Қаракей Гүлмира Құрманбекқызы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылы
№ 158 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қаракей Гүлмира Құрманбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Адам және өсімдіктер мен жануарлар.
Сабақтың мақсаты :
1.Білімділік: Табиғаттағы және адам өмірінде жануарлар мен өсімдіктердің маңызы туралы оқушыларға түсінік беру.
2.Дамытушылық: адам және өсімдік , жануар арасындағы байланыстың оң әсерін түсіндіре отырып , логикалық ойлау, еркін сөйлеу, дағдысын
өздіктерінен қортындылау қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қамқорлық жасап күтуге елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап , ойын, әңгімелеу.
Сабақтың көрнеклігі: сурет жинағы, үлестірмелі прақтар, жұмбақтар, плакат.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
-қазір бізде қандай сабақ ?
- адам және әлем .
-Психологиялық дайындық ; Амансыңба, алтын күн !
Амансыңба ба, көк аспан!
Амансынба ба, достарым!
Сабағымызды бастайық .
Жамандықты тастайық .
Балалар бүгін аптаның қай күні ?
- Жылдың қай мезгілі ?
- Қыс мезгілінің қай айы ?
2. Өткен сабаққа шолу.
- Алдынғы өткен сабақты пысықтау , үлестірме парақ бойынша сұрақ – жауап тапсырмалары .
-Түлкі қандай жануар немен қоректенеді.
- Адам мен жануарлар арасында қандай қарым – қатынас бар.
-Түлкі мен қоянға байланысты қандай мысал білеміз.
Мұғалім: Қайырымдылық , достық – бұл бір –біріне сену, көмектесу .
Жануарлар арасында да осындай достық болатынына сену керек.
Ойын: «Кім тапқыр»
Мақсаты : оқушылардың сабақты қандай дәрежеде түсінгенін білу, жұмбақ шешуге қызығушылығын ояту, дағдыландыру.
Бұлғаңдайды құйрығы
Бір алдарлық қулығы. (түлкі)
Аузы бейне шалғы ора
Шөп емес, бірақ малды орады. (қасқыр)
Екі деңдей құлағы
Дыбыс сезіп тұрады (қоян)
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп – үлкен боп жасқанар,
Кіп кішкентай арадан .
- Жаңа білім беру.
Бүгінгі сабағымызды адам, өсімдік,жаныуардың, байланысы адам өміріндегі маңызы туралы білетін боламыз.
Сабағымыздың мақсаты: табиғат , адам, өсімдік, жануар туралы білу табиғатты сүю, қамқорлық жасау.
Олар тірі табиғаттың маңызды бөліктері. Үшеуінің арасында өте тығыз байланыс бар . Өсімдіктермен , көп жануар қоректенеді. Өсімдік жануарларды суықтан жаудан қорғайтын баспана .Ал жануарлар топырақ арасынан жол салып оған ауаның ылғалдың кіруін жақсартады.Мысалы: жауын құрты өсімдіктің қураған жапырағын топыраққа араластырады.
Топырақ шіріп өсімдікке қорек болады. Жануарлар өсімдіктің тұқымын тазартуға көмектеседі.
Өсімдіктер – адамға тағам, жылу, таза ауа сыйлайды.Дән, жеміс – жидек ,
Көкөніс өсімдіктен алынады. Ағашты адам үй салуға пайдаланады.
Жасыл өсімдіктер шаң – тозаңдыңды ұстап , ауаны тазартады. Адам өсімдіктерді өз өміріне молынан және жақсы пайдалану үшін өсімдік шаруашылығын ұйымдастырады. Олар егін шаруашылығын, бау – бақша, бақша шаруашылығында көкөніс алады.
Қандай көкөністерді білеміз?
Ал жеміс – жидектер ағашта, бұталарда өседі. Адамдар өзін сүт, май, ет сияқты тағамдармен қамтамассыз ету үшін, адам көптеген жануарларды қолға үйреткен. Оларға сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы. Жануарлар мен адам бір – біріне тығыз байланысты ішсе – тағам, кисе – киім, мінсе – көлік.
Сондықтан болар қазақ халқы жануарларды жырға, мақал – мәтелге қосқан, әсіресе балаларын еркелеткенде Ботам, құлыным, Ботагөз, Құралай деп есімдер қойған.
4. Сергіту сәті. -жануарлар қимылын келтіріп орындау.
- Өз бетімен жұмыс. – ұнаған аңды бояу.
6. Жеке оқушымен жұмыс. – Сурет бойынша әңгімелеп беру.
7.Ойын:«Өз мекенін тап » Мақсаты:орман жанурларын өз мекндеріне дұрыс орналастыра білу ,дұрыс ажырату.
8.Сабақты қортындылау. -Балалар бүгінгі сабақта не туралы білдік?
- Оған жауап беру үшін мына «жасырынған сөзді табу керек»
-Ол сөзді табу үшін сұрақтарға мұқият тереңірек жауап берейік.
- Қандай жануар кісінейді?
2.Аңдар қайда мекендейді?
3.Ең қорқақ жануар не?
4.Сиырдың баласын не дейміз?
5.Қандай жануар балды жақсы көреді?
6.Жануарларға ең қажетті жағдайды ата?
Жануарлардың өсімдіктердің табиғаттағы адам өміріндегі пайдасы туралы білімімізді толықтырдық, бірақ алдағы уақытта одан әрі үйренетініміз көп.
Біз осы табиғатты өсімдіктермен жануарларды жерімізді бір уыс топырағына дейін қорғауымыз керек.
Себебі бұл біздің Отанымыз – Қазақстан .Олай болса, балалар орынымыздан тұрып «Атамекен» әнін орындайық.
9. Үйге тапсырма
Оқулықпен жұмыс. Мал, өсімдіктерге бақылау жасау.
- Оқушыларды бағалау, мадақтау.
11. Сабақты аяқтау.
