Муратова Луиза Сейфуллаевна

Пән: Жаратылыстану

Күні: 04.12.2018 ж

Сынып: 3 «Ә»

Мұғалімнің аты-жөні:
Муратова Луиза Сейфуллаевна

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ тақырыбы Қан айналым жүйесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.4 қан айналымы жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: қан айналымы жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттайды.

Көптеген оқушылар: қанайналым мүшелерінің қандай болатынын және қалай аталатынын түсінеді.

Кейбір оқушылар: қанайналым жүйесін құрайтын мүшелерді тап береді.

Бағалау критерийлері
  • қан айналымы жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттайды.
  • қанайналым мүшелерінің қандай болатынын және қалай аталатынын түсінеді.
  • қанайналым жүйесін құрайтын мүшелерді атап береді.
Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология:

Жүрек,артерия, вена,капилляр.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қоректік заттар ағзамызға қалай келеді?

Оттек қалай келеді?

Қалдық заттар мен көмірқышқыл газ ағзамыздан қалай шығады?

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Адам туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.
АКТ қолдану дағдылары Суреттер.
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім Оқушылар 1 және 2 сынып бағдарламасынан адам ағзасының негізгі мүшелері мен олардың функциялары туралы біледі, қозғалыс үшін бұлшық еттің жиырылу рөлін түсіндіреді, денесіне қалай дұрыс күтім жасау керектігін, гигиенаның басты ережелерін біледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топ арасында мейірімді, бауырмал, жүректі болу сөдерін айту.

Оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мейірімді балалар» тобы

2-топ: «Бауырмал балалар» тобы

3-топ: «Ақылды балалар» тобы

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
  • Уақытты үнемдейміз!
  • Нақты,дәл жауап береміз!
  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Жұппен жұмыс»

  1. Топ ішінде екі оқушы бір біріне сұрақ қойып жауап береді.
  • Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді.

Сұрақтар:

  1. Тыныс алу жүйесін қандай мүшелер құрайды?
  2. Ағзада ауа қандай жолдардан өтеді?
  3. Адамның тыныс алу жүйесі неден тұрады?
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған сөздер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс.

Әр топқа бір сұрақтан беріледі және оқушылар топ ішінде бір-бірімен өз пікірлерін білдіреді.

  • 1-топтың сұрағы: Жүректің қызметі?
  • 2-топтың сұрағы: Артерияның қызметі?
  • 3-топтың сұрағы: Венаның қызметі?

Бумеранг әдісі.

Оқушылар параққа бір біріне сұрақ дайындап, келесі топқа береді. Келесі топ сұрақтарға жауап айтады.

Қанайналым жүйесін құрайтын мүшелер қалай орналасқан?

Қанайналым жүйесі қандай дене мүшелерінен құралады?

Жүрек қандай қызмет атқарады?

Капиллярлар қайда орналасқан?

Дене мүшелеріне таралған соң қан не істейді?

Жедел жауап:

  • Қоректік заттар ағзамызға қалай жетеді?
  • Оттек қалай келеді?
  • Қалдық заттар мен көмірқышқыл газ ағзамыздан қалай шығады?
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Сергіту сәті

«Психологиялық бой»

«Жұдырық» арқылы өз жүрегіміздің көлемін анақтап біле алу. Оқушылар сергіту сәтін жасайды.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше