен еңбектері.

II- топ Ч Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі

принциптері

III- топ Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда

болуы

Барлық топтар өздеріне берілген тапсырмаларды

уақтылы орындап,постер түрінде қорғайды.Әр топ өз

тапсырмаларын қорғап болғаннан кейін, үш топ бірігіп

қорытынды шығарады.

Критерий Дескрипторлар
Эволюция ілімінің

қалыптасуындағы

Ч.Дарвиннің еңбектерінің

рөлін түсіндіреді.

1) Мәтінді толық меңгерді.

2) Мәтіндегі термин

сөздердің мәнін ашты.

3) Ч.Дарвиннің

эволюциялық ілімінің

негізгі қағидаларын толық ашып айтты.

Сергіту сәті. «Австралия жалыны» сағат тілімен қол

және аяқпен жұмыс.

1. Ысқылау

2. Шыртылдату

3. Шапалақтау

4. Аяқты ұру

5. Марш жасау

Интер-

белсенді

тақта,

плакат,

стикер,

маркер,

желім,

жапсырма

қағаздар

Аяқталуы

8 мин

«Аяқталмаған сөйлем» әдісін пайдалана отырып

сабақты қорытындылаймын.

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер

жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне

жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады.

-бүгінгі сабақта мен түсіндім, …………, білдім,……….

көзімді жеткіздім.

-бүгін сабақта қуантқаны ………………

– мен өзімді ……….. үшін мақтар едім.

-маған ерекше ұнағаны ………….

-сабақтан соң менің ойыма келді …………….

-бүгін маған сәті түсті……………

-бүгінгі сабақта қызық болғаны ……….

– …………….қиындық тудырды.

– менің түсінгенім …………….

стикер
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Мен бүгінгі өткен сабағымның ұйымдастыру

кезеңінде жеміс-жидек, жануарлар, құстардың

суреттерін қолдана отырып сыныпты 3 топқа

бөлдім. Ондағы басты мақсатым оқушылардың

пәнге, сабаққа деген қызығушылықтарын

арттыру болды.Ал өткен тақырыпты еске түсіру

барысында «Ыстық орындық» әдісін

қолдандым. Бұл әдісті қолданудағы мақсатым

оқушының өкен тақырып бойынша қойылған

сұрақтарға жылдап жауап бере отырып сабаққа

деген белсенділігін арттыру.Жаңа сабақты ашып,

түсіндіру мақсатында алдымен үш минуттық

презентация көрсете отырып «Ойлан,

бірік, бөліс» әдісін қолданып, топпен жұмыс

істедім.Барлық топқа мәтінмен жұмыс істеп,

постер қорғау тапсырмасын бердім .Тапсырма

біреу болғанымен әр топтан, әр оқушыдан жеке-

жеке нәтиже күттім. Оқушылар тапсырманы

орындау барысында өзімнің берген

ресурстарымды және басқада әртүрлі

ресурстарды қолданып,постер ретінде қорғады.

Үш топ өздерінің постерларын қорғап болғаннан

кейін жалпы бүгінгі тақырып бойынша,

оқушылардың әрқайсысының өздеріне бүгінгі

сабақта нені түсініп, түсінбегенін , ненің қызықты

болғанын, қандай ой түйіндегенін,бүгінгі сабақта

ненің қиындық тудырғандарын «Аяқталмаған

сөйлем» әдісін қолдана отырып,мұғалімге

арналған жеделхат тақтасына

стикер арқылы іліп сабақты саралап,

қорытындыладық.

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.

Топпен жұмыс істеу кезінде өзін-өзі бағалау және

өзара бағалау бұл оқыту үдерісін жақсарту үшін

оқушыларды өз жұмысының сапасына

қатыстырып және оны қалай жақсарту керектігіне

көмектеседі.Сыныптастарын бағалау оқушыға

бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға

мүмкіндік береді.Осылайша оқушылар бір-біріне

үйреніп және бірін-бірі қолдайды.Бұл оқыту

үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талдау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыруға мүмкіндік береді. Сыныптасын және

өзін-өзі бағалау кезінде оқушы өзіне үлкен

жауапкершілікті алып, қабілетін дамытуына көмектеседі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше